Мойынқұм имамдарының кезекті жиналысы өтті

Мойынқұм имамдарының кезекті жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық «Мойынқұм» мешітінде ауданның бас имамы Ерлан Абуталипұлы ауданға қарасты ауыл молдаларымен кезекті жиналысын өткізді.

Жиын барысында аудан имамы ауыл молдаларымен Тараз қаласында облыс өкілдігінде өткізілген жиналыстағы тапсырмаларды, сонымен қатар ҚМДБ-дан және өкілдіктен келіп түскен хаттарға байланысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Атап айтқанда, 2017 жылға арналған «Жылдық жоспарға» сай жұмыстар жүргізу; Атқарылып жатқан 4 бағыт жұмыстарының сапасын көтеру; Мешіт құжаттарын реттеу; «Иман» журналы «Ислам және өркениет» газетіне жазылушылардың санын арттыру; Имам-молдаларының Елбасы жолдауындағы діни мәселелерге қатысты айтылған тұстарын ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізу; Неке қию мәселесі, некенің жауапкершілігі, арнайы неке бөлмелерін жасақтау; Еліміздегі діни оқу орындарына шәкірттерді дайындау, сол сияқты басқада өзекті дүниелер қолғалды.

Мәжіліс соңында ауыл молдалары өз ойларымен бөлісіп, туындаған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: