Құрамалы, қорғанды үйің болады,
Айнымалы, төкпелі биің болады.
Халыққа бір тиын пайдасы жоқ
Ай сайын бас қосқан жиын болады.
Ішіне шынтақ айналмайтын
Ежірей деген ұлың болады.
Ақыл айтсаң ауырып қалатың
Бедірей деген қызың болады.
Алдыңнан кес-кестеп өтетің
Кекірей деген келінің болады.
Ішкенің сары су болады,
Берсең итің ішпейді,
Бірақ адам оған құмар болады,
Қиналғанда шапағаты жоқ жақының болады.
Ит пен мысықтай ырылдасқан,
Еркек пен қатының болады…
Мөңке бидің сонау ғасырдағы психологиялық тұжырымы қазіргі таңда дәлме-дәл келіп отыр. Қалайша осыншама сипаттама берген елге мәдениеті сауаты болмаған деп айта аламыз? Ұлттық психологияның дами түсуіне Қазан төңкерілісіне дейінгі он төрт ғасырлы ұзақ мерзімде жасалған ізгілікті алғышарттар басшылық етті. Қазақстандағы психологиялық ой-пікірлердің тарихы (Орхан-Енисей ежелгі түркі жазба ескерткіші), Қорқыт-ата, Әл- Фараби, Асан Қайғы, Қадырғали Жалайри; Қазақ билері мен шешендері Бұқар жырау, Мөңкі би, Дулат, Махамбет, Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Торайғыров, Шәкәрім сынды рухани аса бай құнарлы орта – аталмыш ғылымның бірден қанат жайып, өркендеуіне ізгі әсерін тигізді. Дәл қазіргі таңда психолог дегеніміз кім? Қаншалықты қоғамға пайдалы болып, келеңсіз жағдайлардың алдын алып, немесе шешу жолдарын ұсынып отыр? Елі діні салты бөлек Батыс европаның Америка құрама штаттарының психолог ғалымдарын үлгі тұтқан психологтар қаншалықты қазақ қоғамына пайдалы? Осы орайда көрші елдердің жоғары оқу орнында магистранттарға арнайы оқытылып жатқан жаңа пәннің бірі «Қауіпсіз білім беру ортасы» және педагог-психологтардың міндеті турасында сөз қозғағым келіп отыр. Бабалардың асыл ұстанымдары келмеске кетті казіргі билер, шешендер, психологтар кімдер? Ұлт мүддесіне қаншалықты қызмет атқарып жүр? Тарихтағы алып тұлғалардың психологиялық еңбектерін жаңғыртып, Фрейд, Маслаудың орнына Мөңке би психологиясы, Төле би, Қазыбек Би, Айтеке би Аль Фараби психологилық ұстанымдарын зерттеп, ұлт болашағына қауіпсіз психологиялық білім беру ортасын жасай аламыз ба? Осы сұрақтардың шешімін іздеп көрелік. Қауіпсіз білім беру ортасы, психологиялық тұрғыдан қауіпсіз білім алу ортасы ретінде қандай білім беру ортасын айта аламыз? Адам жаратылысы жан мен тәннен құралғандықтан адам тәніне қандай қорғаныс қажет болса, жанына яғни рухына да сәл сондай қауіпсіздік қажет. Қалыптасқан білім алу ортасында тәнге қажет қауіпсіз білім ортасы болып, балабақшадан бастап, мектеп, жоғарғы оқу орындары саналады. Білім беру орталарында материалды қауіпсіздік сан түрлі. Мәселен, жарықтың білім алу ортасына не кабинетке оңтайлы түсуі, сабаққа қажетті барлық құрал жабдықтар, кабинетте өсіп тұрған гүлдің өзі қауіпсіз болуы қажет. Сонымен қатар қауіпсіз білім алу ортасына материалдық тұрғыдан білімгерлерің тұтынып жүрген тамағы да жатады. Кез келген шынар ағашының биіктеп өсіп өнуіне қолайлы орта құнарлы жер қажет болғандай білімгерлер үшін қауіпсіз колайлы орта жан жақты дамуының негізгі шарттары болып есептелмек. Сонымен қатар уақыттың ағымына қарай қазіргі таңда терең зерттеліп келе жатқан адам жанына, білім алу ортасында қолайлы қауіпсіз білім беру ортасы қандай болмақ? Қазіргі білім беру орталарында психологиялық қауіпсіз білім алу орталығы деп сенімді түрде айта аламыз ба? Жане білім алушы білімгерге қайсының маңызы зор, психологиялық қауіпсіздік пе немесе материалды қауіпсіздік пе? Мәселен, сіздерге таңдау берілді дерлік, ыңғайлы жұмсақ орындық, жайлы кабинет бірақ сіздің ойыңызбен еш санаспайды, сізді қандай да бір наным сенім не ұстанымдарыңызға қарай психологиялық сенімсіздік танытса, сіз көнер ме едіңіз? Екінші нұсқа ыңғайсыз орындық жабдықталмаған кабинет, бірақ білім беруші ұстаз сізді барынша түсініп, қолдау көрсетіп, сенім артып психологиялық қауіпсіздік орта жасаған болса, сіз қауіпсіздіктің қай түрін таңдаған болар едіңіз? Жеке өз ойыма тоқталар болсам, адам барлық материалдық қиыншылыққа шыдас береді, ал психологиялық қиындыққа шыдас беру қиын. Темір орындықта отырса да білімгер оның жанының қаупсіз қорланбаған, мазақталмаған, сенім артылған ортада білім алығысы келеді. Осыдан білім берудің дәл қазіргі таңдағы үлкен айқынды мақсаты туады. Білімгердің ойымен санасатын, білімгерге қандай ұлттың өкілі болсын, діни наным сенімнің, психологиялық ерекшеліктерінің барлығын ескеретін психологиялық қауіпсіз білім беру ортасы. Осы орайда қазіргі таңдағы еліміздегі ұлттық асыл дініміз исламның шарттарын сақтаған көп деген отбасыларынан шыққан бүлдіршіндерге білімгерлерге психологиялық қауіпсіздіктің қажет екендігі айдан анық. Себебі, бала немесе жасөспірім қаншалықты қабілетті болсадағы, білім беру ордасы қауіпті болса, баланың санасына кері әсер берер болса, балаларымыздың ондай білім алу жолынан бас тартуы мүмкін. Бұған дәлел білім ордаларына «дін ұстанушы білімгерлерді анықтап олармен жұмыс жасау» турасында келетін көп деген бұйрықтар. Ондай бұйрықтар білім алу ордасына жеке тұлғаның басқалар алдында ерекшелеп, басқалардың намаз оқысам осындай жағдайға қаламын деген ой тудырмасы үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінен жолданса дұрыс шығар. Арнайы мамандар әр отбасының елге қауіпсіз екендігін анықтағаны туралы анықтаманы оқу орындарының сұранысына қарай жолдап отырса, діни наным-сенімі бар білімгерлерге психологиялық тұрғыдан оңай болмақ, айналадағы мұсылман отбасылардың қоғамға пайдасы болмаса зияны тиіп опасыздық жасап жатқандарын көрмедік. Отанына опасыздық жасайтын діни ұстанымы бар адамды мектеп психологы емес, арнайы комитет бақылап жұмыс жасағаны әлде қайда дұрыс болмақ. Өйткені, қауіпті діни бағыттан бұрын, суицидпен жасөспірімдер арасындағы әлімжеттікті толық өз идалогиямызға сай зерттеу әдіс тәсілін қолдана алмай отырған педагог психологтар қалайша баланың діни ұстанымын анықтай алады? Қазіргі мектеп, жоғарғы оқу ордасындағы психолог мамандары қаншалықты белгілі бір діни ұстанымы бар білімгермен жұмыс жасай алады, қандай әдіс тәсліді қолданады? Психологтың діни сауаты болмағандықтан білімгердің жан дүниесін түсіне алады ма, оған қолдау көрсете алады ма деген сұрақ туады.
Тәжірибеде қаншама отбасы бар балаларын мектеп психологы сағаттап кабинетінде ұстап, сан түрлі сұраққа алынған. Жоғарғы оқу орындарында дін психологиясын арнайы оқытпаған соң мектеп балабақша психологтары діни сауаты бар баламен қандай әдіспен жұмыс жасайды? Педагогика психологиядағы зерттеу әдістерін қалаушы америкалық, европалық ғалымдарда өздеріне өздері қайшы келеді. Демек, Т.Рұсқұлов «Сталин қателеседі» дегендей менде Европа да Америка философтары, ғалымдары, педагогтары қателеседі дей аламын. Методологияның негізін қалаушы ағылшын философы Ф.Бэкон ғылымды әдістің жүйесімен қаруландыру турасында алғашқы идея ұсынғанымен әдіс мәселесі философияның ортасындағы негізгі болып қалады Алғашқыда ол түгелдей мақсатқа жетудегі барлық шарттарға сай келсе, оның талқылауы қатты натурофилософиялық көрсетілімге жүктеген. Таным білімдегі қолданылатын әдіс барлық зерттеушілермен жоғары бағаланады. Осылайша Ф. Бекон әдісті қараңғыда жол нұсқаушы жарық беруші шаммен теңеп және қандай да бір сұрақты зерттеуде жалған жолмен жүру арқылы жетістіке жете алмайсын деп мәлімдеген. Ендеше, натурафилософия яғни табиғат жаратты деген ұғыммен оқытылып білім беріп жатқан біздегі білім жүйесі қаншалықты қазақтың Құдай жаратты идеологиясына сай келмек. Дұрыс болған тезиске сүйене отырып ақиқи білімге ақиқатты әдіс қана апара алады. Дәл осыны ұзақ уақыттар бойы қазіргі заман философтары іздеп тапқылары келеді. Философтар адамның табиғатқа Құдайшылық етуін қамтамасыз ететіндей тану білудегі қару бола алатын әдіс құрастырғысы келген. Солайша, шығыс мұсылман елдерінің идеологиясынан бұрын өздеріне өздері қайшы келіп отыр. Табиғат жаратты деп табиғатқа үстемдік еткілері келеді яғни ғылым-білімнің тәрбиенің түп нұсқасы табиғатқа Құдайшылық жасау деп санайды. Немістің классикалық материалдық философияның өкілдері Гегельдің Маркстіңде Р.Декарттың ешқандай әдіс қолданбай әсіресе дедуктивті-рационалистік әдісіз қандай да бір ақиқатты іздеудің қажеті жоқ деген. Бұл философтардың ғылымды тану әдісіне қосқан үлесі аумақты болғанымен көп жағдайда философиялық жүйе және олардың әдістері әртүрлі өзгертулерде бір-біріне қарама-қайшы келген. Осылайша, Гегельдің диалектикалық әдісі идеализмен ал Маркс Гераклитпен материализмге қосылған. Э.И. Моносзон кез келген психология-педагогикалық зерттеу үш кезеңмен іске асады: эмпирикалық, теориялық, және әдістемелік дей келе зерттеу әдістерін классфикациялауды ұсынады. Үнемі қозғалыста болған тұрақсыз қоғам идеалдарымен идеологиялары өзгеріп отырған уақытта Э.И.Моносзоннің психология педагогканы зерттеу үш кезеңге ғана негізделген деп айту қиын.
Міне, психологиялық барлық еңбектер университеттерде батыс европалық менталитеті бөлек санасы бөлек елдердің психолог ғалымдарының жазылған кітап негізінде оқытылады. Біз қазақ еліміз өзіндік тарихы, болмысы, мінезі, салт-санасы наным сенімі бөлек елміз. Өз елімізге түр сипаты психологиясы мүлдем бөлек елдердің ұсынған зерттеген жазып кеткен туындыларымен өз ұрпағымызды сараптап сол батыстық психологияның жалпы стандартына сай бағалап, ұлттық ерекшелікті ескермеген қаншалықты дұрыс. Қалмұқан Исабаевтің «Шоң би» атты кітабында Генерал Глазенаптқа адюьтант Броневски «Қазақтар жау шапса тас түйіндей жинала қалады, жауды жеңген соң батыры қайсы патшасы қайсы керек қылмайды, малын бағып жүре береді» деп сипаттаса, Екатерина екінші «Қазақтар өзінің кім екенін білсе әлемді жаулап алар еді» деген. Тұрар Рысқұлов Голощекинге қазақтарға қатысты айтылған сипаттама сөзіне жауап ретінде «Қазақты көшпенді көшпенді мәдениеті жоқ халық дейсіз, біле білсеңіз осы көшпенді халық отырқшы да бола білген Ертіс Сырдариямен Талас Шудың бойын үлкен-үлкен шаһарлар қамалдар болған. Әль-Фараби, Қадырғали Жалайыри, Қашқари, Абай өзекжарды туындыларын қалай жазды? Қазақ университет салмаса, ақылының кемдігінен емес, жан-жақтан жаулаған жаудан қорғанып, жері үшін күресіп жатқандығы» деп өз ойын айтқан екен Шерхан Мұртазаның "Қызыл жебе" атты кітабында.
«Денсаулықпен өз өзін жетілдірудің алғашқы факторы болып қолайлы орта есептеледі» деп атап өткен психолог ғалым А. Маслау. Дәл осы айтылған психолог ғалымның сөзімен келісуге тура келеді. Егер өз тарихымыздан іздеп қарасақ тура осы мағынада Абайдың да Шәкәрімнің де айтылған сөздері бар, бірақ ел санасында пихологтармен педагогтар батыс ғалымдарының қандай да бір сөзін қолдану мақтанышқа айналғаны рас. Соңғы кездері белең алған білімгерлер арасындағы әлімжеттік, суицид, девиантты мінез құлыққтың радикалды діни бағыттағы жасөспірімдердің көбейе түсуі барлығы дерлік қауіпсіз білім алу ортасының болмауынан. Осы орайда, қауіпсіз білім беру ортасын жасайтын кім деген сұрақ туады. Бір сыныпта жиырмадан аса бала болса, сонша пікір болады ғалымдар тәжрибесіне сүйенер болсақ алты айлық бүлдіршін кезінде болашақ балалардың өзіндік көз қарасы пайда болады. Барлық адам мен сияқты не сіздер сияқты ойлау міндетті емес. Өйткені, жаратылыстың өзінде әр адамда әр қандай тұлғалық ерекешеліктер болады. Мәселен, оқу үлгерімі жақсы балада гөре оқу үлгерімі нашар білімгер болашақта материалдық көп жетістікке жетіп жатады. Оған білім алу ортасы қолайлы болмады, ол өзіне өзі психологиялық тұрғыдан ескертті «білімсізде жақсы бағасыз да мақсатыма жетемін» деп, енді дәл осылай исламға қызығушылық танытып жатқан жасөспірімдердің бетін қайтарып тастау арқылы, оларды өз қолымызбен радикалды бағыттағы исламға итермелейміз. Жоғарыда аталған жеке тұлғалық, этностық болмысына наным сеніміне тиімді әдіс қолдана алмағандықтан жандүниесімен оның қызығушылығына дер кезде мән бермедіктен керіснше қудалып, сенім артпағандықтан, бастапқыда мән бермей нәтижесінде түрлі жағымсыз жайттарға тап болғанда ғана шешу жолдарын іздей бастайтынымыз анық. Кез келген жас өспірімде сұрақ болады өмірге «не үшін келдім? не үшін өлемін?» тағысын тағы мииллион сұрақтар болады. Он бір жыл мектеп қабырғасында жауап ала алмайтын сұрақтарға асыл дініміз ислам он бір күнде жауап береді. Онымен келіспей қоя алмайсыздар. Өйткені, Абай университет оқымаса да медресе оқыған, барлық би шешендер дінге сүйеніп әділ шешім шығарып ұлтты ұлт етіп сақтап отырған. Дінге қызығушылық танытқан ислам дінінен жаны жай тапқан жасөспірімдерге білім беру ортасында психологиялық қауіпсіздік болмаған жағдайда олар өзін түсінбеген ортадан өзін түсіне алатын қолдау көрсететін ортаны іздейді. Мәселен, жеке өз тәжірибемде алтыншы сыныптан бастап өмір туралы сан түрлі сұрақтарға нағашы атам жауап беретін. Жаны жаннатта болсын. Атамыз ақ сақалды, қария еді Құран оқығанда жаныңды тебірентетін. Енді әр отбасында ондай бағыт-бағдар беретін нағашы атасының болуы екі талай дүние. Псхологиялық тұрғыдан адам өмір сүргеннен кейін міндетті түрде жаратуышысын ойланбай қоймайды. Жақында қазақтың бойжеткен аруы қызы жолай сөмкемді көтеріп жәрдем берді. Өзінің Мәскеуде екінші курс білімгері екендігін баяндады, өте сауатты бойжеткен. Діні бөлек елде сондай атаулы білім алау ордасында білім алып жатқанымен меннен ислам діні жайында, намаздың шарттары жайында сұрай жөнелді. Өзінің жаратушы алдындағы парыздарын өтегісі келетіндігін айтты. Өзімен сөйлесіп тұруды өтінді. Қарасақ қанша біз дін тақырыбын жылы жаппақ болғанымен дінге деген жаратушысына деген ықылас адамдар арасында қоғам арасында белең алып келеді. Өйткені, тегі қаны таза қазақтың ол қанында бар дүние жанымен ғана қоса шығады. Осы орайда білім беру ордасы білім ғана емес тәрбиені де берген соң не себепті асыл дініміз исламның шарттарын сауатты түрде ашық айтпасқа, сонда шет елде діни білім алып жатқан жастарымыздың 80 пайызы радикалды бағытта болмас еді ғой. Айыптаудан бұрын болары болды, бояуы сіңді енді сол қателіктерді ұрпақ тәрбиесінде қайталанбауы үшін болашақ жастардың жан-жақты дамыған білімді сонымен қатар иманды діни сауаты жоғары етіп тәрбиелеу психологиялық қауіпсіз білім беру ортасын жасау және өзіміздің қиыншылыққа толы сан ғасырды өткерген тарихымыздан атақты ғалымдардың ұлттық гинетикасына болмысына сай психологиялық еңбектер ізденіп зерттеп жазу біздің айқын мақсатымыз. Егер ұрпақ алдында осы мақсатта жұмыс жасай алмасақ, Мөңке бидің жоғарыда келтірілген сипаттамасымен мына бір жырлары тура келмек. Мәшһүр Жүсіп нұсқасында Мөңке би өзіне тән психологиялық сипаттаумен, болжау секілді сөз саптауымен көрінген. Соның бір сыпырасы мынадай:
Қылмысы жаққан қылықты,
Алып шығар деп еді.
Қылмысы жақпас қырсықты
Екі етігі су болып,
Бір жаратқан тәңірге
Налып шығар деп еді.
Ауылдарын шу қылған,
Жаулықтарын ту қылған,
Зайып шығар деп еді.
Келіні – айғыр, кемпірі
Саяқ шығар деп еді.
Бір уысқа толмайтын
Аяқ шығар деп еді.
Мөңке бидің “Кер заманның кезінде…” деп аталатын сөздеріне құлақ салайық.
Ертеңіне сенбейтін күнің болады.
Бетіңнен алып түсетін інің болады.
Алашұбар тілің болады.
Дүдәмалдау дінің болады.
Әйелің базаршы болады,
Еркегің қазаншы болады,
Жылқы жұлдыз болады,
Қой құндыз болады.
Кебір – жерге теңеледі,
Әйел – ерге теңеледі,
Көл – теңізге теңеледі.
Сиыр – өгізге теңеледі.
Ақырзаман адамы –
Сағынып тамақ жемейді,
Ащыны – ащы демейді,
Тапқанын олжа дейді,
“Алһам” білгенін молда дейді.
Бір-біріне қарыз бермейді,
Шақырмаса, көрші көршіге кірмейді.
Сарылып келіп тосады,
Құны жоқ қағазды судай шашады…
- деп толғанған би сөзін, әрине, әркім өзінше қабылдауға хақылы; бірақ оны бүгінгі күннің тірлігінен тыс тұр деп айта алмасымыз айғақ. Астарына абайлап үңілсеңіз, жаны бар жырлар екендігі күмән тудырмайды. Мөңке бидің:
Ақыр заман халқының
Шайдан басқа асы жоқ,
Жақыннан басқа қасы жоқ.
Лағынет қамыты мойнында,
Жұмыстан қолының босы жоқ.
Әрқашан да олардың
Көңілінің хошы жоқ.
Бар шаруасы түп-түгел
Енді мұның несі жоқ…-
деген сөздері, болмаса:
Заман ақыр боларда -
Жер тақыр болар,
Халқы пақыр болар.
Балалар жетім болар,
Әйелдер жесір болар,
“Ә” десе “мә” дейтін кесір болар.
Бас қосылған жерлерде,
Әйел жағы ден болар,
Жаман-жақсы айтса да,
Өзінікі жөн болар.
Орай салып бастарың
Жалпылдатып шаштарың
Тақымдары жалтылдап,
Емшектері салпылдап,
Ұят жағы кем болар,
Сөйткен заман кез болса,
Түзелуі қиын болар,
Дегендей ақ,
Көлдің суы бітіп, табаны қалар,
Аттың жүйрігі кетіп, шабаны қалар.
Жақсының атағы кетіп, азабы қалар,
Әулиенің аруағы кетіп, мазары қалар.
Әйелдің ұяты кетіп, ажары қалар,
Бидайдың дәні кетіп, сабағы қалар
Сөздің маңызы кетіп, самалы қалар,
Сөйтіп, ақылы жоқ, санасыздың заманы болар болып жүрмелік. Қоғамда белең алып отырған мәселелерге қатысты, оқу білім ордасында мынандай өзгерістерді ұсынамын:
1. Өзіндік тарихымызды , болмысымызды, мінез, салт санасы наным сенімге негізделген педагогикалық психологиялық зерттеу жұмыстарын жасау. Ұлттық идеолоия, ұлттық психалогияға негізделген оку құрал жабдықтарын жасау.
2. Педагог-психолог мамандарын «қауіпсіз білім беру ортасы» және «Ұлттық психология», «ата-баба ұстанған асыл дін- ислам құндылықтары» атты тақырыптарда конференция семинар ұйымдастырып, қайта даярлау, курстарына жөнелту.
3. «Дін ұстанушы, хиджаб тағушы білімгерлер» жайындағы бұйрықтардың мақсаты нақты көрсетілсе. Психолог маманның дінге қызығушылығы бар білімгерлермен қалай жұмыс жасау керектігі накты ашық айтылса.
4. Білімгермен оқушылардың дін ұстану жайында мәліметті Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жолданса . Арнайы мамандар әр отбасының елге қауіпсіз екендігін анықтағаны туралы анықтаманы мектеп сұранысына қарай жолдап отырса.
Л.М.Мырзашева
психолог, магистр