Мүбәрак Рамазан

Мүбәрак Рамазан

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ооо, Рамазан салқын сенің самалыңнан
Мейірімді Алла берген жамалынан,
Жәннәтың кілті болған Рамазанда,
Алла жазсын Пайғамбардың (с.а.с) амалынан

Құр қалмайық, сахабалар сауабынан 
Бастартып, күнделікті қалауыңнан 
Айтқанын істетпей қоймайтын еш
Нәпсінің шыға аласың қамалынан 
Құран оқып, жас шығар жанарыңнан
Жауабын ал бар сұрақ сауалыңа 
Қайдан келдім, 
не үшін, барамын қайда?
Аш рухың жақсарар жағдайынан
Құран үнін шығарып таңдайыңнан 
Періштелер кете алмас маңайыңнан
Алланың бөленіп Хақ нұрына
Жарқырап ашық болар қабағыңда
Сипап кетер періште кеп самайыңнан 
Мөр басар мұсылман деп маңдайыңа 
Қараңғы суық, қабірде Құран саған 
Жолдас болар кетпейтін еш маңайыңнан

Асыға ЖЕТТІМ АҢСАДЫМ!!!
Құрметпен сені қарсы алдым!
Рамазан айы Қош келдің!)
Сұлтаны болған барша айдың 
Ықыласқа адамдар тұрақталды, 
Зұлымдық бұл айда тұзақталды.
Алланың әмірімен барша жұртқа 
Жетпіс есе сауаптар ылайықталды
Адамзаттың бітпеген еш сұрақтары
Құран бізге ақиқаттан сыр ақтарды
Бұл айда Жебірейіл періште кеп 
Пайғамбарға Құраннан шумақтады!
Жүректің жағып, өшіп қалған шырақтарын,
Құран оқып, тазарып санам шуақталды!
Рамазанның Құрметіне еселенген 
Беске тапсырайық Алланың сынақтарын!


Лаззат  Мырзаш

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: