Аналарға қамқор болайық!

Аналарға қамқор болайық!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (с.а.у.) хадисінде: «Жәннат аналарыңның аяғының астында» деп айтқанын білеміз. Осындай әйел жұртшылығына көктемнің жылы лебізін білдіргісі келген Шу аудандық «Төле би» мешіті және ауданға қарасты ауылдық мешітердің қызметкерлері аудандағы жағдайы төмен, мұқтаж әйел жандарға қайырымдылық жасады.

Мешіт қызметкерлері мұқтаж жандардың үйлерін аралап, апа-әжелеріміздің қал-жағдайларын біліп, оларға сый-сияпат көрсетіп,  азық-түліктей, киім-кешектей және  ақшалай көмек көрсетті.

Сонымен қатар аудандық «Төле би» мешітінде аналарымызға арналған дастархан жайылып, ас таратылды. Дүниеден өткен ата-бабаларға Құран оқылып дұға жасалды.

Осылайша, аналарымызға деген ерекше құрмет көрсетіліп, жүректеріне қуаныш сыйлаған дін қызметкерлері аталған іс-шаралардың жалғасатынын айтты.

Шу аудандық Төле би мешітінің баспасөз қызметі   

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: