Діни ахуалға байланысты жиын өтті.

Діни ахуалға байланысты жиын өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеудің бір бағыты – діни ахуалды зерделеу және талдау екендігі белгілі.

Осыған орай облыс әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» қолдауымен «Жамбыл облысының діни ахуалына зерделеу жұмыстарының аясында фокус-топ әдісі арқылы пікір алмасу және тиісті ұсыныстар қалыптастыру мақсатында іс-шара ұйымдастырылды.

Осы іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдар, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Жастар ісі бойынша өкілі, орталық «hибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ержан Аманбаев, теолог мамандар мен қоғамдағы діни ахуалға баға бере алатын зиялы қауым, жоғары оқу орындарының дінтану, әлеуметтану, саясаттану, философия пәнінің оқытушылары қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша келтірілген ұсыныстар мен пікірлерге сәйкес талдамалық есеп әзірленетін болады, - деп шешілді жиында.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: