Саудия-палестиналық компания Меккедегі қажылық кезінде мұсылмандарға қо-лайлы жағдай туғы-затын жоғары техноло-гиялық қолшатыр жасап шығарды.
«Ақылды қолша-тырдың» үстіңгі жа-ғында күн сәулесін пайдаланатын панельдер орнатылған. Бұйымды жасаушылардың бірі Маналь Дандистің сөзінше, күн арқылы келген барлық электр тогы қолшатырдың сабында тұрады. Керек кезінде сол арқылы фонарикті, желдеткішті және қажылардың бір-бірін тауып алулары үшін GPS жүйесін қосуға болады.
Сондай-ақ, қолшатыр сабындағы үш USB-порттар арқылы телефон мен ноутбукты да зарядтап алуға мүмкіндік бар.
Бұл жасалым алдағы 10 жыл ішінде қажылар үшін аса қажет дүние болмақ. Себебі, бұл кезеңде қажылық жаз айларына, яғни нағыз ыстық уақытқа тура келеді.
hibatulla.kz
Хадисте: «Менің сүннетіме ілескен адам – мені шын жақсы көретін және менімен жұмақта болатын адам» (Тирмизи)