Калифорния штаты мұсылмандарының балалары ересектермен бірге демалыстарын рухани әрі денсаулықтарына пайдалы өткізу үшін 55 жылдан бері әр жазда орманға аттанады. Калифорния мұсылман балаларының лагерінің негізін марқұм Маргуб Курайши мен оның жұбайы Рене Иффат Курайши 1961 жылы қалаған екен.
Шығу тегі үнді-пәкістандық Маргуб Ислам дінін қабылдаған жұбайының және қыздарының жүрегіне осы асыл дінге деген сүйіспеншілікті ұялатқан. 2005 жылы ақсақал қайтыс болғанда, оның қыздары жыл сайын жазғы лагерьді ұйымдастырып, оны өткізіп тұруды қолдарына алған.
«Менің әкем Исламды жақсылық, теңдік, әлеуметтік әділдік күші әрі білім алуға ұмтылыс деп санаған», - дейді колледждердің бірінде ислам капелланы қызметін атқарушы, мұсылман көшбасшысы Амир Курайшидің қызы.
Калифорниядағы лагерь ең үздік америкалық дәстүрде, яғни, сапарға шығу, суға түсу, таза ауада ойнау және кәуәп жасаумен өтеді. Тек діни компоненттерімен ғана ерекшеленеді - балалар мен ересектер бірге құлшылық етеді әрі дінді оқып-үйренеді.
hibatulla.kz
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған қарап: «Басқаларға мейірімділік етпегеннің өзі де мейірімділікке бөленбейді», – деді