Алланың кешірімі

Алланың кешірімі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Риуаяттарда келеді: Қиямет күні Алла тағала еш ғибадат қылмаған екі инсанды алып келеді де:

-Бүгін сендерге дозаққа шешім шықты! Жүгіріңдер дозаққа! - деп бұйрық береді. Біреуі, естіген мезгілде жүгіре кетеді, екіншісі де естіген мезгілде  артына қарап-қарап ол да жүгіре кетеді.
Алла тағала тоқтаңдар! - дейді.
-Ей, пендем! Сен білмейсің бе? Дозақтың қандай ыстық от, қандай жаман екенін... Ал сен болсаң, естіген мезгілде жүгіре кеттің.
-Уа, Аллам! Білемін, дозақтың  жаман жәй екенін. Бірақ бұл дүниеде жүрген кезімде бірде-бір бұйрығыңды атқармадым, енді жоқ дегенде осы бұйрығыңды атқарайын деп жүгірдім, - деді.                                                Алла тағала екіншісінен сұрайды:
-Ей, пендем! Сен неге мен жүгір дегенде  артыңа қарап-қарап жүгірдің?
-Уа, Аллам! Сен мейірімдісің, кешіріміңнен үміт қылдым, - деді.  Алла тағала:
-Екеуіңде тең Пейішіме кіріңдер менен қорыққандарға және үміт қылғандарға сыйлығым Пейіш, - дейді.
Шындығында Алла тағала Құранда былай дейді: «Ей, өзіне қарсы ысырап (күнә) қылған пенделерім! Алланың мейірімінен үміт үзбеңдер, Расында, Алла барлық күнәлерді кешіруші » (Құран 39:53).

Ерлан БӨЛЕГЕНОВ,

«Бегалы ата» мешітінің имамы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: