Аса қамқор, ерекше мейірімді Алла тағаланың атымен бастаймын.
Расында барша мақтау бүкіл әлемнің раббысы Алла тағала тән .Ол сондай Алла сендердің қайсыларың амал қылуда жасырақ екенін сынау үшін өлім мен өмірді жаратты. Және сол құдіретті Алладан ғана жәрдем, қолдау сұраймыз. Одан ғана кешірім өтінеміз. Нәпсіміз бен іс-әрекеттеріміздің кесірінен болатын жамандықтарыннан сақта деп, оған сыйынып пана сұраймыз. Кімде-кімді Алла өзінің тура жолына салса оны ешкім адастыра алмайды. Ал, кімді адастырса оны тура жолға салушы жоқ. Куәлік береміз бір Алладан өзге ғибадат-құлшылыққа лайықты ешбір тәңірдің жоқтығына. Және куәлік береміз Мухаммед пайғамбардың (с.а.с) оның құлы, әрі адамзат баласының бақытты болуы үшін жіберілген елшісі екендігіне. Алланың игілігі мен сәлемі оның әлемге рахмет ретінде жіберген пайғамбары Мухаммедтке әрі оның әулетіне, сахабаларына және оның көрсеткен сүннет жолынан бекем ұстаушыларға болсын.
Құрметті мұсылман бауырлар! Кемшіліктен пәк болған құдіретті Алла тағалаға құлшылық ету мақсатында жаратылған әрбір адам баласы өзінің қысқа ғұмырын ең көркем түрде өткізуі керек. Сол үшінде Алла тағалаға және басқа да иман негіздеріне толық түрде иман етіп, оның разылығын бөлендіретін салих амалдар және көркем ақлақпен өз өмірін көркемдетуі әрі жақсылық жасауда асығуы керек.
Ұлы Алла тағала жақсылыққа да, жамандыққа да бейім болған адам баласын үнемі жақсылық жасауға ынталандырады. Ислам – хайрда және бір–біріне жәрдемдесуде жарысу діні. Құран кәрімде « хайр», яғни, жақсылық сөзінің 127 аятта айтылуы дінімізде бұл амалдың қаншалықты маңыз берілгендігінің бір белгісі болып саналады.
Араб тілінде «хайр» сөзі- жақсылық, жақсы іс, көркем нәрсе, қарсылықсыз жасалынған жақсылық және жәрдем мағыналарында келеді. «Хайр» сөзі – жамандық, зиян сөзінің антонимы. Құранда Алла тағала:
} وَلِكُلٍّ وِجْهَةٌ هُوَ مُوَلِّيهَا فَاسْتَبِقُوا الْخَيْرَاتِ }
« Әркімнің бір бет алатын қыбыласы бар. Сонда жақсылыққа жарысыңдар.» (Бақара, 2/148)
{ وَسَارِعُوا الَى مَغْفِرَةٍ مِنْ رَبِّكُمْ وَجَنَّةٍ عَرْضُهاَ السَّمَوَاتُ وَالاْضُ اُعِدَّتْ لِلْمُتَّ
«Раббыларыңның жарылқауына және тақуалар үшін әзірленген, кеңдігі жер мен көктей жәннәтке жарысыңдар». (Әли-Имран, 3/133)
{سَابِقُوا اِلَى مَغْفِرَةٍ مِنْ رَبِّكُمْ وَجَنَّةٍ عَرْضُهَا كَعَرْضِ السَّمَآءِ وَالْاَرْضِ اُعِدَّتْ لِلَّذِينَ اَمَنُوا بِاللّه وَرُسُلِهِ ذَلِكَ فَضْلُ اللّهِ يُؤْتِيهِ مَنْ يشَآءُ وَاللَّهُ ذُو الْفَضْلِ الْعَظِيمِ}
« Раббыларыңнан жарылқауға және кеңдігі жер мен көктің кеңдігіндей Аллаға, Елшісіне иман келтіргендер үшін әзірленген жәннатқа жарысыңдар. Ол, Алла (Т.) ның мәрхаметі. Оны қалаған кісісіне береді. Алла (Т.) зор кеңшілік иесі», ( Хадид, 57/21)деп бізді ізгілік жасауға бұйырады.
Әбу Һурайрадан келген риуаятта:
بَادِرُوا بِالْاَعْمَالِ فِتَنًا كَقِطَعِ اللَّيْلِ الْمُظْلِمِ ، يُصْبِحُ الرَّجُلُ مُؤْمِنًا وَ يُمْسِي كَافِرًا، وَ يُمْسِي مُؤْمِنًا وَ يُصْبِحُ كَافِرًا، يَبِيعُ دِينَهُ بِعَرَضٍ مِنَ الدُّنْيَا
«Алла Елшісі (с.а.с) былай деді: « Жақсы амалдарды жасауда асығыңдар, өйткені жуықта қараңғы түндер сияқты адамдарды баурап алатындай көптеген бүліктер ортаға шығады, ол кезде адам мүмин күйінде таң атырып, кәпір күйінде кешті батырады, мүмин күйінде кеш батырып, кәпір күйінде таңды аттырады. Кісі өз дінін аз бір дүние қарсылығында сатады.» (Муслим, Иман, 186, Тирмизи, Фитән, 30).
Тағы Әбу Һурайрадан келген бір хабарда: بَادِرُوا بِالأَعْمَالِ سَبْعَاً ، هَلْ تَنْتَظِرُونَ إِلاَّ فَقْرَاً مُنْسِياً ، أوْ غِنَىً مُطْغِياً ، أوْ مَرَضاً مُفْسِداً ، أوْ هَرَماً مُفْنِداً أوْ مَوْتاً مُجْهِزَاً ، أَوِ الدَّجَّالَ ، فَشَرُّ غَاءِبٍ يُنْتَظَرُ ، أَوِ السَّاعَةَ ، فَا لسَّاعَةُ أَدْهَى وَأَمَرُّ
«Алла Елшісі (с.а.с) былай деді: «Жеті түрлі бәле бастарыңа келместен бұрын жақсы істер жасауда асығыңыздар. Әлде, сендер естен тандырар кедейлікті, азғындыққа бастайтын байлықты, берекені кетіретін ауру-сырқауды, алжытатын кәрілікті, кенеттен келетін ажалды, ғайыптан келетіндердің ең жаманы - Дәжжәлды немесе Қиямет күнінің келуін күтесіңдер ме? Ақиқатында, осылардың ең қорқынышты да тым ащы болғаны-қиямет-қайым». (Тирмизи, Зуһд, 3).
Пайғамбарымыздың (с.а.с) бір хадисінде: «Әр нәрсенің бір жемісі бар, жақсылық жасаудың жемісі кешіктірілместен өз уақытын да жасалуы». (Әбу Дәууд, Әдәб,10 ).
Хазіреті Әли (р.а) келген риуаятта: «Алла Елшісі (с.а.с) былай деді: «Садақа беруде асығыңыздар, өйткені, жамандық садақаның алдына өте алмайды». (Һәисәмии, Мәжмәъуз- Зәуәәид, 3/110).
Ибн Аббас (р.а) былай деді: «Жақсылық тек қана мына үш нәрсемен толық болады.
1. Ол жақсылықты жасауға асығу
2. Жасаған жақсылығын көп деп емес аз деп білу
3. Жақсылықты жасырын жасау». (Ибн Әбу Дуния, Истинәәул-Мәърууф).
Жасалатын жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды, өйткені аз ғана жақсылық ешбір жақсылық жасамағаннан хайырлы. Алла Елшісі (с.а.с) аз ғана жақсылық сендерді амал етуден тыймасын, деп бұйырды. Хазіреті Айша анамыз (р.а) былай деді: «Ешбір садақаны азсынбаңдар, өйткені дәннің қабыршағындай берілген садақа қиямет күнінде таулар сияқты сауаппен тартылады» және де Айша анамыз бір жолы бір кедейге бір түйір жүзім берген кезде әлгі кедей азсынып қайтарып береді, артынша Айша анамыз Зілзала сүресінің «Сонда кім тозаңның түйірінің салмағындай жақсылық істеген болса, ол оны көреді» аятын оқып, бұл бір түйір жүзімде қаншалықты тозаңның түйірінің салмағы бар екенін білесің бе? – деді. Артынша әлгі кедей Аллаға истихфар етті.
Әбу Зардан (р.а) келген хабарда: «Хазіреті Пайғамбар (с.а.с) былай деді:اَ تَحْقِرَنَّ مِنَ الْمَعْرُوفِ شَيْءاً وَ لَوْ اْنْ تَلْقَي أخَاكَ بِوَجْهٍ طَلِيقٍ
«Жасалған жақсылықтың ешбірін азсынба, тіпті бауырыңа күлімдеп қарауды да болмашы санама». Сахаба Әбу Уқоил (р.а) кештен таңға дейін екі сооъ құрма (алты келі) қарсылығында құдықтан су тартты, сосын таңғысын жалақысын алысымен жартысын бала – шағасына беріп, қалғанын садақа беру үшін Пайғамбарымыздың (с.а.с) қасына алып келді. Пайғамбар (с.а.с) оған садақа қоймасына апарып қоюын бұйырды. Мұны естіген мұнафықтар « бұл адамның бір сооъ құрма садақа беруі оған не пайда алып келеді?» – деп Әбу Уқоилдың үстінен келеке етті. Осы жәйтке байланысты мына аят түсті: «Сондай мүміндерден садақаларда, ынталы болушыларды айыптағандар, тағы тырысып тапқанын ғана бергендерді, келеке еткендерді, Алла мазаққа ұшыратады. Әрі олар үшін жан түршігерлік қинау бар». (Тәубе 9/79).
Хазіреті Әли (р.а) «Жақсылық жасау күнәға қарсы шапағатшы сияқты».
Тозақ отына қарсылық ретінде, жақсылық жасауды өзіңе қалқан ет. (Юсуф Хас Хажип).
Әрбір мұсылман баласы өзіне және отбасына қатысты міндеттерін орындауы да бір ізгілік. Ата–анаға, туған–туысқандарға, көршілерге жәрдем қолын созуы және кедейлерге, жетімдерге көмек беруі де ізгі амалдарға жатады. Сөзімізді қорытындылай келе, мына өлең шумақтарымен аяқтаймыз.
Жарысып адалдыққа асығайық,
Дүние қуып бекерге тасымайық.
Күпірлік жасай бермей бұл жалғанда,
Жақсылықтың жолына ағылайық.
Ақиқатты айтудан қажымайық,
Қиындыққа ешқашан мойымайық.
Біле–білсең бұл өмір,
Ол бір қайық.
Қайықта жақсы амалды арттырайық.
Жалқаулыққа берілмей жан қинайық,
Қыстың қамын жазда ойла деп тұрғандай,
Өзімізді сол бір жаққа дайындайық.
Бұл жолдан ешқашанда тайынбайық,
Ризығын ішіп–жеген хайуан ұқсап.
Ойсыз,күйсіз біз бүгін жайылмайық,
Хикметін Жаратқанның пайымдайық.
Шайтанның уәс–уәсына бағынбайық,
Жету үшін Алланың рахымына.
Жақсы амал жасауға біз асығайық,
Шүкір айтып Аллаға бас ұрайық.
Жеткізіп Исламның туралығын,
Шындықты айтудан біз жасымайық.
Жамандықтандан қашанда тосылайық,
Хушумен жақсы амал жасай беріп.
Жақсылармен жұмақта қауышайық!