Тәуекел –кемелдіктіңнышаны

Тәуекел –кемелдіктіңнышаны

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамзат баласы дінді түсініп білгелі Раббысына тәуекел етіп келеді. Тәуекел шынайы сенімді талап етеді, онсыз тәуекелге бару мумкін емес. Өйткені, кез-келген пенде өзі ойға алған бір іске ниет етіп, ісінің жемісті болуын Жаратушысына арқа суйеп, сенім артады. Міне осы үшін әуелі журекте Аллаға деген шынайы сенім болу керек. Атақты табиғин Сайд ибн Жубәйір: «Тәуекел – иманның кемелдігі» деген. Ал Жаратушы иеміздің өзі пенделерін тәуекел етуге шақырады. Ол жайлы әл-Имран сүресінде былай дейді:

«Егер бір іске бел байласаң Аллаға тәуекел ет. Сөзсіз Алла тәуекел етушілерді жақсы көреді».

فَإِذَا عَزَمْتَ فَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ يُحِبُّ الْمُتَوَكِّلِينَ 

         Міне қасиетті құранның осы сүресінде Аллаға нық сеніммен тәуекел ету Аллаға ұнамды іс екені көрсетіледі. Сонымен қатар барлық жаратылысты жаратушы, ризықтандырушы өзі болғандықтан тәуекел етушілердің ісін оңайластыру, үйлестіру ісін жүргізіп береке беру Раббымыздың игілігінде. Сондықтан біз, мұсылман халқы жақсы істе раббымызға тәуекел етіп, әрекетімізді жасаймыз. Алла Тағала тәуекел еткен құлдарының дәрежесін көтеріп, өзінің шексіз нығметіне бөлейді.

Ал сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

من قال يعني إذا خرج من بيته بسم الله توكلت على الله لا حول ولا قوة إلا بالله يقال له كفيت ووقيت وتنحى عنه الشيطان 

 «Кімде-кім үйінен шығар кезде Алланың атымен Аллаға тәуекел еттім, Алладан басқа күш те, қуатта жоқ десе оған Алла тарапынан  тура жолға түсірілдің, бар  қажеттіліктерің қамтамасыз етілді және корғауға алындың» делінеді. «Шайтан одан алыс жүреді»деген. (Термизи риуаяты) Осылайша тәуекел ету арқылы дұға жасасақ хадисте айтылғандай Алланың қорғауында боламыз, әрі ісіміз жеңілдетіледі.

         Ертеректе Ибраһим (а.с.) пайғамбардың қауымы от жағып, сол отқа лақтырғалы жатқанда Жебрейіл (а.с.) періште келіп, қаласаң саған жәрдем берейін деді. Сонда Ибраһим (а.с.) «Алла бізге жеткілікті, ол – қандай жақсы Уәкіл» деген болатын. Сонда Алла оның тәуекеліне разы болып, отқа бұйырады. Бұл жайлы құранда:

 قُلْنَا يَا نَارُ كُونِي بَرْدًا وَسَلَامًا عَلَىٰ إِبْرَاهِيمَ

 «Әй от! Ибраһимге салқын, әрі зиянсыз бол дедік» деген.

         Абдулла ибн Аббас (р.а.) «Егер Алла зиянсыз бол депайтпағандаоғаноттыңсалқынызиянқылареді» деген. (яғни үсіп қалар еді) Осылайша, Ибраһим (а.с.) оттан сау-саламат шықты. Бұл жағдай Ибраһим (а.с.) пайғамбардың басынан өткен сынақ болатын.

        

Тура тәуекелді айшықтайтын мына бір хадисте:

 

عَنْ أَنَسٍ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّهُ قَالَ: قَالَ رَجُلٌ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَعْقِلُهَا وَأَتَوَكَّلُ، أَوْ أُطْلِقُهَا وَأَتَوَكَّلُ؟ - لِنَاقَتِهِ، فَقَالَ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «اِعْقِلْهَا وَتَوَكَّلْ». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ.  

         «Бір кісі пайғамбарымыздан (с.а.с.) «Уа, Расулуллаһ! Түйемді байлап сосын тәуекел етейінбе? Әлде бос қойып, сосын тәуекел етейінбе?» деп сұрады. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.) «Алдымен байлап сосын тәуекел ет.»» - деді. (Термизи риуаяты)

         Бұл хадисте шынайы тәуекелдің қалай болатыны көрсетіледі, әрі адамзат баласы үшін мұнда үлкен ғибраттар бар. Тәуекел еттім деп қана қоймай әрекетіміз де керек екен. Және басқа бір хадисінде:

         عَنْ عُمَرَ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ: سَمِعْتُ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَقُولُ: لَوْ أَنَّكُمْ كُنْتُمْ تَوَكَّلُونَ عَلَى اللَّهِ حَقَّ تَوَكُّلِهِ لَرُزِقْتُمْ كَمَا يُرْزَقُ الطَّيْرُ تَغْدُو خِمَاصًا وَتَرُوحُ بِطَانًا   

         Хазреті Омар (р.а.) Алланың Елшісінің (с.а.с.): «Егер сендер Аллаға нық тәуекел етсеңдер, онда Ол сендерге таңертең қарындары қабысып шығып, кешке қарай тоқ оралған құстардың ризықтандырылғаны сияқты, сендерге ризық берер еді», – дегенін естігендігін айтады. (Термизи риуаяты)

«Тура тәуекел - Раббыны разы етеді» Яғни, Өзіне тәуекел етіп үйінен бала шағасының несібесін іздеп шыққан құлының алақанын Алла бос қайтармайды. Өйткені, бұл жаһанда ешкім қараптан қарап ашыққан емес.

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сахабасы Абдуллаһ ибн Мәсғуд (р.а.) хәл үстінде жатқанда хәлін білуге мүміндердің әміршісі хазірет Осман (р.а.) келеді. Сонда ибн Мәсғуд (р.а.): «Күнәләрімнан қорқамын,» деп уайымын айтты. Сонда да ол кісі «Қандай қалауың бар?» – деді. Ибн Мәсғуд: «Алланың мейірімін қалаймын» деді. Хазірет Осман: «Саған дәрігер жіберейін бе?» деді. Ол кісі «Дәрігердің өзі мені ауру қылған,» деді. Осман (р.а.) «Онда саған жәрдем ақы бергізейін,» -деді. «Оған да мұқтаж емеспін» - деді. Ал хазіреті Осман (р.а.): «Ойлан артыңда өсіп келе жатқан қыздарың бар,» деді. Ибн Мәсғуд (р.а.) «Қыздарым кедей болып қалады деп қорқасың ба? Уайымдама, мен оларға күніге түнде «Уақиға» сүресін оқытамын. Өйткені, Расулуллаһтың былай дегенін естіген едім: «Кімде-кім әр түні «Уақиға» сүресін оқыса, еш уақытта таршылық пен тапшылықтың тауқыметін тартпайды»» деген.

         Ибн Мәсғуд (р.а.) хадисте айтылған сүрені оқып жүрсе қыздарым тарықпасдеп, Аллаға тапсырып тәуекел еткен еді.

Ия, құранның осы сүресін әр түні ықылыспен оқып, Алладан үміт етсек, Жаратушы иеміз күтпеген жерден ризықтандырады. Кейде өмірде Алланың тосын сыйын көріп жатамыз, сонда Алланың құдіретіне таң қалып мақтау айтамыз. Бұл ғаламды Раббымыздың өзі реттеп отқаны баршамызға мәлім. Алланың өзі үйлестірмесе жердегі, судағы барлық жаратылыс өз несібесін табалмас еді, мұнша ғасырлар бойы ризық-несібе жетпес еді.

 Құранда Алла Тағала былай дейді:وَمَن يَتَوَكَّلْ عَلَى اللَّهِ فَهُوَ حَسْبُه

         «Кім Аллаға тәуекел етсе, ол оған жеткілікті»

Ибн Аббас (Алла әкесі екеуіне разы болсын) риуаят еткен хадисте Алланың елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Менің алдыма қауымдар көрсетілді. Мен бір пайғамбарды көрдім, онымен бірге бір топ адамдары бар. Тағы бір пайғамбардың жанында бір не екі ер адам тұр, басқа бір пайғамбарды көріп едім, онымен бірге ешкім де жоқ екен. Аяқ астынан менің алдымнан саны көп қара топ көрінді. Мен оларды өзімнің қауымым деп ойладым. Бірақ маған: «Бұл Мұса және қауымы,» делінді. Содан кейін қарап едім, алдымнан саны көп қара топ көрінді. Сонда маған: «Бұл сенің қауымың және олардың арасында жетпіс мыңы есепке тартылмай, азап шекпей жұмаққа кіреді» делінді. Содан кейін пайғамбар тұрды да өз үйіне кіріп кетті. Ал жұрт болса солар (жетпіс мың) жайлы талдауға кірісіп кетті. Кейбіреулер: Мүмкін бұлар Алланың елшісінің(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) сахабалары шығар,— деді. Тағы біреулері: Мүмкін бұлар Исламда туылып, Аллаға еш нәрсені серік қоспағандар шығар, — деді. Тағы басқа да нәрселерді еске алды. Сол кезде Алланың елшісі(Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын)олардың алдарынан шықты. Олар не жайт болғанын хабарлағанда, пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Олар дем салдырмайды, күйдіруді талап етпейді, еш нәрсені ырымға болжамайды және Раббыларына тәуекел етеді,» — деді. (Имам Бухари, Имам Муслим)

Алланың белгілеген тағдырына разы болып, әрбір істе сабырлық танытқан, бір Өзіне сенім артып, тәуекел еткен құлдарына – Алланың сыйапаты шексіз болмақ.

Әділетті халифалардың бірі Омар ибн Абдул Әзиз дүниеден өтер шағында балаларын шақыртады. Олардың саны 20 жуық еді. Ұлдарына қарап, көзіне жас алып, бұларды жас әрі кедей күйінде қалдырып барамын деп уайым жеген еді. Сосын оларға қарап: «Ұлдарым! Сендерге көп жақсылық қалдырдым. Сендерді халық көрген жерінде құрметтеп, әрі қарыздар екенін айтатын болады» – деді. «Сендерде екі таңдау бар. Бірі байып, әкемізді тозаққа кіргіземіз немесе екіншісі кедей күйімізде қалып әкемізді жәннатқа кіргіземіз. Сендер әкелеріңнің тозаққа кіруін байлықпен айырбастамайтын шығарсыңдар» – деді. «Сосын Алла сендерді күнә істерден сақтасын! Сендерге ризық берсін деп дұға жасап, құрандағы аятқа сай тәуекел етеді. Құранда Аллаһ былай деп бұйырады:

وَلْيَخْشَ الَّذِينَ لَوْ تَرَكُوا مِنْ خَلْفِهِمْ ذُرِّيَّةً ضِعَافًا خَافُوا عَلَيْهِمْ فَلْيَتَّقُوا اللَّهَ وَلْيَقُولُوا قَوْلًا سَدِيدًا

«Арттарында жас балалар қалдырса, оларға не болар екен деп уайым жесін. Алладан қорықсын да, дұрыс сөз айтсын» - деген.

Тарихшылардың айтуы бойынша: Балаларының ешқайсысы да өмірде таршылық көрмеген.

Әрбір сәби анасының құрсағында жатқанда ризық-несібесі белгіленеді. Сол ризықты адал немесе арам жолмен табу еркі өзінде болады. Біз пендешілікке салынып, қулық айлаға жүгініп жатамыз. Әсілінде адам сол ризықты ерте ме кешпе көрмей, дүниеден өтпейді. Омар ибн Абдул Азиз (Алла оны рахымына бөлесін) бір тоқты дүниеге келсе, артық жусанның шығатынын біліп, Аллаға тапсырып жақсы насихатын айтып дүниеден өтті.

Ал, ата-бабаларымыз тәуекел етуді: «Тәуекел тау жығады», «Тәуекел кемесі суға батпайды», «Тәуекелсіз іс бітпейді», «Тәуекел етпеген арықтан өтпейді» – деген нақыл сөздер айтып кеткен.

Айнабек АХМЕТОВ,

Тараз қаласы Әбдіқадір

мешітінің бас имамы

 

         

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: