Кельнде орталық мешіт ашылды (DITIB-Zentralmoschee Köln, Merkez-Cami). Мешіт Осман сәулет стилінде салынған. Оның шыны күмбезі мен екі мұнарасы 55-метрді құрайды.
Мешітінің сәулетшісі Пауль Бёмның жоспары бойынша мешіт қабырғасы келушілерге ашықтық пен қонақжайлылық атмосферасын құру үшін шыныдан жасалған. Сонымен қатар кешеннің қосымша секциялары: холл, мейрамхана және дүкендер барлық конфессиялардың келушілері үшін ашық.
Кёльнның орталық мешіті Германияның ғана емес, сонымен қатар бүкіл Еуропаның ең ірі және заманауи мешітіне айналды.
Мешіт 4500 шаршы метр аумақты қамтиды және 2 мыңнан 4 мыңға дейін келушілерді сыйдыра алады.
hibatulla.kz
Сүйікті Пайғамбарамыз (с.ғ.с): «Кімде кім мұсылмандар мен бірге тұратын өзге дін өкілдерін өлтіретін болса, ол жәннаттың иісін де иіскемейді…» (Имам Насай).