“Кім Аллаға (С.Т) қияметке сенсе, жақсы сөз айтсын немесе үндемесін” – деген хадисті естіген бала үндемей қояды. Әкесі дәрігерге қаратады. Ол: “Балаңның ешқандай ауруы жоқ, бірақ зеріккен болар,серуендет” -дейді.
Серуендеп жүргенде шиқылдап қоймай қойған тотықұсты әкесі ұстап алып, торға салып қояды. Сонда бала тотықұсқа: “Сен үндемей-ақ, шиқылдамай-ақ қойғанда тор-қапасқа түспес едің” – дейді. Мұны әкесі естіп қояды да: “Сен сөйлей алады екенсің ғой, адамды құр босқа әуре-сарсаңға түсіріп жүр екенсің ғой” – дейді де, баласын шапалақпен тартып жібереді.
Сонда бала: “Мен сөйлемесем, мен де пайда табатын едім, сөйлеймін деп таяқ жедім” – деген екен.