Әке - асқар тау...

Әке - асқар тау...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Әке – әркімнің сүйенер тіреуі. Әке әркімге қымбат. Әкені ардақтай білу керек, өйткені ол отбасының ең басты мүшесі, яғни отағасы. «Әкеге қарап ұл өсер» дегендей әкенің балаға үйретері көп. Ол өзінің болашағына алаңдап ойланып толғанады. Ол болашақта баласының жақсы болуын қалайды. Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке - асқар тау» деп бекер айтылмаған. Әркім өз әкесін әрқашан өзінен жоғары ұстауы керек. Әкені ардақтау - әркімнің міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады. «Әке көрген оқ жонар». Бұл да әкеге байланысты ардақты айтылған сөз. Мен әкенің бойынан күш - жігерді, батырлықты, батылдықты, қайсарлықты, білімділікті, барлық қасиеттерді көруге болады деп ойлаймын. қарап отырсақ әкенің де түр - түрі болады. Бірі ақылды, білімді болса, бірі жігерлі, қайратты, енді бірі батыр да батыл, қайсар болып келеді. Ал енді бірінің бойынан осы айтылғандардың бәрін көруге болады. Барлық адамдар әкені құрметтеуі, қастерлеуі, аялауы, оны өзінен жоғары ұстауы керек. 

Әке жайлы айтайын...
Әкең тiрi түсiнбейсiн әлiде
Әкең Барда көз салмайсын әрiге
Әкең өлсе түс көргендей боларсын
Түсiне алсаң түсiнерсiн бәрiне

Ей,бауырым жиiркiме әкеңдi
Желкесiне асырып ап көтердi
Балама деп талай тәттi әпердi
Ол тiрiде бағасына жетпесең
Ол өлген соң түсiнерсiн қатеңдi

Тiрiсiнде қадiрiн бiл құрметте
Тәттi сөзбен айналасын өрнекте
Бетiн қағып бағасына жетпесең 
Әкешiңдi орнына қой сенделтпе.

Әкең Барда бiлсең өзiң төресiн
Әкең барда асқар таусын төбесiн
Әкең сенiң айналаға айбатың
Қорқынышты әкең өлсе көресiн

Перзентi бол бiр Аллаға жүгiнер
Әкең өлсе жан жүрегiң үгiлер
Өлгеннен соң өкiнiште пайда жоқ
Түсiнiңдер ей әкесi тiрiлер

Әке менен Ана деген асыл жан
Зулап күндер өтiп барар қасымнан
Әкелердiң қымбаттығын бiлгейсiң
Әкесi жоқ өлен жазған ақыннан

Өлмейдi Деме Әкеңдi,
Бiр күнi олда сүрiнер
Орыны сонда бiлiнер
Жүрегiң мың сан тiлiнер
Ей,әкесi тiрiлер!!!


Өлеңнің авторы: Айкен Баймурат 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (107)

Оқи отырыңыз: