Көршілес өзбек елінің тарихында тұңғыш рет діни оқу ордасына Жоғарғы оқу орнының мәртебесі беріліп отыр. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің бастамасымен Бұхара қаласындағы «Мир Араб» медресесі Әділет министрлігінің тіркеуінен өтіп, Жоғарғы оқу орны мәртебесін иеленді.
Бұл жайында Министрлер кабинеті жанындағы Дін істері комитеті: «Өзбекстанда алғаш рет Жоғарғы ислами білім ордасы мәртебесінің берілуі елдегі Ислам дінінің терең оқытылуына айрықша серпін береді», – деп атап көрсетеді.
Алдағы оқу жылында аталмыш медресе 50-ге жуық шәкірт қабылдамақ.
Muslim.kz
«Намаз өтелген кезде жер жүзіне таралыңдар да, Алланың кеңшілігінен несібе іздеңдер. Және де Алланы көбірек зікір етіңдер. Әрине, құтыласыңдар» («Жұма» сүресі, 10-аят).