Дін мамандары Елбасы Жолдауын іске асыру үшін бас қосты.

Дін мамандары Елбасы Жолдауын іске асыру үшін бас қосты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Елбасының 2017 жылғы халыққа Жолдауын іске асыру мақсатында «Һибатулла Тарази» мешітінде қала және аудан имамдарының кеңесі өтті. Аталған жиынға Дін істері басқармасының бас маманы Еркебұлан Есмаханов, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі Данияр қажы Жұмабаев, «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамдары мен қызметкерлері, қала және аудан имамдары қатысты.

Бас қосуда Дін істері басқармасының бөлім басшысы Еркебұлан Есмаханов мынадай мәселелерге тоқталып өтті: Мешіт имамдары мен діни басқарма бірлесе отырып, экстремизм мен терроризмге бағытталған сайттарды анықтап, оларды жабуға ат салысу; Алдағы уақытта түзету мекемелерінде жүйелі түрде діни дәрістер жүргізу; Халықты сауатсыздықтың салдарынан шатастырмас үшін шырақшылардың діни сауатын арттыру, сонымен қатар оларды сараптамадан өткізіп тұру; Мешіт құрылысын құжаттандыру; 200 адамнан асатын кез келген орынға бақылау орнату қолға алынып жатыр. Халық қарасы мол жиналатын мешітке де бейне бақылаулар орнату.

Аталған бағыттар бойынша бүгінгі жиналыста дін мамандары өз ой-пікірін қосып, алдағы жұмыс жоспарын талқыласты.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: