Имам орыс тілді әйелдер жамағатына сәттілік тіледі

Имам орыс тілді әйелдер жамағатына сәттілік тіледі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

      Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл мешітке келген орыс тілді әйелдер жамағатымен жүздесті.

Ұстаз Жібек Қолағұлованың жүйелі дәрістерінің нәтижесінде қалыптасқан бұл жамағаттың алғашқы отырысын сөз сөйлеп ашқан бас имам әйел адамның Ислам дініндегі алар орнын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ, сөзін былай жалғады: «Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Ислам дінін ең алғаш адамзатқа жеткізгенде бірінші болып қабылдаған кісі Хадиша анамыз (р.а.) еді. Осылайша Исламның ақ туы ең алдымен бір отбасында желбіреді. Одан кейін басқа отбасыларға насихатталған дін тұтас қоғамдарға жол тартты. Ізгілікті мақсат тұтқан бұл дін тәрбиесі ұрпақтарымызға сіздер – аналардың ақ сүтімен де даритынын ұмытпайық. Осы ретте сіздердің бұл жамағаттарыныңыздың маңызы ерекше. Қала берді, бұл жерге орыс тілді әйелдер жамағатының жиналғаны көңілге қуаныш ұялатады. Мамандардың айтуынша теріс діни ағымдарға кететіндердің едәуір бөлігі орыс тілділер. Ал сіздер осы екі тілде еркін сөйлей алатын Жібек ұстаздарыңыздан сауаттарыңызды ашып, білімдеріңізді шыңдасаңыздар, әр түрлі ағымдардан өздеріңізді сақтандырған боласыздар».

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: