Бұл мұсылман күнделікті 300 адамды тамақтандырып жүр.

Бұл мұсылман күнделікті 300 адамды тамақтандырып жүр.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сабария Хусейн есімді мұсылман мешіт жамағатына түрлі тағам дайындау арқылы қала үмбетінің өміріне белсенді араласып келеді.

Канадалық Монреаль қаласының тұрғыны 70 жасар Сабария Хусейн күнделікті 300 адамға ас дайындайды. Өзі дайындаған ас пен суын мұсылман әйел үйсіз-күйсіз жандарға таратады. 

Мұсылман әйел Канадада 30 жылдай уақыт өмір сүрген. Бұл елге Куала-Лумпурде халықаралық аспаздық курсын тәмамдаған соң келген болатын. Бүгінде Сабария Хусейн мешіт жамағаттарына мыңдаған тағамдар дайындау арқылы қала үмбетінің өміріне белсенді араласуда.

Сонымен қатар, Сабария жергілікті шіркеу келушілерімен де етене араласады, осылайша ол дініне, нәсілі мен жынысына қарамай мұқтаж жандардың бәріне қол ұшын беріп келеді. Өзінің егде тартқан жасына қарамастан, ол өзінің «Біздің екінші үйіміз» атты әйелдер үйін де шырқ үйіріп басқарып отыр. 

hibatulla.kz


Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын): «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ешбір адам сусынды түрегеліп тұрған қалпында ішуші болмасын. Ал кім ұмытып кетсе, құсып тастасын» деді». (Муслим). 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: