Көз зинасынан сақтану маңызды!

Көз зинасынан сақтану маңызды!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жаратушы Алла Өзінің жаратқандарына түрлі нығметтер сыйлаған. Соның ішінде адамдар үшін ең қажетті де, ең қымбаттысы - ол екі көзге көру қабілетінің берілуі.

Жаратушы Алла айтады:

«Алла тағала сендерді аналарыңның ішінен еш нәрсе білмейтін түрде шығарды да сендерге есту, көру және ойлау қабілетін берді. Әрине шүкірлік етерсіңдер!» («Нахыл» сүресі, 78-аят).

Адам баласы көзінің көру қабілеті жақсы кезінде көбінесе бұл өзіне берілген ұлы сыйдың қадірі туралы ойланып та жатпайды. Көру қабілетінің арқасында адам әлемді көріп, нәпақасын тауып, білім алады. Бірақ, көбіне бұл сыйды басқа бір нәрселерге, тыйым салынған істерге, нәпсіқұмарлыққа пайдаланады. Алғашқы қадам кездескен бөгде бір адамға көз салу болып табылады.

Құранда Аллаһ тағала: «Өзің білмеген бір нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, көз және жүрек олардың барлығы сұралады» («Исра» сүресі, 36-аят) ,- дейді.

Тыйым салынғанға қарау көру қабілетінің нашарлауына әкеп соғады. Сондықтан әрбір адам бұл сыйды дұрыс пайдалана біліп, өзін-өзі, көздері мен басқа дене мүшелерін күнәдан сақтай білуі керек. Алла тыйым салған нәрседен аулақ болған құлдарын ғана қорғайды.

Бөтен еркек пен әйелге көз салу

Жаратушы Алла құлдарына қасиетті Құранды өзінің бұйрықтары бойынша өмір сүруі үшін түсірді. Алланың бұйрықтарын орындап жүру адамдарды осы дүниеде және мәңгілік өмірде де бақытты етеді. Ал, орындамау бақытсыздыққа жетелейді.

Құдіретті Алла тағала өзге еркектер мен әйелдерге көз салу туралы былай деп үкім етті:

(Мұхаммед Мүміндерге айт: (бөгде әйелдерге қараудан көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Бұл олар үшін өте жақсы. Рас Алла олардың не істегендерінен хабар алушы) («Нұр» сүресі, 30-аят).

Жаратушымыз ер адамдардың өзге әйелдерге көз салуларына тыйым салынғаны туралы хабарлайды және оларға көздері мен өзге де мүшелерін нәпсіқұмарлықтан сақтауға бұйырады. Бөтен әйелдерден көздерін сақтау мынадай бірқатар қағидалармен айқындалады:

1) Аллаға мойынсұнғандығы үшін адамға сауап жазылады, ал мойынсұнбағаны үшін күнә жазылады.

2) Өзге әйелдерге көз салып қарау – бұл көз зинасын жасау. Сондай-ақ нәпсіқұмарлықтың алғашқы қадамы. Егер бастапқыда нәпсіқұмарлықтан өзін тыйған адам, екінші рет ондай істен аулақ жүреді.

3) Бөтен әйелдерге көз салғаннан кейін шайтан адамды азғырып бұзықтық жасауға итермелейді. Ал көздерді нәпсіқұмарлықтан сақтау адамға шайтанның азғыруынан сақтануға мүмкіндік береді.

4) Өзге әйелзатына көз салу адамның санасында белгілі бір сезімдерді тудырады.

Көзді сақтау осылардың бәрінен қорғайды. Алла тағала былай дейді: (Мұхаммед (с.ғ.с.), Мүміндерге айт: (бөгде әйелдерге қараудан көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын...)) («Нұр» сүресі, 30-аят).

Бұл аят әйелдердің де өзге еркектерге көз салуларына тыйым салып, өздерінің мүшелерін нәпсіқұмарлықтан сақтауға тиістілігін көрсетеді.

Құдай тағала еркек пен әйелді жаратып, олардың бір-бірлеріне қарауына тыйым салды. Өйткені көз салу нәпсіқұмарлыққа, нәпсіқұмарлық жақындауға жетелейді. Сондықтан да өзгелерге көз салуға тыйым салынады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: