Әбу Әли ибн Синаның хикаялары

Әбу Әли ибн Синаның хикаялары

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір күні түнде шипагердің үиіне аттылы, түйелі екі адам келіп, көліктерін байлап өздері керуен сарайға қонады. Ертеңгілік ерте тұрған ибн Сина аттың байлауын тез шешіп, түйенің байлауына келгенде әбден машақаттанады, шеше алмайды.

Сол кезде оның қасына аттылы жолаушы келеді. Ибн Сина: “Япырай, мына түйелі кісі ақылынан қатты адасқан адам екен” – дейді. “Тақсыр, оныңыз рас, бірақ ол кісінің өзін көрмей жатып, ауруын қалай біле қойдыңыз?” – деп таң қалған жолаушыға шипагер: “Есалаң ауру байлаған жіпті ақылды адам шеше алмайды” – депті сонда Авиценна. Қазақта “Соқырдың тыққанын сау таппайды” деген мақал бар.

Бір күні бір-біріне еріп екі жынды кетіп бара жатады. Қасындағылар Ибн Синадан: “Мына екеуінің ең сорақысы қайсысы?” – деп сұрапты. Дәрігер: “Соңғысы, себебі жындының өзінен гөрі оған ергені, ілескені жаман” – депті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: