Қазақстан ұстаздары Шу ауданында уағыз жүргізді.

Қазақстан ұстаздары Шу ауданында уағыз жүргізді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әлиұлы Шу ауданына арнайы шақыртылды. Қасиетті жұма күні Шу аудандық "Төле би" мешітінің жамағатымен жүздескен қонақ жиналған жұршылыққа жұма тақырыбына сай  «Иман мен Амал» турасында әсерлі уағыз–насихат айтты.

Сонымен қатар Бауыржан Әлиұлы аудандық мәдениет үйінде өткен «Діни экстремизм және жастар» атты конференцияға қатысып, мектеп оқушыларымен кездесті. Оларға қоғамдағы жат ағымдар тақырыбы турасында түсіндірме жұмыстарын жасады.

Сонымен қатар жұма күні ақшам намазы мен құптан намазында "Төле би" мешітінің жамағатын үшін Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) Мәуліт кешіне арнайы шақырытылған елімізге танымалы ұстаз-ғалымдар: Ризабек Батталұлы және Жасұлан Жүсіпбек «Құлшылық» және «Білім алу маңыздылығы» турасында насихат жүргізді.

Уағыз тыңдаған жамағат ұстаздардың айтқан өсиеттеріне дән риза болып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: