Ибалы қыз – ұлт болашағы

Ибалы қыз – ұлт болашағы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Қызды тәрбиелегеннің – бір ұрпақты тәрбиелегенің», - деген екен ата-бабамыз. Қызды тәрбиелеу, өсіру, бойжеткізу ең маңызды мәселе. Бүгінгі таңдағы қыз бала тәрбиесі түйіткілдің біріне айналғаны жасырын емес. Қыздарға ғибрат беріп, қазақы тәрбиені ұлықтау мақсатында  «Тараз-Ғасыр» колледжінде «Ибалы қыз – ұлт болашағы» атты семинар өтті.

Аталған жиынға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы Жастар ісі бойынша өкілі, «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ержан Аманбаев, осы оқу орнының Тәрбие және құқық жөніндегі орынбасары Бауыржан Нұралы мен психолог Кәмила Үсенқұлова қатысты.

Іс-шарада «Аяулы ана, асыл жар болу, білімге құштарлық, қыз баланың өзін-өзі ұстауы, қазіргі және бұрынғы қазақ қоғамындағы қыз бала тәрбиесі қандай» сынды тақырыптарға жауап беріліп, кездесу тартысты да қызықты өтті.

Студенттер көкейкесті сауалдарын қойып, тәрбиесі мол ғибратты жауаптар алды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: