Сауап шынайы ықыласпен.

Сауап шынайы ықыласпен.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңдағы жаназадағы ысырапшылық немесе өлім-жітім кәделерінде кетіп жатқан қателіктер туралы айтып өткенді жөн көрдік.
 Бір үйден жаназа намазы шығарылса, сол қазалы үйден үш күндік немесе жетісі, бейсенбіліктер, 20-сы, 40-ы, жүз күндік және жылы сияқты хайыр ихсан-садақа (ізгі амалдар) жасау халқымызда әдетке айналған.

 

Бұл істерді қасиетті дінімізде ешкімге міндеттемеген (уәжіп емес). Бірақ «хасана» (көркем) амалдарға жатады. Демек бұл амалды кім шамасы келген ұрпақ шын ықылас ниетімен қабыл әрі сауаптан болсын деген үмітпен бағыштап жасау керек. Егер ниеті сондай болмаса немесе «ұят болмасын» ел жұрттан қалдырмайық, немесе біреулерден асып түсейік деген сияқты ниет пен жасалған ас болса ол істе ешқандай бағыштауға тұратын сауап болмайды. Ал, сауабы болмаған, пайдасы болмаған жолға жұмсалған дүние ысырап болады.


 Аллаһ тағаланың әміріне бой ұсынып намаз, ораза, зекет сияқты исламның парыздарын орындау мәселесіне келгенде, оның міндетте түрде орындалу керек екеніне қарамастан әр түрлі желеулермен өзін-өзі алдаумен орындаудан бас тартып жүргендер аз емес. Ал керісінше Аллаһ тағала әмір етпеген осы бір амал (өлім кәделері) жаппай әдетке айналып кетті. Әдетке айналудан гөрі бұл амалдың бәсекелестікке, бақталастыққа, ысырапшылдыққа айналуы жанға батады.


 Шамасы келгенінше үй ауласында-ақ орындалуы жеткілікті болған істі, той сияқты етіп тойхана, асхана сияқты орындарда өткізу әдетке айналып кетті. Дастарханға қойылған нәзірлері де қайғы емес қуаныш дастарханы сияқты болып кетті.
 Аллаһ тағала: «Сонан соң міне сол күнде әлбетте дүние өмірінде сендерге берілген барша нығметтер туралы жауапкер боласыңдар» (Тәкәссүр с.8-аят) - деп Аллаһ тағала өзі нәсіп етіп, нығмет етіп берген дүние мүліктердің қалай, қайда жұмсағандығы туралы есеп-қисап, сұрақ-жауап болатынын ескерткен. «Ысыраптың барлық түрі - харам».


 Ендеше ысырапшылықтан сақтанайық. Айтылғандай садақа іс-шараларамызда «Абыройдан емес Аллаһтан қорқып істесек, әрине ысырапшылдыққа жол бермейміз».


Көбеков Омар қажы Елеуұлы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: