Шалғайлық – қайғы-қасірет!..

Шалғайлық – қайғы-қасірет!..

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Демек, өмірді және онда болып жатқан оқиғаларды дұрыс аңғаруымыз, яғни, алғашқы түскен аяттағы «иқра» (оқы) деген бұйрықты жүрекпен сезіне отырып оқи білуге әрқашан да зәруміз. Мысалы жер сілкінісі. Жер астындағы жарықтардың салдарынан болатын зілзала апаты бізге нені айтқалы, нені ұғындырғалы тұр?

Мұндағы тағдырға байланысты сансыз хикметтермен қатар тұрғын үйлер мен түрлі ғимараттардың қаншалықты мықты немесе және сапалы салынғандығының көрсеткіші емей немене? Түркиядағы, Иран мен Пәкістандағы жер сілкіністерінің зардаптарын естіп біліп жатырмыз. Онда кейбір ғимараттар жермен жексен болып, кейбіреуіне аса зиян келе қойған жоқ. Ал сапалы тұрғызылғандарына түк те бола қоймады. Қысқасы, сапасыз құрылыс материалдарының қолданылуы және адамдардың өз ісіне салғырттығынан қоғам ауыр қайғы-қасіретке ұшырады. Осылайша "қүрылыстың зілзалаға төзімді болуы қажет» деген шарттың маңыздылығын тым кеш болса да түсіндік. Адамды да осылай салыстыруға болады. Ертең ақиретте Алланың алдына барғанда иманымыз бен істеген әрекеттерімізге қандай баға беріледі екен?!

Адам баласы өміріндегі ең үлкен сілкіністерді өзінің басынан өткізеді. Ішкі жандүниесі алай-дүлей, иманы әлсіз сапасыз ғимарат сынды әлсіз жер сілкінің өзінен құлап түсуі ғажап емес... Сондықтан, ішкі жандүниемізде болатын зілзалаға, өрттерге, цунамилер мен алай-дүлей дауылдарға қарсы төтеп беретін төзімді әрі мықты тұлғаларға зәруміз. Иманымыз, ықыласымыз, адамдармен қатынасымыз, сауда-саттығымыз, құлшылығымыз бен отбасылық өміріміз қаншалықты мықты? Тербелісі өте баяу жер сілкінісінде «сықырлай ма», әлде төзімділік танытып, өз қалпын сақтап қала ала ма?

Бұл әлем ғибратқа толы. Жаратушы Иеміз осы ғибратты құбылыстар арқылы мыңдаған белгілі жайттардан мыңдаған белгісіз жайттарға қарай перделер ашады. Сөйтіп, бұл өткінші өмірде кейде дауыл, жер сілкінісі, кейде алапат өрт, ал бірде жол апаты сияқты түрлі табиғи апаттардан үнемі сабақ алуымыз үшін бізге перденің арғы жағын көрсетеді. Осылайша бізге иллаһи тағдыр көрсетіледі, яғни қандай жағдайда кім отқа күйеді, кім суға батады, кім құлайды, кім құрдымға кетеді, кім құтылады, қысқасы барлық жағдайға өз көзімізбен куә боламыз.

Бұрынғылар: «Кісінің өз кемшілігін білгенінен артық көрегендік болмас» деген екен. Өйткені, өз кемшілігін көрген иманды кісі оны түзетуге тырысып бағады. Ал, өз кемшілігін көре алмағандар ойламаған жерден зілзалаға тап болуы мүмкін. Алла тағала былай дейді:

«Әлиф, Ләм, Мим. Адамдар «иман келтірдік» деумен ғана сыналмай, «емін-еркін қала береміз» деп ойлай ма? Расында, Біз олардан бұрынғыларды да сынағанбыз. Алла әлбетте (дін және иман түрғысынан) шыншылдарды да, өтірікшілерді де толық біледі» («Әнкабут» сүресі, 1-3 аяттар). Демек, адам баласы үнемі сынақта деген сөз. Мұндай сынақтардан сүрінбей өткендер мықтылар ал, өтпей қалғандары әлсіздердің тобына қосылады. Тіпті адамзаттың қолынан шыққан техника бағасының өзі оның сапасына қарай анықталады емес пе? Олай болса, қандай жағдайда болмасын өз нәпсімізді сын тезіне салуымыз керек. Әсіресе, маһшар күніндегі есеп беруден бұрын өз нәпсімізді есепке тартуымыз қажет. Сонда ғана кім екенімізді біле жүреміз. Оны анықтау үшін күнделікті мына сұрақтарға өзімізге қойып отыруымыз тиіс. Бірінші, құлшылыққа байланысты.

«Құлшылығымызды қалай атқарып жүрміз?», «Нәпсімізді қанағаттандыруға қанша уақытымызды жұмсаудамыз?!», «Шынайы Аллаға берілген түрде намаз оқып жатырмыз әлде, көзбояушышық па?!», «Оразаны қарсы алуға қандай дайындығымыз бар?», «Нәпіл оразаға қалай қарап жүрміз?!» т.б.

Екінші, өз міндеттеріміз жайлы.

«Отбасында ер, әке міндетін толық атқарып жүрміз бе?», «Туысқандарымызбен қарым-қатынасымыз қалай?», «Балаларымыздың тәрбиесі қай деңгейде?»,- деген сынды сұрақтар.

Осы сұрақтарға дұрыс жауап беру тек өзіміз үшін ғана емес, өзгелер үшін де маңызды. Қоғамды тұрақты дамуына үлкен септігін тигізеді және ақиретте сұрағымыз жеңіл болмақ. Сондықтан, мұсылман барлық жағынан баршаға үлгі болуға тиіс. Әсіресе, ішкі жандүниеміз... «Дүмше молда дін бұзар, шала дәрігер жан алар» деген сөз бар. Дәл сол сияқты қандай іс-жағдай болмасын, ондағы шалағайлық оны қайткенде де апатқа соқтырады.

Жаратушы Иеміздің бізге сыйлаған нығметтерінде және оның шексіз құдіретіне куәлік етіп тұрған мына ғаламның үйлесімділігінде қандай да бір кемшілік бар ма? Мұны бір ойланып көрейікші, ағайын! Құран Кәрімде: «Егер Алланың нығметтерін санамақ болсандар, санай алмайсындар (сан жеткізе алмайсыңдар)!» («Нахыл» сүресі, 18-аят) делінгендей, Алланың бізге сыйлаған нығметтерін санауға сан жеткізе алмаймыз. Барлық нәрсе толық, мінсіз және кемшіліксіз! Сондықтан, мұның жауапкершігі де ауыр болады. Сол үшін мына шексіз нығметтерді сыйлаған әлемнің Раббысын ешуақытта естен шығармауымыз керек және осы нығметтерге бола Оған шүкір, зікір етуге тиіспіз. Өйткені, Алла тағала бізге былай деп ескерткен: «Соңында, сол күні дүниеде пайдаланған нығметтер үшін әлбетте жауапқа тартыласыңдар!» («Тәкасур» сүресі, 8-аят).

Олай болса, адам баласы өзіне берілген әрбір нығметті тиісінше және Алланың разылығы бойынша қолдануы тиіс. Әйтпесе... Тіпті пайғамбарлар да жауапкершіліктен тыс қалдырылмай, олардың да есепке тартылатындығы бұлтартпас шындық. Бұл жайлы қасиетті Құран Кәрімде былай делінген:

«Әлбетте, өздеріне пайғамбар жіберілгендерді де, пайғамбарларды да сұраққа аламыз». («Ағраф» сүресі, 6-аят).

Жәннатқа баратындықтары бұ дүниенің өзінде белгілі болған және ол жайында Алланың кепілдемесіне ие пайғамбарлардың өзіне мұндай илләһи ескертудің жасалуы ойландырарлық жағдай. Ендеше бізге не жорық?! Алла тағаланың сый ретінде берген қабілеттеріміз бен мүмкіншіліктерімізді қалай пайдалануымыз керек екендігі жайында тағы бір рет жан-жақты ойланып, толғануымыз қажет емес пе?! Әсіресе, қазіргі кезде әркім өз шаңырағына ие болу керек. Өйткені, ер адам Алла алдында өз отбасына жауап береді. Отбасылық өміріміз - бұ дүние мен о дүниедегі бақытымыздың яки қасіретіміздің ең басты себебі болмақ. Мықты да, бақытты отбасы - ірге тасы Қүран Кәрім мен ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) сүннетімен пайда болған береке бастауы. Бұл құты ұяда ер мен әйел неке арқылы Алланың атымен уәделесе отырып, бір-біріне адалдық танынады. Ұрпақ өсіріп оларға тәрбие береді. (Жалғасы бар).

ОСМАН НҰРИ ТОПБАШ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: