Дін – ғылымның атасы

Дін – ғылымның атасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаратушы және Құран туралы ғылыми көзқарастар

Еліміз өз тәуелсіздігін алып, көк байрағын желбіреткелі бері халқымыз тарих ақтаңдағы болған тілі, ділі және дінімен қауышып, жаңғыртуға бет бұрды. «Шыр айлан да, таза ойлан бір иманды» деп Ибраһим Құнанбайұлы айтқандай, шынында да бір иманды шыр айналатын уақыт келді. «Иман» деген сөздің арабша баламасы «Сенім» деген ұғымды білдіреді. Кез келген адам жүрегімен қандай да бір ұлы күштің бар екендігін сезінеді. Бүкіл жаратылыс және кеңістіктегі нәрселер мұқият зерттелмесе, барша нәрсе өз өзінен пайда болып қалмағандығын және оларды бір шебер жаратушы жаратқанын сеземіз. Дүниеде Алла тағаланың барлығын білдіретін ғаламаттар көп. Олар шексіз, есебі жоқ. Мысал ретінде қарапайым гүл ұрығының химиялық құрамын тексеріп көрсек, таңдай қағасың. Бұл ұрықтың шеберлікпен жаратылғаны соншалық, ондағы нәрсе-лердің өлшемін анықтау мүмкін болса, адамзат осы нәрселерді жинап, жасанды ұрық істегенімен де бұл ұрықтан ешқашан гүл өсіп шықпайды. Осының өзінде ақыл жетпес сыр, ендеше, адамның дүниеге келуі қаншалықты мұғжиза екенін ойлап көріңіз. Құранда: «Ей адамдар! Сендерге бір мысал келтірілді, құлақ салыңдар. Сендердің Алла тағаладан өзге табынған нәрселеріңнің барлығы арнайы жиылып бір шыбын да жарата алмайды» дейді.

Әйелдің жүкті болуы кішкене нүктеден басталады. Осы кішкене нүктеден адамның қасы, құлағы, көзі, миы, жалпы барлық ағзалары түзіледі. Бар адамның жатырда жаратылуы және туылуы бірдей болғанымен де, дүниеге келгеннен кейін олардың сыртқы көрінісі, мінезі, тағдыры әртүрлі қалыптасады. Осы нәрсенің өзі Жаратушының құдіретін көрсетпейді ме?

Шариғат «Мен айттым, болды, жығыл да басыңды сәждеге қоя бер!» деген соқыр сенімге нұсқамайды. Керісінше, ислам діні адам баласын Алла тағаланың барлығына сендіру үшін ақыл, сананы іске қосу тәсілін кеңінен қолданады. Исламның бұл ерекшелігі ешбір дінде жоқ. Құран Кәрім Алла тағалаға иман келтіру үшін ақылмен жасаған қисынды қорытындыларға, сонымен қатар ғылыми дәлелдерге сүйенуді талап етеді. Алла тағала: «Құранның ақиқат екені көкіректеріне жеткенге дейін біз оларға жер көктегі, тіпті өз бастарындағы ғаламаттарды көрсете береміз» дейді.

Академик Опариннің бас-қаруымен бір топ ғалымдар 30 жыл бойы ірі химиялық зертханаларда тірі нәрсені жарату үстінде тәжірибе өткізіп, бір клеткалы тірі ағзаны да дүниеге келтіре алмады.

Эйнштейн: «Менің діни ұғымым - шексіз болған бір Рухтың бар екеніне негізделеді. Тәңірдің құдіреттілігі, оған деген терең сенімді сезіну үшін мына әлемге назар салғанымның өзі жүрегімде жарату бар деген сенімді нығайта түседі» десе, Америка медициналық пәндер академиясының мүшесі Марит Стенли былай дейді: «Өмірдегі барлық нәрсе Жаратушының барлығына куәлік беріп, Ол құдіретті және ұлы екенін дәлелдейді. Біз, ғалымдар, дүниедегі кейбір нәрселерді зерттегенімізде Жаратушының даналығы, қолы және құдіреттілігімен жаратылған нәрселерді әңгімелеумен шектелеміз».

Мұқият қарап, зер салсақ, қазіргі уақытта жаратылыстану, физика, химия, астрономия салаларындағы көптеген ғалымдар өз зерттеулерімен бір Жаратушы Құдіреттің барлығын растауда. Көп ғалымдардың пікірінше, Құдай, дін деген тұжырымдар адамзат табиғатына тән қасиет. Сондай-ақ бұл түсінікті адам баласынан тысқары күш, яғни Алла тағаланың өзі берген.

Құран және ғылым

Атеистік апиынның шыр-мауынан шыға алмай қалған санада дін мен ғылым ешқашан сорпасы қосылмас бір-біріне жат ұғым ретінде қабылданды. Бірақ қазіргі кез-де көптеген үлкен ойшылдар мен ғалымдар Жаратушы құдіреттің, яғни жалғыз Алланың барлығын растап, Құранды мойындауда. Сондай ғалымдардың бірі - американдық доктор Хилл мырза: «Құран құдірет иесі Алла тарапынан түскен кітап екеніне еш күмәнім жоқ», - дейді.

Құран - адамзаттың қасиетті кітабы. Академик Ю.Крачковский айтқандай: «Исламды Құрансыз түсіну мүмкін емес!».

Құран Кәрім - діни ғиба-даттарға ғана оқылып, әруақтарға бағышталатын, о дүниенің барлығын ғана дәріптейтін немесе бақсы-балгерлер сияқты ем қолдануға арналған кітап емес. Құран - тарихи әрі ғылыми құнды мұра. Онда астрономия, биология, философия, физика, математика, космология, жағ-рапия, әдебиет, тарих қатарлы алуан ғылымдардың жиынтығы, негізі қамтылған, әрі оның ғылыми жаңалықтары барған сайын өз беделін арттыруда. Құранның түсіндіретін ақи-қаттары Інжіл мен Тауратта да жоқ. Оны егер жазу, сызу білмеген Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз жазған болса, бұл күндері ғылымның күннен-күнге ілгерлеуіне байланысты көп аяттары ғылымға теріс келуі керек еді. Бірақ, керісінше, ғылым күн өткен сайын Құранды растауда.

Енді төменде Құрандағы ғылыми аяттардан мысалдар келтірейік.

Ғаламшарлардың пайда болуы туралы атақты астроном Джеймс Жинс: «Жаратылардан бұрын дүниедегі барлық нәрсе газ күйінде болған», - дейді. Ал Құранда бұл туралы: «Сосын көкке жөнелді. Ол бір түтін еді» делінеді. Құранның бұл аяттарынан дүние жаратылардан бұрын от емес, газ түрінде болғаны байқалады.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманында Мекке қаласында ғылыми зерттеу орталығы тұрмақ, мектептің өзі жоқ еді. Солай бола тұра Құранның кейбір аяттары қазіргі таңда ғалымдардың бастарын қатырып жатқан сүбегелі тақырыптарда сөз қозғайды.

1929 жылы калифорния-лық Маунт Уилсон обсерваториясында амери-кандық астроном Эдвин Хаббл алып телескоппен ғарышты зерттеу барысында жұлдыздардың жерден алыс-тауын байқаған. Хаббл көп ұзамай тағы бір аса маңызды жаңалық ашты. Жұлдыздар мен галактикалар тек бізден ғана емес, бір-бірінен алыс-тап барады екен. Бұдан ғалам әрқашан «кеңеюде» деген нақты тұжырымға бар-ған. Ақырында, Хабблдың ғылыми зерттеулері арқылы ғаламның кеңейетіні туралы болжам нақты шындыққа айналды. Ғаламның кеңеюіне зер салсақ, әу баста оның тек бір нүктеден басталғаны анық болады. Демек, ғалам ғылым тілімен айтсақ, нөлдік шамадағы жалғыз нүктенің жарылысынан пайда болды. Ғаламның басталуына себеп болған бұл үлкен жарылысқа ағылшынша «Віd Вапd» аты беріліп, теорияда осылай аталды. Бұл арадағы нөлдік шама өлшемі мәселенің теориялық сипатын білдіреді. Шындығына келсек, нөлдік нүкте дегеніміз «жоқ» дегенмен бірдей. Осылайша ғалам негізінде жоқтан бар болды. Яғни, басқаша айтқанда, ЖАРАТЫЛДЫ. Құранда бұл туралы былай делінген: «Әуелде көк пен жер біртұтас еді. Біз екеуінің арасын ажыраттық, жанды мақұлықтың барлығын судан жараттық, кәпірлер осыны қалай білмейді? Оған неге сенбейді!»

Яғни, барлық нәрсе, тіпті әлі жаратылмаған «көктер мен жер» тек бір нүктеде тұрғанда, үлкен жарылыс нәтижесінде пайда болды және бір-бірімен толық үйлеседі. Ал аяттағы «Жанды мақұлықтардың барлығын судан жараттық» дегенді, ғалымдар ашқан ең жоғары деңгейдегі ғылыми ақиқат десек артық емес. Өмір сүру мен өсіп өну үшін қажет болған химиялық өзгерістер судың қатынасынсыз болмайды. Жер жүзінің төрттен үш бөлігі судан тұрады. Ол біріншіден, жер бетіндегі ауаның қызуы бір қалыпты болуына ықпал етсе, екіншіден, жер бетіндегі тіршіліктің көзі, негізі болып табылады.

З.Рахматуллаев

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: