Кенен ауылының оқушылары дін маманымен кездесті

Кенен ауылының оқушылары дін маманымен кездесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кенен ауылында ақпараттық түсіндіру тобының жұмыстарымен жүрген аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Д.Жандосұлы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Бірімқұлов кездесуді ауылдық мектепте өткізді.

Жиынға мектеп мұғалімдері және жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Оқушылармен кездесу барысында наиб имам «Жастар және дін» атты тақырыпта насихат айтып, Алла құзырында өтірік, өсек, ғайбат айту, ішімдік ішу, ата-анаға қарсы келу сынды үлкен күнә болып табылатын жаман әдеттер жайында кеңінен тоқталып өтті.

Дәуренбек Жандосұлы «Отанды сүю иманнан» тақырыбына ерекше тоқталды. Азаматтардың Отан деген қасиетті ұғымды кең түсініп, Отанға адал қызмет ету жайлы, үдемелі даму жолында ерен еңбек ету турасында әңгіме өрбітті.

Сонымен қатар ғаламтордағы діни уағыздарды тыңдауда сақтық таныту керектігін ескертіп, тек ҚМДБ қызметкерлерінің уағыздарын ғана тыңдауға кеңес берді. Жиында экстремистік топтардан сақтанудың жолдары түсіндірілді.

Кездесу соңында студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауап берілді.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: