Мұсылман әйелдің әрекеті миллионның жүрегін елжіретті.

Мұсылман әйелдің әрекеті миллионның жүрегін елжіретті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ғаламторда мұсылман әйелдің ауырып құлап қалған егде әйелдің жанында отырған суреті тарап үлгерді. Оқиға Лондонда орын алған болатын.

Автобуста кемпірдің жүрегі қысылып, есік пен металл құрылымның ортасына сылқ құлады. Қартқа бей-жай қарамай алғашқы медициналық көмекке бірінші болып келген мұсылман әйел еді.

Оқиға куәгерлерінің бірі әлеуметтік желіге осы сәтте түсіріп алған суреттін салып, былай деп жазды: "Мұсылман әйел дереу кемпірдің қолынан ұстап, қолдау сөздерді айтып көмек көрсете бастады. Бұл жедел жәрдем келгенше шамамен 20 минутқа созылды. Міне, бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілетін емес шынайы Ислам осы".

 Бұл жарияланған ақпарат көпшілікті сүйсіндірді және интернетті пайдаланушылар қызға ризашылығын білдіріп, автордың сөздерімен келісетіндерін айтты.

hibatulla.kz


إِرْحَمُوا مَنْ في الأرْضِ يَرْحَمْكُمْ مَنْ في السَّمَاءِ

«Жердегілерге рақымдылық жасаңдар. Сонда көктегілер де сендерге рақымдылық жасайды»– дейді Алла елшісі (с.ғ.с.).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: