Жамбыл имамдарының кезекті мәжілісі өтті.

Жамбыл имамдарының кезекті мәжілісі өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 «Һибатулла Тарази» мешітінде қала және аудан имамдарының кезекті жиналысы жүргізілді. Имамдар Елбасы Жолдауын талқылап, соған байланысты жұмыс жоспарын бекітті.

Жиында ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев кадр мәселесі, жасы жеткен мамандарды зейнетке шығарып, орнына білікті мамандарды алу, бос орындарға университет, медресе сынды оқу ордаларында оқып жатқан жастарды тарту, жат ағымдармен күресу мақсатында ашылған институтқа жылына 1-2 имамнан жолдап отыру, газет-журналға жазылу, оқырман санын арттыру, қайырымдылық науқандарын көбейту, оқу-ағарту ісін дамыту, мешіттерді құжаттандыру сынды мәселелерге тоқталып өтіп, имамдарға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамдары мен қызметкерлері, қала және аудан имамдары да өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Асхат Акманбетов «Сауат ашуды ауылдық мешіттерде ұйымдастыру керек. Ауылды мекендерде дәріс жүргізетіндей жағдай жасауды қолға алсақ» – дей келе имамдардың біліктілігін арттыру, неке қию жұмысын тек аудан орталықтарында, қала және облыс мешіттерінде ғана талаптарға сәйкес жүргізу, неке бөлмесіне жөндеу жұмыстарын жасау сынды жайттарды тілге тиек етті.

«Біздің басты мақсатымыз – дінді көркейту, жандандыру, ҚМДБ бекіткен 4 бағыт бойынша жұмыс жасап, халықты сауаттандыру,» – дейді дін мамандары.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: