Дұға сыры

Дұға сыры

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қамшының сабындай қысқа өмірде қуаныш пен қайғы қатар жүреді. Бұл екі жағдайда да иманы күшті жандар Аллаға одан сайын жақындай түседі. Өйткені, шынайы құл бақыт мен қуанышқа кенелгенде шүкір етіп, ауыр да қиын сәттерде сабырлық танытып, Жаратушысының алдында жүзі жарқын болады. Ал, бұған қалай қол жеткізеді деп ойлайсыз? Жауабы қарапайым. Ол үшін дұғаның сырын түсінсе болғаны.

Дұға - он сегіз мың ғаламды жаратқан Алла Тағалаға сыйынып, Оған жалбарынуы, өзінің әлсіздігі мен пендешілігін мойындау. Шындығында да, әлемдегі барша құбылыстар Жаратушының шексіз ғылымының нәтижесінде іске асуда. Сондықтан, Алланың шексіз құдіретінің алдында адам баласы тек қана бас иіп, әлсіздігін мойындап, құл екендігін сезінуі тиіс. Ал, оны мойындаудың ең төте жолы - дұға. Өйткені, дұға - тәкаппарлық пен менмендіктен арылып, Алланың алдында шарасыз екендігін түсіну. Бұл жалғанда жолаушы екенін есіне түсіру.

Дұға - діннің негізі, құлшылықтың өзегі әрі рухы мен қайнар бұлағы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде:

«Дұға - құлшылықтың дәл өзі» дегеннен кейін: «Раббыларың: «Маған жалбарыныңдар! Тілектеріңді қабылдаймын. Расында, Маған құлшылық етуден паңсыңғандар, олар қор болып, тозаққа кіреді» («Ғафыр» сүресі, 60-аят) деген аятты оқыған (Әбу Дәуіт, Витр, 23/1479; Тирмизи, «Тәпсір», 40/3247).

Тағы бір хадисте былай делінген:

«Алланың жанында дұғадан асқан құнды нәрсе жоқ» (Тирмизи, «Дауағат», 1/3370)

«Дұға - құлшылықтың өзегі» (Тирмизи, «Дауағат», 1/3371).

«Кімде-кімге дұғаның есігі ашылар болса, оған мейірім есіктері ашылды деген сөз. Алланың ең жақсы көретін нәрсесі Өзінен кешірім тілеу. Дұға барша бәлеге тосқауыл. Сондықтан, дұғаға бет бұрыңдар» (Тирмизи, «Дауағат», 101/3548).

«Сендерге дұшпаннан қорғайтын әрі ризықты молайтатын бір нәрсені айтайын ба? Күндіз-түні Аллаға дұға етіңдер. Өйткені, дұға - мүміннің қаруы» (Хайсами, «Мәжма», 147).

Өйткені, дұғада әлсіздік пен кішіпейілділік, тәубе мен мойындау, мадақ пен ұлықтау сияқты көптеген жан мен тәннің қалаулары жасырынған. Дұға - жүректегі Аллаға арналып ашылған үлкен есіктің кілті.

Ал, Алла Тағала Құран кәрімде былай деген:

«Маған жалбарыныңдар! Тілектеріңді қабылдаймын» («Ғафыр» сүресі, 40-аят).

Дұға айтылған сайын мүміннің жүрек түкпірінен орын алып, тұла бойына ішкерілей еніп сіңеді. Сондықтан Алланың сүйікті құлдары дұғадан күдер үзбейді. Өйткені, олардың жүректері дұғаның сырын түсіндіретін мына бір аятпен көмкерілген:

«Ей, Мұхаммед (с.ғ.с.) оларға: «Егерқұлшылықтарың, дұғаларың, жалбарынуларыңболмаса,Раббым,сендердінеүшінбағаласын, - депайт!» («Фурқан» сүресі, 77-аят)

Міне, дұға мүміннің жүрегінен орын алуы Алла пен құлдың арасында рухани байланысты қалыптастырады. Ерекше сезіммен, құлай беріліп сұралған дұғалар Алланың мейіріміне бөлейді. Сезімі, білімі, күш-қуаты шектеулі адамның қажеттілігі мен арман-тілектері ешқашан таусылмайтындықтан, қазынасы мен байлығы бітпейтін Аллаға жалбарынуы заңды. Әрбір есікке барып, бірнәрсе сұраудың өзіндік жөн-жоралғысы болатыны сияқты Аллаға дұға етіп, жалбарынудың да өзіндік әдебі бар.

Өздерін күнәсіз, пәк сезінетін тәкаппарлардың дұғалары қалайша қабыл болсын? Керісінше, жанары жасқа малынып, жүрегімен жылайтын Алланың сүйікті құлдарының дұғалары қабыл болуға әбден лайық. Құран кәрімде бұл жайлы былай дейді: «Раббыларыңажалбарынып,жасырынтүрдетілеңдер.Шүбәсіз,Олшектеншығушылардыжақсыкөрмейді» («Ағраф» сүресі, 7-аят).

Дұғаны үмітпенқорқыныштың арасында ерекше тебіреніспен жасаған жөн. Адам баласының ақиреттегі жағдайы тек Аллаға ғана мәлім. Әр жан өзін «жұмаққа кіретін соңғы адам мен болармын» деп үміттеніп жүруі керек. Сондай-ақ, «тозаққа кіретін жалғыз мен болармын» деген қорқынышты да ұмытпағаны абзал. Егер қандай да бір қателік жасап қойса, тәубеге келуі жеткіліксіз. Қате мен күнәні ендігәрі қайталамауы шарт.

Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы қабыл. Бұл жайында Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Бірмүмінніңбауырынажасаған дұғасындайжылдамқабылболатындұғажоқ,- «Тирмизи», («Бир», 50).

Адамдар «дұғасы қабыл болады-ау» деп үміттенген кісінің өзіне дұға етуін сұрап жатады. Олар дұғаның қабыл болуына ерекше ықылас пен шынайы сенім керектігін білсе ғой, шіркін!? Демек, күнәға батқан адам болса да, мүмін бауыры үшін шынайы ниетпен артынан дұға жасайтын болса, бұл алдына «біз үшін дұға етіңізші» деп жалынып барған адамдардың дұғаларынан да қайырлы деген сөз.

Шындығында да, кез-келген құл, мейлі ол күнәһар болса да бұл оның Алланың алдында ескерусіз қалғанын білдірмейді. Сондықтан да, Алла Тағаланың кімнің дұғасын қабыл ететіндігін ешкім білмейді. Ол тек Жаратушыға ғана аян. Алла Тағала шынайы жүрекпен жалбарынып, дұғаларды қабыл ететіндігін естен шығармаған жөн.

Енді бір жағынан, дұға ету керек екен деп, айқайлап дауыс көтеріп, «елдің алдында шешендігіммен танылайын» деген ниеттен де сақтанған жөн. Әртүрлі сөздерді шұбатып айта беру де әдепке жатпайды. Егер бұлай болса, дауыс көтеру дегеннің не екенін білмейтін, тілге келе алмай жатқан науқастың дұғалары мүлде ескерусіз қалған болар еді. Ішкі жан дүниемен де, тілмен де тілек тілеудің маңызы зор.

Дұғадағы мұндай сырларды жоққа шығару оның негізін, өзегін, рухын түсінбегендіктен. Бұл дұғаның мәні мен мағынасын жоғалтады. Хазреті Пайғамбар (с.ғ.с.) осылай еткендер жайлы:

«Дұғажасағандашектеншығатынбіртопадамдарпайдаболады...» (Әбу Дәуіт» Витр», 23) деп үмметін мұндай жағдайдан сақтандырған.

Тағы бір хадисінде:

«Сендерқұлағыестімейсаңыраудандұғатілепжатқанжоқсыңдар.БаршанәрсенітолықеститінәрісендергеөтежақынАллағажалбарыныпжатырсыңдар», - дейді («Бухари», Жихад» 131)

Ұлы Алла Тағала шынайы ниетпен жасалған дұғаларды кері қайтармайды. Дегенмен, Алланың өлшеміне қайшы келетін дұғаларды қабыл етпейтіндігін ұмытпаған жөн. Сондықтан да, дұға еткен адам ешқашан жалықпай, оны үзбеуі қажет. Өйткені, кейбір дұғалар ақиретте алдыңнан шығады.

Қандай да бір адам ойына тура келген әрі өзіне жаққан бір нәрсені сұраған кезде оның өзіне жақсылық, не жамандық әкелерін білмей қателесуі мүмкін. Өйткені, кейбір нәрселердің сырты бүтін, іші түтін болады. Атап айтар болсақ, перзент сүйіп, мәпелеу өсіру - баршаның арманы. Мұны Алланың үлкен сыйына жатқызуға болады. Ақша мен мәртебе де осының қатарында. Десек те, мұның соңы орны толмас өкініштерге апарып соқтыратын кездері де кездесіп жатады. Балаң бағың емес, сорың болып, байлығың мен атағың азғындыққа ұшыратуы әбден мүмкін.

Олай болса, Аллаға жалбарынып, дұға тілеген кезде қайырлы нәрсені сұраған дұрыс. Жаратушыдан бірнәрсе сұрағанда:

- Уа, Раббым! Маған қайырлысын нәсіп ете гөр! - деп тілеген жөн. Бұлай істемеген жағдайда, өзімізге бәле тілеп алғанымызды байқамай қалуымыз ғажап емес.

Ендігі бір мәселе - жүрек тазалығы. Өйткені, жүрек әрдайым Алланың бақылауында. Сондықтан жақсы ниетпен, игі тілекпен жүруіміз қажет. Бір хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

«Күмәннансақтаныңдар.Өйткені,күмән - сөздердіңішіндегіеңжалғаны. Өзгелердіңөзараәңгімелерінтыңдамаңдар,айыптарынашпаңдар,бір-бірлеріңеқарсы мақтанып,даңдайсымаңдар,бір-бірлеріңненқызғанбаңдар,кектенбеңдер,бір-бірлеріңменбетжыртыспаңдар.Ей,Алланыңқұлдары!Алланыңсендергеәмір еткеніндейбауырболыңдар, - деген («Мүслім», Бирр. 34-28)

Басқа бір хадисте Алланың Елшісі (с.ғ.с.):

«Жақсыой- иманныңталабы («Әбу Дәуіт», Жанайыз 13», «Әдеп» 81).

«Бізмүмінжайлытекқанажақсыойойлаймыз» («Ибн Маже, «Фитен», 2) деген.

Аталмыш хадистерден дұғада, сезім мен ой арқылы жасалған дұғалардың барлығында арам ойлардан сақтану керектігін аңғаруға болады. Мәселен, қандайда бір әйел баласына қатты ашуланған кезінде байқамай:

- Алла сенің жаныңды алса ғой! Қашан құтылар екем осыдан! - деп айтып қоюы мүмкін. Бұл сөз дұға іспеттес болғандықтан, қабыл болып кетуі мүмкін.

Бұл жайында мынадай риуаят бар. Бір кісі хазреті Абдуллаһ бин Мүбаракқа келіп, баласынан көрген жаманшылығын айтып, шағымданды. Абдуллаһ бин Мүбарак:

- Балаңа қарғыс айтқан ба едің? - деп сұрады. Әлгі кісі:

- Иә, - деп жауап берді. Сонда Абдуллаһ бин Мүбарак:

- Балаңның шектен шығуына өзің себепші болған екенсің! - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: