Бес артық

Бес артық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Дінсіз біреу діндарға келіп былай депті: “Молдеке, мен өмірімде көп күнәға батып ем. Күнәмнан арылтып, Алланың кешірімін әперші”. “Сенің жүрегің бес лай арық құйып жатқан тоған секілді екен. Тоғанның лайланғаны сондай, ботана суын ағызып қана тазартуға болады” – депті сонда діндар.

“Ол не қылған бес арық?”. “Ол жамандық пен надандық әкелетін бұлақтар ғой” – депті діндар. “Бірінші арық – сенің көздерің. Мұсылман әйелдерге бұзылған көзіңді сүзе берме. Екінші арық – сенің аузың. Егер ораза ұстап, дұға оқып жүрсең – Аллаға жағасың. Шариғат қаламағанды ішіп-жеуші болма. Үшінші арық – бұл сенің миың, сені әділетсіз, залым қылып, менмендік пен өркөкіректікке бастап жүрген – сол. Төртінші арық – сенің аяқтарың, сені көргенсіз жолға бастап, жын- ойнақ пен қызойнаққа апарып жүрген – сол. Бесінші арық – кеселді сөз бен өсек теріп жүрген сенің құлағың. Осы бес арықты ағызып жіберсең – шықтай тұнып, тазарып шығар едің”.

Сонда әлгі адам: “Екінші рет қайталамаймын, я Жаратқан Ием, өзің жар бола гөр!” – деп, тәубесіне келген екен дейді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: