Өлімді ойлап, көп еске алу және оған дайын болу.

Өлімді ойлап, көп еске алу және оған дайын болу.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мақтаулар  Аллаһ тағала үшін.  Ол Аллаһ өліммен - рақымсыз, қатал, жауыздың мойнын, залым патшалардың белін және өлмейтіндей уақытын босқа, қулық-сұмдықпен, келеке-мазақпен өткізгендердің істерін пайдасыз қылды. Зәбір мен опық жегізді. Олар өлімді жақтырмайтын, қашатын еді. Бірақ Һақ тағаланың уәде уақыты келгенде, оларға өлімді көрсетті және сарайларын мазарға, үйлерінің жарығын жан-жағы таспен өрілген, төбесі жабық қараңғы қабірге, қыз-қырқынмен көңіл көтеретін оларды құрт-құмырсқа құшағына, жер бетіндегі ойын-сауықтан жер астындағы қайғы-қасіретке, дос-жаранмен бірге болудан қабірде жалғыздыққа, жұмсақ атлас төсектен, қатты топыраққа өтті. Олардың салтанаты, сәнді-сәулеті, өлімнен қорғап қала алмады. Қане, олардың даусы шығып жатыр ма? Бүкіл жандылардың тағдыры өліммен аяқталатыны, одан кейін тақуалар ушін жалған дүниеден мәңгі бақытқа қауышуы болмақ. Қарсы шыққандар үшін де еркіндігін қолынан алған Аллаһқа мақтаулар мен мадақтаулар айтайық. Жер мен көк, әуелі, соңы, мадақ - Ол үшін

.

Салауат-сәлем ашық мұғжиза және әлемге жіберілген Мұхаммед Мұстафаға (с.а.с) және жанұясына болсын.
Бұдан кейін, өзіне өлім кездескен адамға, баратын жерің топырақ,  достарың  құрт-құмырсқалар, сөйлесетінің Мүңкәр мен Нәкір періштелері, керуетің мазар, әрдайым тұратын жерің топырақ, тұрағың қиямет, пікірің және сөйлеген сөзің өлім болмақ. Өлім үшін дайындалуың, соған қарай әрекет етуің, өлімді күтуің және соған қарай бар мүкіншілікті пайдаланып дайындалуың, тіпті адам өзін мазардағы өлген адамдардан есептеуі қажет. Өйткені бізден ұзақ болған нәрселер, еш болмайды. Әйтпесе болатын әрбір нәрсе бізге жақын. Ақылды адам өлім үшін дайын болу керек. Бір нәрсе үшін дайындалып жүру, ол нәрсені қайта-қайта еске алып жүрумен болады.  Еске түсіру үшін де еске түсіретін нәрселермен шұғылдану арқылы мүмкін болмақ.
Осы үшін де біз өлімді еске алуымыз, өлместен бұрын, өлімнен кейінгі жағдайларды, ахрет және қиямет жағдайларын, жаннат және жаһаннамды қайта-қайта айтып, өлімді еске алу керектігін түсіндіреміз. Мақсатым өлім үшін дайындалудың қажеттілігін, одан қашпау керектігін түсіндірмек. Өйткені өмірімізден аз ғана ғұмырымыз қалды. Өлім жолаушысы жақындады. Бірақ өкініштісі, біз  бұл жағдайлардан қаперсізбіз. Оның үстіне Аят-кәримде де:

 

«Адам баласының есеп көретін мезгілі таяды. Алайда, олар қаперсіз бет бұруда»,- деп бұйырады. (Әнбия-1) Дүниенің рахатын сүйген, оған алданып бойын үйреткен - адам, өлімнен ғапыл болған және өлімді айтқан кезде, оны жек көреді. Міне осы сияқтылар жайында Аллаһ Тағала тағы да:
«Айт оларға: Расында сендер қашқан өлім, әрине ол-өлім сендерге кездеседі. Сосын көместі-көрнеуді білуші Аллаһқа қайтарыласыңдар. Ол сендерге істеген істеріңді түсіндіреді», - деп бұйырады. (Жұма-8)


Қасиетті Құран кәрімде: «Ол сондай Аллаһ, ізгі іс жүзінде, қайсыларың жақсы амал істегендеріңді білдіру үшін, өлім мен тіршілікті жаратқан». (Мүлк сүресі-2) Бұның тәфсирінде: «Қайсыңыз көп өлімді еске алады, қайсыңыз ол үшінде көп дайындалады және қайсыңыз одан көп қорқады, демек»,- деп айтады. Сол үшінде жақсылық жасауға  асығыңыздар, жаныңызды алды ма, бұдан кейін  Аллаһ  Тағалаға жақындаттыратын бір де бір амал ете алмайсыздар.  Аллаһ Тағала күнәһар пендесін өлгеннен кейін раһмет етсе болар еді, оның күнәларын есіне түсіріп санағанда, кешіретін амал істей алатындай мүмкіншілігі болса егер. Өлгеннен кейін бәрі кеш. Бұдан кейін ол адам өзі үшін жылайды. Құран Кәрімде:

 

«Біз олардың күндерін, анық есеп-қисап қылып тұрамыз»,- деп бұйырады. (Мариям-84) Соңғы есеп-қисап күнің, жаныңның шығуы, соңғы амал, бала-шағаңнан айырылуың, бұл деген қабірге кіруің демек.
Демек бұл - өлім, өмірдің ащы шындығы. Одан қашу мүмкін емес. Бұл шындықты көре-көре адамдар ахретті жоққа шығарумен немесе мақсатсыз өмір сүрумен күнін  өткізеді. Өлімді жай нәрсе сияқты көріп, одан құтылудың жолдарын іздей бастайды. Бірақ, бүкіл бұл  әрекеттер, адамның өзін сендіргендіктен, өзін алдаусыратқаннан болады. Сондықтан Құран Кәрімде былай деп бұйырады:

 

«Өлім мастығы бір шындық болып, адамға келеді де: \ Міне бұл, сенің қашып жүрген нәрсең»,- дер. (Қаф сүресі-19) Және тағы бір аятта:
«Қай жерде болмаңдар, тіпті, мықты қорғандар ішінде болсаңдар да, өлім сендерді тауып алады»,- деп бұйырады. (Ниса-78)
Дүниені жақсы көріп қалғанда, өлімді еске алыңыздар. Егер мен өлмейтін болғанымда, сені жақсы көререм, сенімен ләззат аларем  деп, өлімді еске алған абзал. Хз. Пайғамбарымыздың мына сөзі бар: «Ләззатты пышақтай кесетін - өлімді, көп еске алыңдар»,- деп айтқан. (Тирмизи,зуһд-4 Насаи,жаназа-3 ибн Мажаһ, зуһд-31)


Хз. Пайғамбарымыз (с.а.с): «Егер өлімнің шашынан бір тал қыл жер мен көк халқына түссе, азабынан бәрі өледі»,- дейді. (ибн Абдидүния Майсарден)
Әрбір жандылар сияқты адам баласы да өледі. Бірақ, өлу деген жоқ болу емес. Қайтадан бір жаратылыс, жаңа бір өмірдің басталуы. Қабірден бастау алады. Жақсы адам қабірде жатып, жаннаттың бір бақшасын көреді, жаман адам да, тозақтың бір шұқырын көреді. Сондықтан, адам өз қабірін, иманмен және ғибадатпен жаннат бақшасына айналдыра алады.
Хз. Пайғамбарымыз (с.а.с): «Аллаһтың өлімін жақсы көрмегенді, Аллаһта оны жақсы көрмейді»,- деген. (Бұхари және Муслим)
Хз. Пайғамбарымыздан ансардан болған бір адам келіп, қандай адам ең ақылды деп сұрағанда:  Хз. Пайғамбарымыз (с.а.с) айтады: «Ақылды адам, өзін өлмей тұрып есепке алады және өлім үшін дайындалып жүреді» - деп жауап береді. (Тирмизи)
Мақсатына жету үшін, оған деген қатты құштарлықтың екі себебі бар. Біреуі жаһилдік, біреуіде дүниеге деген махаббаты.

 

Дүниені жақсы көрудің мысалы: Адам баласы дүние мен дүние ләззатына  шақуаты ояанып, дүниемен дос болады. Бұл әдет адамның бойына сіңеді. Бұдан кейін адам баласына бұл дүниеден айырылу ауыр келеді. Дүниеден айыратын өлімді еске алғысы келмейді. Еске алсада қамығып (зорға) барып есіне алады. Бұл үшінде - өлімді өлердей жек көреді. Бұндай әрекет адамды Аллаһтан ұзақтатқаннан басқа пайда келтірмейді. Адамзат өзіне ұнамаған нәрсені, өзінен ұзақтатуды қалайды. Осы кезде адамзат - уақытын пайдасыз, негізсіз нәрселерді ойлаумен санасын улайды. Бос нәрселерге өмірін толтырады.

 

Адам баласы өз қалауын іздейді. Ол қалауыда - ұзақ өмір сүрмек. Тоқтаусыз өмір сүруді ойлаған адам, ұзақ өмір үшін қажет - үй, мал, бала-шаға, дос-жаран, мінетін көлік тағы басқа да дүниелерді дайындау үшін, күшін сарп етеді. Жүрегі дүниеге ғашық болып, басқаны ұмытады. Өлімді де ұмытады. Оның жақындағанын да ұмытады, ойламайды да. Егер өлім қорқынышымен жолыға қалса: «Тоқтай тұр әлі уақыт бар»,- деп тәубесін айтудың орнына кешіктіре бастайды. Өскенде де: «Тоқтай тұр, әлі қартаймадым». Қартайса да: «Анау құрлысым бар, сапарым бар, той шығындары бар, үй басшысы бар, ана адамның жауыздығы бар, қастандығы және дөрекілігі бар, анау ісім бар мынау ісім бар» деп, жүргенде күндеріміз - іс, жұмыс, деумен өтеді. Бір іс бітсе екінші іс тағы шығады. Сөйтіп ахрет үшін қызметіңді кешіктіресің. Ақыры бір күн, күтпеген уақытта өлім, келіп алар. Сол кезде сап етіп; «қап» деген өкініш пайда болады. Қатты өкінесің. Бірақ, бәрі кеш болады.

 

Тозақылықтардың көбісінің өкініштері, бүгінгі ісін ертеңге қалдырғандардан. Яғни, жалқаудың - ертеңі бітпес деген дей. Пендешілік,  бүгінгі  ісін ертеңге қалдырған ісі болмақ. Ол ісі де Аллаһтың бір күні еді және ол күн де онымен бірге еді. Біз ойлаймыз бұл істен өстеп құтылайықшы деп. Бірақ, біз бұл дүниенің күйбең тіршілігінің бітпейтінін білеміз бе?! Тек, одан құтылу дүниеге қатты қызықпау, тақуалық арқылы болатынын түсіне бермейміз. «Ешкім дүниеде өзінің мұхтаждығын толтыра алмаған. Бір мұқтаждығын толтырғанымен, екінші мұхтаждығы тағы шығады»,- деген екен. Хз. Пайғамбарымыздың (с.а.с): «Кімді және нені жақсы көрсең, соңында одан айырыласың»,- деген сөзін білмегендіктен болып жатқан нәрсе.


Екінші себебі болған жаһилдіктің (надандықтың) мысалы болса:  Адам өзінің жастығына сеніп, өлімнің өзінен ұзақ екенін ойлайды. Алайда, бұл бейшара адам, отанында болып жатқан қартардан, жастардан  онда бірін алып жатқанын, қартардан да жастардың көп кетіп жатқанын түсінбегендіктен болып жатыр. Бір қарт өлсе артынан да бір баланы алып жатыр. Кейде адамдардың біразы да, денсаулығының мықты болғандығынан өлімді ойламауы да мүмкін. Дегенмен, қаншама адамдар денсаулығы мықты болғанымен күтпеген жерден өліп кетіп жатқандарын білеміз. Сондықтан өлімнің ұзақ болмағаны сияқты, сау адамныңда табан астынан ауруға ұшырап кетуіде ғажап емес. Мысалыға, жол қақтығыстары. Әрбір ауру күтпеген жерден келеді. Ауру адамның да өлімі де жақын болмақ.

 

Егер, біз бұл дүниені біраз ойланып, өлімді - бала, жас-кәрі сияқты, жастықтың өз шекерасы бары болғандай, және де жаз, көктем, қыс, күз мезгілі, кеш және түн сияқты бір-біріне қарамайтыны сияқты, бұлардың іс-әрекетін біз білсек ақылымызды жинайуымыз мүмкін ғой? Бірақ, бұлардың барлығын білмегендік және дүниеге ғашық болудан. Адамды дүниеге деген құмарлығын ояатып және жақын қалған өлімді,  ұмыттыруға сүйрейді. Өлімнің тырнағына түсетінімізді түсінбейміз. Біз әрқашан біреудің жаназасында боламыз және осығанда үйренеміз. Әрине, біреудің өлгенін көреміз, өйткені өлген біз емес қой - біреу. Өйткені, өлетінімізді ойламайиыз, біз ол адамның жағдайын түсінетіндей кейіпте емеспіз.
Бұл надандықтың емі: Өзін өлі адамдардан санау. Өзіңніңде бір күні жаназаңды шығаратынын, мазарға қоятыныңды, мүмкін дайын тұрған мазарға кіретініңді түсіну керек. «Кейін істеймін»,- деген сөз тек надандық екенін білу міндетті.

 

Дүниені жақсы көретінге келетін болсақ, оны көңілден алу өте қиын. Ол сондай адам бойына сіңген бір ауру іспетті. Көп нәрсе оған шамасы жете бермейді, бұның бір емі. Ол да,  ахрет күніне және ол жерде берілетін үлкен жазаларға және үлкен сый күтіп тұрғанына иман келтіру. Бұл иман яқини дәрежеге дейін барғанда, иман күшейгенде, бұдан кейінгі мәселе яғни дүние махаббаты жай-жай кете беретін болады.

 

Адам баласы бұл дүниенің уақытша екенін түсіну керек.  Бұл дүние тек пайдаланатын жер екенін білген жөн. Дүниені жүрекке емес, қолға ұстаған дұрыс. Бірақ, дүниенің ажал тырнағына түспеуіміз керек. Істеу қажет болған ғибадаттарды орындап, жақсы амалдарды күнен-күнге артыруымыз қажет. Уақытымыз бен денсаулығымызды ойлап, бұлардың қадірін түсіне отырып дұрыс нәрсеге жұмсау біздің міндетіміз, ағайын. Құран Кәрімде айтқандай:
«Ешкім ертең қандай пайда табатынын білмейді. Және ешкім қай жерде өлетінін білмейді»,- деп бұйырады. (Лұқман сүресі,34) Өзедеріңіз көріп отырғандай, қашан өлетінімізді бір Аллаһтан басқа ешкім білмейді. Осы нәрсені білгеннен кейін қалай рахаттанып жүреміз?!  Және де қасиетті Құран Кәрімде:


«Енді, қашан, оларға ажалдары жетіп келгенде, оны бірер сағат артқа сүйрей алмайды, не де ілгерлете алмайды». (Нақыл сүресі,61) Әркімнің дүниеден алатын, жұтатын ауалары санаулы. Адам баласы дүниеге келгеннен бастап өлімін көретін уақытқа дейін, көрінбейтін бір жарылғыш зат қойылады. Содан бастап, сағаттын кері санап, өмірі таусылғанда, Аллаһтың берген уақыты біткен де, ол зат жарылады. Ол пенденің қияметі қопарылды деген сөз.

 

Сондықтан өлім бұл Аллаһтың заңы. Ол заінан асып кете алмаймыз. Аллаһ Тағала бізге екі нәрсені бұйырды, біреуі әмірін орындау екішісіде өзіне қарсы келмеу.
 Ағайын, мұсылмандардың бір-біріне тірі кезінде жүктелген міндеттері болады. Өлімнен кейін де міндеттері бар. Өлген мұсылманның қажетті жабдықтарын және кебендеу істерін істеу, жаназа намазын оқу, артынан да дұға ету. Артында қалған туыс-бауырларына, бала-шағасына жақсылық  тілеу. Бұлар ең бірінші орындалатын істер болып саналады. Жақындарына, өлген адамның өсиетін орындау керек. Дүниеден өткен адамдар жайында жақсылықтарын еске алу. Өлімнен ғибарат алу. Өлімді еске алу үшінде қабірлерді зиярат ету. Өлген адамның артынан да бақырып-шақыру, жағасын парша-парша қып жырту, жаназада қол шапалақтау, Исламда жоқ іс-әрекеттерден болып саналады.
Бізді тура жолынан адастырмасын! Отанымыз жақсылыққа толсын. Әр дайым бұл дүниенің уақытша екенін және сынақ екенін естен шығармайық. Аллаһтың сүйікті құлы болуына асығайық. Әмин.
           


           Талас аудандық орталық мешітінің найб имамы
                                                                     Акбар Оразбаев.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: