Әйелдің ұяты - орамал. Қазақ халқы қыз тәрбиесіне ерекше мән берген. Қазақ жерiнiң әр аймағының ауа-райына тән әйелдердiң кимешегi әртүрлi болған, сондай-ақ, ол жас ерекшелiктерiне қарай түрлi үлгiде тiгiлген. Ата-бабаларымыз Құран қағидасына қарсы шықпаған. Керiсiнше, оны ғұрпымен сабақ-тастырып, ою-өрнегiмен көркем-деп, өзiнiң төл киiм үлгiсiне айналдыра бiлген.
«Құдайдан қорықпағаннан қорық» дейді дана халқымыз. Алайда соңғы кездерi қоғамдық көзқарас басқаша. Керiсiнше, Құдайдан қорыққаннан қорқуға үндейтiн көзқарастардың кең насихатталуы жалпы жұрт арасында пiкiр қайшылығын тудыруда. Қалыпты – қауiптiге, қауiптi – қалыптыға айналды. Соның дәлелi болар, қоғамда әйел адамның етек-жеңiн қымтап жүруi, жартылай жалаңаштанудан да тұрпайы көрiнiс табуда. Қоғамда заман талабына iлесудiң өлшемi – «жалаңаштану» сияқты көзқарас қалыптасты.
Ал орамал тағып, ұзын етек киiп жүрген жандар замана көшiне iлесе алмай, қатардан қалып қойған ескiшiл адамдардай бағалануда. Бүгiнде әйел баласы бейне бiр зат секiлдi, әркiмнiң ойына келген арам пиғылдарына ойыншық болуы өкiнiштi-ақ. Мысалы әйелдiң жалаңаш тәнi өзгелердiң назарын тарту үшiн кәсiпкерлердiң тауарларын жарнамалайтын құралға айналды. Әйтпесе, газет жарнамасында, көрмеге қойылған жап-жаңа көліктің жанында жалаңаш тәнiмен тұрған әйелдiң оған қандай қатысы бар дерсiң?!
Әуретін жапқан қыздардың қоғамдық ортада «отырса – опақ, тұрса – сопақ» көрiнiп жатқан жайы бар. Жатырқап, жақтырмай қарайды. Мұның астарында не сыр бар? Дәстүрімізді жоққа шығарып, азғындағанымыз ба?
hibatulla.kz
«Қияметтің белгілерінің бірі – дін ілімі азаяды, сауатсыздық көбейеді, зина жасау етек алады, әйелдер көбейіп, еркектер азаяды. Тіпті, елу әйелдің бір ғана қараушысы болады» (Бухари)