Ғалым Ризабек Батталұлы Тараз жамағатымен жүздесті.

Ғалым Ризабек Батталұлы Тараз жамағатымен жүздесті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Тараз шаһарына арнайы "Нұр Мүбəрак" Мысыр Ислам мəдениеті университетінің ұстазы,  ғалым Ризабек Батталұлы келді.

Білікті ұстаз "Һибатулла Тарази" мешітінің жамағатымен жүздесіп, уағыз-насихат жүргізді. "Пайғамбар (с.ғ.с.) сүннеті мен Алла елшісіне деген махаббат" тақырыбында өрбіген уағыз отбасы тыныштығы, ұрпақ тəрбиесі, дұға жасау сынды тақырыптарды да қамтыды. 

Қарасы қалың жамағат көкейкесті сауалдарын қойып, дəйекті жауаптарын алды. Көпшіліктің жүрегін толқытып, рухани азық сыйлаған кездесу жұртшылықтың пайғамбарға (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілігі мен сағынышын арттырды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: