Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында шамамен 25 адам Болгар ислам академиясының бірінші студенттері болмақ.
Татарстан аумағындағы Болгар ислам академиясының ашылуы осы жылдың 4 қыркүйегіне жоспарланып отыр. Бұл жөнінде ТР Бас мүфтиі Камил хазірет Самигуллин мәлімдеген.
Айта кету керек, Рустам Минниханов 2015 жылдың қарашасында мұсылман оқу орнын ашу туралы жарлыққа қол қойған болатын. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында шамамен 25 адам Болгар ислам академиясының бірінші студенттері болмақ. Оқу тегін болмақ, сонымен қоса, талапкерлерді тарту үшін шәкіртақы тағайындалмақшы.
Аталмыш оқу орнына оқытушылар ретінде Марокко, Иордания, Сирия мен Малайзиядан мамандарды қызметке тартпақшы.
muftyat.kz
Алла тағала: «Бүгін Мен сендер үшін діндеріңді кемеліне жеткізіп, сендерге Өз нығметімді толық етіп бердім және сендер үшін (тек) Исламды дін етіп таңдадым» Мәида, 3.