Жақсы іске бастамашы бол

Жақсы іске бастамашы бол

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қайырлы іске жол көрсетуші, сол істі өзі жасағанның сауабын алады. Алла тағала қайғылы кісіге (сөз немесе іспен) жәрдем бергендерді сүйеді», – деген.

Ізгілікке жол көрсету төмендегі нәрселермен болады:

  1. Тілімен
  2. Ісімен
  3. Кеңес сұрағанда тура жауап берумен
  4. Баспасөз беттерінде жақсылыққа жол көрсетумен.

«Қайырлы» сөзінің астарына ақыреттік және дүниелік істер кіреді.

«Қайғылы кісілер» – өмірдің әртүрлі сынақтарына ұшырағандар және ойлаған жақсы мақсаттарына жете алмай жүргендер. 

Қолдарында мүлкі бар азаматтар өмірдің тауқыметіне ұшыраған қарттар мен жетім-жесірлердің жағдайына қарайласып, жәрдем береді. Жағдайы келіп тұрып жақсылық жасауға шамасы келмей қалғандары төсек тартып қалса да сау кезіндегі жасай алмаған ізгі амалдарын балаларына өсиет етіп кетеді. Кейбір дәулетті кісілер Алланың берген мал-дүниесін мешіт, медреселердегі білім алып жатқан шәкірттерге жұмсайды. Бүгінгі таңда әртүрлі қайырымдылық қорларын ашуға болады. Осындай қорларлың себебімен қоғамдағы қиналып жүргендерге қол ұшын беру сенімді әрі сауапты жол. Имам Мүслим риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): « Исламда теріс пиғылды (халықты тонайтын, арасына іріткі салатын, бүлік шығаратын) топтар болмайды» – деген. Пайғамбарымыздың  (с.ғ.с.) және бір сөзінде: «Қандай да бір жамағат Ислам келгенге дейін бір жақсы істе берік болса, Ислам келгеннен кейінде олардың жақсылығы арта түседі» – деген. Ислам тарихында мәртебелі одақтастық (Хилф әл-фудул) келесімін түзу барысында кеңеске әкесінің бауырларымен бірге болашақ елші Мұхаммедте (с.ғ.с.) қатысқан еді. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзіне Алланың елшілігін арқалау міндеті жүктелгеннен кейін: «Мен Абдулла ибн Жудғанның үйінде сондай бір одақтастық келісімге қатыстым, өзім үшін оның орнына қызыл түйелердің (сол тұста Арабтарда мұндай түйелер өте құнды саналатын)  болуын қаламаймын. Егер Исламда да сондай одақтастық келісімге шақырылсам, әлбетте, қабылдар едім», – десе. Келесі бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамдар арасында бүлік (фитна) шыққанда өзін содан сақтаған кісі деп (үш мәрте қайталады) және қиыншылық келгенде сабырлы болған адам-бақытты» – деген. Алланың елшісі үнемі өзінің дұғасында фитнадан сақтауын Алладан сұрап үмметеріне де осыны өсиет етер еді. Алла сақта деп дұға жасап жүрседе сол фитнаға жолығып қалса, келген қиыншылыққа сабыр қылуды ескертетін. Сондай адам бақытты деп атайтын. Тыныш жатқан жыланның құйрығын басқан, елдің арасына дүрбелең салып, жоқ жерден бүлік шығарған кісілер дүниенің бақытынан, тыныштығынан құр қалады. «Фитна ұйықтап жатыр, оны оятқан адам Алланың лағнатына ұшырайды» деген, қанатты сөз бар. Сабыр қылушыларға Алла Тағаланың кітабында жақсылықпен уаделер бар. Адам баласы дүниеде өмірдің қиын толқындарына соғылып, әртүрлі сынақтан өтпей жүруі мүмкін емес. Ақылды кісі өмір сынақтарын қиынсынбастан, болашағына үмітпен қарап, көңілін түсірмейді. Әрбір қйыншылықтың артынан екі жеңілдік барын Құран уәде береді. Мұсылман кісі осы уәдені қабыл алып, көңілі тынышталады. Басқаларға неге қиыншылық келмейді, неге мен ғана осыншама қиыншылыққа душар болдым демеу керек. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Үнемі өзінің басына түскен қиыншылықты адамдарға айтып жүрген адам, өзі сияқты ет пен сүйектен жаратылған пендеге Алланың үстінен арыз айтқан болады», – деген. Керісінше қиналғанын білдірместен, ісінде, сөзінде, жүріс-тұрысында бәрі жеткілікті етіп сабырлық танытқан кісіге Алла тағала оның осы пейіліне қарап беріп қояды.

Ғалымбек ЖАПЕК,

«Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: