Адам-шайтан шайтаннан да қауіпті

Адам-шайтан шайтаннан да қауіпті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір шайтан (л.а) айырылмастай дос болған екеудің арасына қаншама бүлік салғысы келсе де, ойындағысын іске асыра алмапты. Бұлардың бірі – екі көзі соқыр, бірі – дін аман сау жігіт еді.

Бір күні шайтан өзі азғырып, өзінің әскеріне айналдырып алған адам-шайтанға кездесіп, осы жайтты айтады. Сонда адам-шайтан: “Ой, оның несі қиын? Жүр, ол екеуінің достығының мен быт-шытын шығарып берейін” – деп, шайтанды ертіп әлгі екі досқа келеді. Бұлар келгенде олардың жұбы жазылмай бір жаққа кетіп барады екен. Бұлар екі досты тоқтатып алады. Сонда адам–шайтан: “Ей, соқырым-ай! Сен бұны дос көріп жүрсің-ау. Ал бұл сенің көрмейтініңді пайдаланып, сені талай алдап жүр ғой” – дейді де, сау жігітке “Мә!” – деп, дымсыз қолын ұсынады. Сөйтіп кете барады. Ештеңе түсінбеген сау жігіт: “Бұның мұнысы несі?” – деп, таң қалып қала береді. Олар кеткен бойда соқыр жігіт: “Жаңағы адам не беріп кетті?” – деп сұрайды. Сонда сау жігіт: “Ол ештеңе де берген жоқ. Мен де түсінбей қалдым, ол неге маған «мә» деді екен, ә?!” – дейді. “Мүмкін емес, саған “мә” – деді ғой” – дейді соқыр жігіт шүбәләніп. Сау жігіт қанша ант-су ішіп ақталса да, анау ренжіп оған сенбейді. Сөйтіп шайтан бұза алмаған достықты адам-шайтан лезде тас-талқан еткен екен.

hibatulla.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: