Еркек үйдің егесі, әйел үйдің шегесі

Еркек үйдің егесі, әйел үйдің шегесі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылман діні келгенге дейін Араб түбегіндегі жұрттар әйел баласын аса қадірлей қоймаған. Өйткені, тайпалардың руаралық  қырық пышақ қақтығысына көбіне әйелдер себеп болған. Олардың ар-намысын сақтай алмауынан бүтін тайпаға таңба таңылған. Сондықтан одан сақтанудың жолы қыз туса өлтіріп тастау керек деп түйген. Әрі оны іске асырған. Әрине, бұл сөз жоқ надандық.

Ислам әйел затын осыдан құтқарды. Оларды өлтіру асқан қате екенін ұғындырды. Тіпті ата-бабадан бері келе жатқан мұрагерлік құқына әйелдің де үлесі бар екенін нақтылап берді. Жаратушының алдында, ер мен әйел бірдей мәртебеге ие екені дәлелденді. Бұл әдептер – Құран аяттары мен  сахих хадистер арқылы бекітілді. Мысалы, Ниса сүресінің 124-ші аятынада: «Салиқалы істерді қылушылар, еркек болсын, әйел болсын, иман келтірсе ғана жаннатқа кіреді» – делінген.

*** 

Сонау пайғамбар (с.ғ.с) дәуірінде үлкен сахабалардың бірі  алдымен сұңқылдап жылапты да, артынан қарқылдап күліпті. Аң-таң болған жұрт себебін сұрағанда, былай депті: «Менің жылаған себебім – жаһил кезімде (исламға келуден бұрынғы күндер) бір қызым болды. Ол төрт жаста еді. Оны басқалар сияқты өлтіріп тастау үшін далаға ертіп апардым. Терең ор қазып, қызымды ішіне тірідей тастап көмдім. Қызым болса менің етігіме жабысқан құм-топырақты қолымен сүртіп «Әке, киімің бұлғанып қалды» – деп, жаны ашып шырқырады. Оған да қарамай көміп кеттім. Осы есіме түскен сайын еңіреп жылаймын» – депті. Күлетін себебім – жаһил кезімізде ұннан әртүрлі мүсін жасап, оған табынамыз да, одан кейін оны отқа пісіріп жеп қояамыз. Соған күлемін, дейді екен.

***

Ислам шариғатты бойынша өзінің ризашылығы болмаса әйел баласын күштеп күйеуге беруге болмайды. Әйелдің ұлықсатынсыз неке қиылмайды. Оған бәтуа беруге ешкімнің құқы жоқ.

            Бірақ, ислам әдебі әйелдің күйеуіне бағынышты болуын талап етеді. Өйткені, әйелді асырау мен қаржыландыру күйеуінің мойнына жүктелген. Күнделікті тіршілікке қажетті қаржы табу, соғысқа бару, отбасын асырау  түгелдей еркекке міндетелген. Ал, күйеуі әйеліне қамқоршы ретінде, оның мінез-құлқы, қарым-қатынасы  ислам тәлімдеріне сай болуын қадағалайды. Құранда: «Олармен (әйелдермен) жақсы қатынаста болыңдар» – деп, бұйырған («Ниса» сүресі, 19-аят). Бұл – исламның әйел затына көрсеткен зор құрметі.

Ислам осылай әйел затын барлық  ауыртпалықтан құтқарды.  Тіпті еш қажеттілік болмаса үйден албаты шығуға болмайды, дейді. Бүгінгі батыс демократиясы бізге түсіндіріп қойғандай, бұл әйелді кемсітушілік емес. Атам қазақ: «Еркек үйдің егесі, әйел үйдің шегесі» – деп бекер айтпаған ғой. Олар да бірдеме білген де. Егер де қазіргі қоғамымыз ислам әдебін қаламайды деп түсініп, жоғардағы шариғат үкімдерінен бас тартсақ, онда біздің болашағымыз күмәнді болғаны. Не жойылып кетеміз, әйтпегенде, дінсіз қауымға айналамыз.

Қазіргі заманда қыз баланы ислам этикасына сай тәрбиелеу өте күрделі дүниеге айналды. Әсіресе, әйел затының киген киіміне қарап «тірі шайтанды» көріп қарық боласыз. Мына сынақ әлеміндегі ең ауыр азап осы. Шіркін, Құран Кәримнің «Нұр» сүресінің 31-аятында: «Олар (әйелдер) омырауларына орамал салсын және дене көріктерін жасырып ұстасын» – дейді. Осыны түсінгенде ғой…

Бұның бәрін былай қойғанда ең үлкен қасірет осы ислам этикасын: ескінің керітартпалығы, надан мұсылмандардың  ісі, деп түсіну. Бұған – батыс демократиясы мен адам құқы жөніндегі халықаралық ұйымдардың және дінсіз ақпарат құралдарының қосып отырған үлесі ұшан теңіз. Еуропа елдерінің ең көп мән беретін шаруасы осы әйел мәселесі, нақтылап айтқанда әйел теңдігі. Бұл әйел құқығын қорғау емес, зұлымдық жасау екенін екінің бірі білмейді. Батыс ислам дүниесін бүлдірудің бір жолы – әйелдерді азғыру екенін жақсы біледі. Дені сау мұсылман мемлекеттері батысқа алдыра қоймас. Екі қосақтың арасында біз құрып барамыз. Оны тағы  түк сезбейміз. Біреу сезіп қалса, алты қырды асырып қуып тастаймыз. Бүкіл ел болып, ұйымдасқан түрде бетіне түкіріп шығамыз.

Әйел затының  «апатынан» қорыққан француздың атақты ақыны Мадам Мардироус мұсылман әйелдеріне арнайы үндеу жолдапты. Онда: «өздеріңе берілген нығметтің қадірін біліңдер. Әйелге теңдік – деген атпен жасалып жатқан қастандыққа сенбеңдер. Гүл құшақтап, салтанатты шеруге бару керемет көрініс. Негізінде бұның бәрі нәпсі құмарлығын ояту болып табылады. Мұсылман ерлерге айтарым: әйел баласына осыны түсіндіріңдер. Әйелдер жақсылық екен, деп сеніп қалмасын. Бұларға қызықпасын!» –  депті.

Қазақ айтады: «Жақсы әйел жаман еркектің есіктегі басын төрге сүйрейді»-деп. Ол рас. Ағайын арасыдағы татулық пен береке бірліктің ұйтқысы әйел. Ертеректе, бір анадан туған ағайынды бес азамат бірде,  «арамыз тату, іргеміз бөлінбейді» деп мақтаныпты. Осыны естіген әйелдері «е, мына, абысындар, біздер араз болсақ, сендердің бөлінбейтін берекелеріңді көрер едік» деген екен.

Сол сияқты сүйікті пайғамбарымыз Мұхамед (с.ғ.с): «Ақыретте күйеуі ұрған әйелдің жоқтаушысы мен боламын», «Жұмақ аналарың табынының астында», «Анаңа, анаңа, тағы да анаңа жақсылық жаса, одан кейін әкеңе», «Күйеуіне қиянат жасамайтын, оған қоса намаз оқитын әйелдер сөз жоқ жұмаққа барады» - депті. Міне, ислам әлеміндегі әйелдің орны туралы ғаламның рахым нұры осылай, депті.

Бәрімізді дүниеге әкелген аналарымыздың дәрежесі екі дүниеде де биік болсын!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: