Аллаһ тағала өте кешірімшіл.

Аллаһ тағала өте кешірімшіл.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Ислам - рақым діні. Хақ Тағала бұл дінді екі дүниенің бақыты үшін түсірген. Жалпы Ислам дініне зер сала қарасаңыз ол кез келген жағымен адамның пайдасына қарай шешілуге құмбыл тұратындығын байқайсыз.


«Бір құл Исламға кіріп, осы дінде шынайы болса бұрынғы жасаған жақсылықтарын Аллаһ Тағала әлгі құлдың пайдасына жазады. Жасаған барлық жамандықтарын болса өшіріп тастайды. Мұсылман болғаннан кейінгі жасағандары да былайша есептеледі: Жасаған әрбір ізгі амалы үшін ең азы он есе болудан басталып жеті жүз есеге дейін сауап жазылады. Істеген әр бір жамандығы үшін егер Аллаһ кешірмейтін болса бір ғана күнә жазылады» . (Бухари.) 


Мысалы мына хадиске қараңыз: Хақ пайғамбар бірде: «Құлының тәубе еткені үшін Аллаһ Тағаланың қуанышы мына мысалдағы адамның қуанышынан әлде қайда басым. Араларыңда бір адам сахараның шөлінде түйесімен кетіп бара жатады. Түйесінің үстінде азығы мен суы бар еді. Кенет қолынан жүгенін жіберіп алып түйе бас ауған жағына қаша жөнеледі. Осыдан кейін әлгі адам бір ағашты көлеңкелеп қашқан түйесінен мүлдем күдер үзіп жата кетеді. Осылайша үмітсіз жатып бір кезде көзін ашып қараса қасында түйесінің тұрғанын байқайды. Сонда ол дереу түйесінің жүгенін ұстап алады да қуанышы қойнына сыймай («Айналайын Құдай ай! Рақым етіп қасыма бас ауған жағына қашқан түйемді қайта әкелгенің үшін мың да бір шүкір! Мен сенің пендеңмін, құлыңмын. Оның дәлелі мына мүшкіл халім. Ал сен менің Раббымсың, Хақ Тағаламсың. Сондықтан бейшара құлыңа мына ұшы қиыры жоқ сахара шөлде сенен бөгде кім жәрдем ете алмақ» демекші болған ол) қателесіп «Аллаһым! Сен менің құлымсың, мен де сенің Раббымсың» дей кетеді. Міне ендеше тәубе еткен құлына деген Хақ Тағаланың қуанышы әлгі адамның қуанышына әлде қайда басым» дейді. 


   Тәубенің қабыл болуының белгісі;  адам өз өмірінде, мінез-құлқында өзгеріс жасап, жақсылық артынан жақсылық жасауы керек. Мәселен, арақ ішіп жүріп, оны жек көріп ішпейтін кісіге айналуы, зина жасап жүріп, оны жасауды тоқтатуы, туыстық байланысты үзген болса, онда оны қайта жалғауы, намаз, оразаны  орындамаған болса, ол екеуін жанындай жақсы көруі және көптеген достары мен жақсы көретін кісілердің жас кезінде қарсы келгені мен күнәкарлықта дүниеден өткені әрі адамдардың өмірден кеткендері жөнінде ойлануы керек. Олардың арасында арақ ішіп, зина жасап немесе көшеде жан тапсырулары (Алла өзі сақтасын) тәубеге келулерінен бұрын болғанына ой жүгірту маңызды.  Ал, олардан қазір кім қалды? Сондай-ақ олардың тағдыры не күй кешетіні тұрғысында ой жүгірткені абзал. Өзі де (Алла сақтасын) соларға ұқсай ма, әлде басқаша боладыма ма ? Егер ол бұрынғы күнәларын есіне алса,кешірім тілеп, өкінішпен көзіне жас алып, Алланың азыбына қорықсын. Осы жөнінде көптеген келтірілген дәлелдерді көңіл бөліп оқиық.Өйткені, Алла тағала бізге:

 

«Ал, олар (мүминдер) қашан арсыздық істесе не өздеріне зұлымдық етсе, Алланы есіне алып, күнәларының жарылқауын тілейді. Күнәларды Алладан басқа кім жарылқайды. Сондай-ақ олар істеген істеріне біле тұра қасарыспайды. Міне, солардың сыйлықтары Раббылары тарапынан және астарынан өзендер ағатын жұмақтар. Олар онда мәңгі қалады. Амал істеушілердің сыйлықтары нендей жақсы» ; (Әли-Ғимран,сүресі 135-136 аяат) «(Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Ей, өздеріне зиян еткен құлдарым! Алланың рахметінен күдер үзбеңдер. Алла барлық күнәларды толық жарылқайды. Өйткені Ол тым жарылқаушы өте мейрімді»-де» ;.(Зүмәр сүресі 53 аяат)

 

«Аллаға үрей мен үміт арасында жалбарыныңдар. Расында, Алланың рахметі жақын» ;(Ағраф сүресі 56-аяат)
«Алла көп нәрсеге кешірім етеді» ; «Ей, мүміндер! Алладан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар» ;(Тәубе сүресі 119-аяат)
«Ол  құлдарының тәубесін қабыл етеді де күнәларын кешіреді. Әрі не істегеніңді біледі»(Шура сүресі 25 аяат)
,-деп баян еткен.
Ибн Омар (Алла оған разы болсын) пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын):


 «Шын мәнінде, Алла тәубені өлім сәтіндегі жан алқымға келгенге (тамақ қырылдағанға) дейін қабыл етеді» .(Сунәнәт- Әт-Тирмизи),-деп айтқанын жеткізген.
Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын):


«Алла құлының тәубеге келуін, сендер бір-бірлеріңді жоғалтып, қайта тапқандағы қуанғандарыңнан да артық  қуанады» .(Сунәнәт- Әт-Тирмизи),- ,-дегенін жеткізген.
Әнәс ибн Мәлик (Алла оған разы болсын) Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын):


«Алла тағала: «Ей, Адам баласы! Менен сұрап, кешірім тілесең, сендегі (барлық күнәні) кешіремін, ал ол Маған түкке тұрмайды»; Тағы да Алла:
 «Ей, Адам баласы! Егер сенің күнәләрың аспандағы бұлтқа дейін жетіп, кейін Менен кешірім сұрасаң Мен сені кешіремін, ал ол Маған түкке тұрмайды»; 

Кейін тағы да:
 «Ей Адам баласы! Егер сен Маған жер көлеміндей күнәмен келіп, кейін маған еш нәрсені серік қоспасаң, Мен саған жер көлеміндей кешіріммен келемін,-деп айтады» , .(Сунәнәт- Әт-Тирмизи),--дегенін риуаят еткен.


 «Алла жүз рахымшылық жаратып, оның бір рахымшылығын ғана жаратқанының арасында онымен рақымшылық етуге қойған, ал Алланың құзырында қалған тоқсан тоғыз рахымшылығы бар» .(Сунәнәт- Әт-Тирмизи), .
Басқа бір хадисте: «Алла жаратылысты жаратқанда, Өзіне: «Күдіксіз менің азабымнан рахымшылығым басым, деп (өзіне тән сипатпен) жазған» .

(Сунәнәт- Әт-Тирмизи), ,-деп айтқанын риуаят еткен.


Ендеше күнә жасаған адам егер дереу жақсылық жасаса мысалы садақа беретін болса яки тәубе етіп Хақтан кешірім тілесе онда күнәсі кешіріліп амал дәптеріне жазылмайды.


Сөз ақыры, осының бәріне зер сала қарасақ біз аталмыш  аяат, хадистерден  Хақ Тағаланың құлдарына деген шексіз рақымын көреміз. Алла баршамыздың тәубемізді қабыл етсін екі өмірдін бақытын берсін амин.


Талас ауданының бас имамы

Нұрсұлтан Қалдарханұлы.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: