«Мүгедек жандарға қамқор болайық» атты науқан аясында Меркі ауданында мүгедек жандармен кездесулер ұйымдастырылып, түрлі іс-шаралар жасалды.
Шара барысында ауданның бас имамы Батырбек қажы Қасымалиев аудан тұрғыны еңбек ардагері, дінде ұстаздық қызмет атқарған Бақы Забитов 1-ші топтағы мүгедек қарияның үйінде болып, көңіл-күйін аулап, сый-сыйапат көрсетіп, денсаулығына шипа тіледі. Өз уақытында бас имамның ұстазы болған қарт өз шәкіртіне ақ батасын беріп, қоштасып шығарып салды.
Біраз жылдар бойы мүгедек арбасына танылған Нағима Қасымқызы: «Келетініңізді сезіп едім» деп бас имамның үйіне бас сұқпағанын айтып, көзіне жас алды. Әрине мынандай қымбатшылық заманда дәрі-дәрмек алудың өзі қиындық тудыратыны белгілі. Имам мұқтаждың қажетті заттарына қаражат беріп, деніне саулық тілеп, марқұмдарға құран оқып шықты.
Келесі кездесу «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзету» орталығында жалғасты.
Ауданның бас имамы өз уағызында ата-ананың балаға, баланың ата-анаға міндетін, тағдыр мәселесі жайын баяндап, сабырлыққа шақырып, осындай жауапкершілігі мол қызметте жүрген ұстаздарға өз алғысын білдірді.
Жиын соңында бас имам мекеме ұжымымен жеке кездесу ұйымдастырып, еңбектеріне табыс тілеп, жаңа ғимаратқа ауысуына байланысты аудандық «Меркі ата» мешітінің атынан 5-кілем тарту етті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешіті