Осы жылы Сауд Арабия алғаш рет ұйымдастыру жұмыстарына және қажылық парызын өтеу барысында қажыларға көмектесу үшін еріктілерді тартып отыр. Йеменнің шығыс шет аймағының жастары қажыларға көмектесу мақсатында еріктілер қозғалысын ұйымдастырған. Осы жылы Йеменнің Хадрамаутынан 300 ерікті жастар қажылық сапарға аттанушыларға өз көмектерін ұсынған екен.
Еріктілердің міндеті – бірінші медициналық көмек көрсету, сумен қамтамасыз ету және пайда болар қиындықтарды шешу. Еріктілердің барлық іс-әрекеттері қажылықты өтеуін жеңілдетуге бағытталған.
«Бұл мен бұрын көріп-білмеген ең ұлы қайырымдылық гуманитарлық жоба», — деп атап өтті Уақып орталығының директоры Мурад Собейх.
Осы орайда, айта кету керек, үстіміздегі жылы Сауд Арабия алғаш рет ұйымдастыру жұмыстарына және қажылық парызын өтеу барысында қажыларға көмектесу үшін еріктілерді тартып отыр.
muftyat.kz
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім Арафатта тұрып, Алла тағала өзінің күнәсін кешірмейді деп ойласа, ең ауыр күнә алады» [ Әд-Дәйләми, Муснәд әл-Фирдәус.], – деген.