Жауабы:
Біріншіден, көркем есім беру ол жақсы іс болғанымен Исламда тек әдемі есімі үшін жәннатқа я тозаққа барады деген сөз жоқ. Бұл Ислам қағидаларына кереғар дүние. Алла Тағала адамдардың есіміне қарап емес, діндарлықтарына, ішкі дүниесіне қарап бағалайды.
Қиямет күні: «Уа, Мұхаммед! Тұр! Және жәннатқа аттан!» дейді. Сол кезде осы есіммен аталып жүрген әрбірі өзін айтып жатыр деп ойлайды. Сондықтан Алла оларға тозақтан қорғануды бұйырады. (Ибн Аррак, Танзихуш-Шари’а, 1/226). Алайда Ибн Аррактың өзі «Менің ұстаздарым бұл хадисті ойдан шығарылғанын жеткізген» деген.
Сондықтан бұл сынды сөздерге ерекше назар аударудың қажеті жоқ. Оның орнына уақытты қиямет күні бізге жәрдем болатын қайырымдылыққа жұмсайық.
һibatulla.kz