Наиб имам қарттармен Отан жөнінде тілдесті.

Наиб имам қарттармен Отан жөнінде тілдесті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«№1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығынында» Арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар мен бірге,  "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Аманбай Ержан Мақанұлының қатысуымен «Отанды  сүю – иманнан» атты дөңгелек үстел отырысы өткізілді.

  «Жаратушы Иеміздің дінін, салт-дәстүрі мен мәдениетін толық түсінуі керек. Демек, берекелі  бірліктің кілті – ұлттар арасындағы тығыз байланыста жатыр. Отанды сүю – өз от басыңды, барша адамзат баласын сүю. Отанды сүю барша мұсылманның борышы.Туған-туыстардың,отбасы мүшелерінің   аман саулығын Алладан қалай тілесек, Отанның да есендігін, тұтастығын әркез дұғаға қосуымыз керек. Себебі, Отанымызда бірлік болмаса, біздің тірлігіміз де түзу болмақ емес. Дана халқымыз «Отан үшін отқа түс, күймейсің» дейді. Ал Ислам дінінде Отаныңды, дініңді, ар-намысыңды, жаныңды һәм дүниеңді қызғыштай қорғау міндеттеледі,» - дейді Ержан Аманбаев.

Арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар Баян Терликбаев және Дамелі Бейсенбаева мен тағы басқалары Ержан Мақанұлына «Мұсылмандар қанша топқа бөлінеді?», «Рамазан айы» туралы сұрақтар қойып, сұрақтарына жауап алды. Арнаулы әлеуметтік қызмет алушылар айтылған уағыз әңгімелерге риза болып, алғыс білдірді.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: