Бала бақыты өз қолымызда

Бала бақыты өз қолымызда

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Араб халифаларының бірі елдегі бір сыйлы кісінің дәрежесін көтермекші болып, оны бір қалаға әкім етіп тағайындау туралы жарлық беріпті. Халифаның мырзасы (хатшысы) жарлықты қағазға түсіріп жатқан. Осы кезде бір сәби бала келіп, халифаның тізесіне шығып отырып алды. Халифа да оны басынан сипап еркелетіп, бетінен сүйіп, тізесінен түсірмей алып отырады.

Әкім болатын кісі мұны көріп: “Бұл бала өзіңіздікі ме?” – деп сұрапты. “Жоқ, бұл баланың ата-анасы дүние салған. Бір кісідей кісілер болатын. Мен баланы өз қарамағыма алдым. Өз баламдай қарап, өсіріп жатырмын” – деді Халифа. Әкім мына жағдайды естіп, Халифаның осыншалық мейірлі жұмсақтығына айран-асыр болып: “Менің он балам бар, жетім тұрмақ мен өз балаларыма тісімнің ағын көрсетіп жымиған адам емеспін. Олар менің алдымда безілдеп, қорқып тұрады. Сіздің бір ғана жетім балаға көрсетіп жатқан мына қамқорлығыңызға таң қаламын” – дейді.

Халифа жазылып жатқан жарлықты табанда алып жыртып тастап, маңындағыларға: “Бұл адамды әкім етіп тағайындауды мен қаламаймын. Өз балаларына осынша тасбауыр болған адам халыққа қаншалық пайда келтіреді?!” – деген екен.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: