Исламда үмітсіздікке жол жоқ!

Исламда үмітсіздікке жол жоқ!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұсылманның бұл өмірде тіршілік барысында жақсы немесе нашар істері жасап жатқандығы қаншама.  Солардың ішінде қайсысы шариғатқа дұрыс немесе бұрыс орындалып жатқан амалдарын айтыңыз. Сорақысы жамандығының маза бермеуі яки қуаныштың шектен шығуы. Сенім де, үмітсіздік те - күпірлік. Яғни, «Мен осынша жақсылық жасадым. Енді жұмаққа баратын болдым», - деп ойлап, сондай сеніммен өзін Аллаһтың азабынан құтылғанына сендіру немесе «Мен осынша күнәлар істедім. Тозаққа кіретін болдым. Маған құтылу жоқ», - деп үмітсіздену де күпірлік.

 

Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Мұсылман қорқыныш пен үміт арасында болады», - деген. Мұсылман, Аллаһтың мейіріміне орай үміт құшағында сондай-ақ, кемшіліктері кесірінен үрей ішінде жүреді. Бір хадис құдсиде Аллаһ Тағала «Құлым маған бір қарыс жақындаса, мен оған бір құлаш жақындаймын. Құлым маған жүріп келсе, мен оған жүгіріп барамын» - деген. Бұл хадис Аллаһ Тағаладан кешірім және тура жол сұраған құлын кешіруге асығатынын дәлелдейді. Тек мына мәселелерге өте мұқият болуымыз қажет.

 

Аллаһ Тағаланың мейірімі әрі ашуы бар. Бірақ мейірімі ашуынан басым. Мейірімінің әлдеқайда басым болғанын, құлдарының ізгі ісіне жазған сауаппен, жамандығына жазған күнәдан білуге болады. Құл бір жақсылық жасаса, сауабын ең азы оннан бастаған, ал бір күнә істесе, күнәсін жазуды кешіктірген. Құран Кәрімде қайталанған аяттарда бұл жағдай былай айтылған: «Кім Аллаһ құзырына бір жақсы ниетпен келсе, оған сондай он есе бар. Және біреу бір жамандық әкелсе, оған сондай-ақ жаза беріледі». (Әнғам сүресі 160). «Кімде-кім шаң тозаңындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді. Ал кімде-кім шаң тозаңындай жамандық істесе, жазасын көреді» (Зілзәлә сүресі 7-8).


 Бір күні бұл аятты оқығанда сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.у.)-ның алдына сахабадан Әбу Саийдил-Қудри (р.а.)-та бар еді. Жақсылап тыңдағаннан кейін былай сұрады: «Иә, Расулуллаһ бұл аятта Раббымыз, істеген жақсылық және жамандықтарымыздың жойылмайтынын хабар беруде, солай ма?» - деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Иә, солай» - деді. Хаз. Әбу Саийдил-Қудри (р.а.): «Құрыдың, ей Әбу Саийд құрыдың, Анаң жағдайыңа жыласын», - деп жылайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Сені жылатқан не?» - деп сұрайды.

 

«Иә, Расулуллаһ, істеген жамандық шаң тозаңындай да кемімей жазылатын болса, есебін қалай беремін?» - дейді. Пайғамбарымыз күлімсіреп, былай ашықтады: «Иә, Әбу Саийд, жоғалмаған тек қана жамандықтар емесе қой, жақсылық, қайыр ретінде істегендердің де ештеңесі кемімей таразының сауап жағына қойылады. Осылай бірге - бір болған күнәнің қарсысына, бірге он сауаптарың да тартылады. Сауаптардың ауыр келуімен сені иншаллаһ құтқарады. Сен тек қана бірге он болған жақсылықты, қайырлы істеріңді көбейт.

 

Пайдасына болған жағдайда, тағы да пайдасына ауыстырудан алыс қалма!» - деді. Раббымыздың мейірімі ашуынан басым, бір жақсылық және қайырға он сауап береді. Мұның да шаң тозаңындай да болсын ештеңесі кемімей таразысында тартады және құлын құтқарады. Сен жақсылықтың жамандыққа басым келуі үшін, таразының күнә жағын ауыр қылатын бір қате және күнә істеме!
 Раббымыздың мейірімі ашуынан көп болғаны біз мұсылмандар үшін үлкен бір қуаныш! Әлемдердің Раббысы болған Аллаһ Тағала баршамызға иман-тәуфиқ нәсіп етіп, лағынеті шайтанның ізіне түсірмей тура жолдан адастырмасын!.


Абдуллаев Руслан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: