Мұсылмандар Лондон көпірінде 3 000 раушан гүлін таратты

Мұсылмандар Лондон көпірінде 3 000 раушан гүлін таратты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Британ мұсылмандары жуырда теракті болған Лондон көпірінде акция ұйымдастырды. Айта кетсек, аталмыш терактіде 8 адам қаза тауып, ондаған адам зардап шеккен болатын. Акция аясында мұсылмандар қайғылы уақиғадан жапа шеккендерге құрмет әрі қолдау көрсету мақсатында көпір үстінде халыққа 3 000 раушан гүлін таратты.

«Орын алған терактіден кейін біз қоғамға деген махаббатымызды, сүйіспеншілігімізді көрсеткіміз келеді. Біздің ұстанымыз дін атынан жасалған бұл қылмыстар біздің қоғаммен қатынасымызды бұза алмайды, оған жол бермейміз» дейді ұйымдастырушылар.

Лондон тұрғындары аталмыш акцияға қолдау білдірді. «Бұл, менің ойымша, шын мәнінде Лондон халқының қандай екеніне жарқын мысал» дейді мұсылман қолынан раушан гүлін алған тұрғын лондондық Элида Эрколано.

Kazislam.kz 


Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Қиямет күні маған ең жақын болатындарың, мінез-құлқы ең жақсы болғандарың» деп бұйырды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: