Билал үшін оны сендерге бердім

Билал үшін оны сендерге бердім

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хазреті Әбу Бәкірдің құлы Әмір оның сауда жұмыстарын атқаратын еді. Көп ақша табатын еді. Өз жеке мүлкінен бөлек он мың алтын ақшасы бар еді. Әбу Бәкір Сыддықтың маңызды жәрдемшісі болып, бүкіл жұмыстарын жүргізетін еді. Бірақ ол кәпір еді. Иман келтірмейтін еді. Осы ұсынысқа орай хазреті Әбу Бәкір айтты:

-Әмірді бүкіл мал-мүлкі және ақшасымен бірге Билал үшін сендерге бердім.

Умаййа бин Халеф және басқа мүшриктер қатты қуанып, «Әбу Бәкірді алдадық» десті. Хазреті Әбу Бәкір дереу Билал Хабешидің үстіне қойылған ауыр тастарды алып тастап, аяққа тұрғызды. Ауыр қорлықтардың кесірінен ол қатты әлсіреген еді. Қолынан ұстап тікелей сүйікті пайғамбарымыздың алдына алып барды да: «Йа, РасулАлла! Билалды бүгін Алла разылығы үшін азат еттім» деді.

РасулАлла қатты қуанды. Әбу Бәкір Сыддыққа көп дұға етті.

Еркіндігіне қол жеткізген Билал Хабеши хазреттері бірден Алла та'аланың Расулына қызмет етуге асықты. Қайтыс болуына дейін қызмет етуінен айрылмады. Рұқсат берілген болса да, Хабешистанға кетпеді. Тек сүйікті пайғамбарымызбен бірге Мәдинаға хижрет етті (көшті).

Хижреттен кейін Билал Хабеши хазреттері бір күні Мәсжиди Нәбидің ішінде қуанышпен секіріп, бір орында тұра алмай билеп жатқан еді. Хазреті Омар бұл жағдайды көргенде одан сұрады:

-Йа, Билал, бұл не жағдай? Бұл жердің мешіт екенін ұмыттың ба?

-Менің бұл жағдайыма не болыпты? Қаласаң, барып осы күйімді РасулАллаға айтып берейік, қате істеген болсам, тәубе етемін, ендігәрі бұлай істемеймін.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: