Алланың көркем есімдерімен дұға қылудың маңызы

Алланың көркем есімдерімен дұға қылудың маңызы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тілекті Алла Тағаланың көркем есімдеріне жүгіне отырып сұрау дұғаның қабыл болуы шарттарының бірі. Бұл – тәуәссулдің ең дұрыс жолы.

Тәуәссул, уасила деген сөздер жақындық, бір нәрсеге жақындататын нәрсе, жол дегенді білдіреді. Біреу Алла Тағалаға тәуәссул жасады дегенде оның Аллаға жақындататын бір іс жасағанын ұғынамыз. Атақты тіл ғалымы Рағиб әл-Асфаһани былай дейді: «Уасила – бір нәрсеге құлшынып жету. Яғни, мақсатқа жетудің құлшыныс арқылы болатын түрі. Алла Тағала: «Уа, иман келтіргендер! Алладан қорқыңдар және Оған жақындататын жол (уасила) іздеңдер..», – деген (Мәида, 35).

Шариғатта тәуәссулдің бір түрі – Алла Тағаланың көркем есімдерінің не сипаттарының біріне арқылы дұға қылу. Мысалы: «Ия, Алла! Өзіңнің Рахман, Рахим, Латиф, Хабир есімдерің арқылы сұраймын» деп тілеу немесе «Уа, Раббым! Барлық болмысты қамтыған мейірім-рахымың арқылы маған рахым етіп, күнәмды кешіруіңді сұраймын» деп дұға қылу. Сол үшін де Алла Тағала:

﴿وَلِلَّهِ الأَسْمَآءُ الْحُسْنَى فَادْعُوهُ بِهَا﴾

«Алланың көркем есімдері бар, солар арқылы Оған дұға қылыңдар», – деген (Ағраф, 180). Құран Кәрімдегі келтірілген Сүлеймен пайғамбардың (а.с.) бір дұғасы мынадай еді:

﴿وَقَالَ رَبِّ أَوْزِعْنِي أَنْ أَشْكُرَ نِعْمَتَكَ الَّتِي أَنْعَمْتَ عَلَيَّ وَعَلَى وَالِدَيَّ وَأَنْ أَعْمَلَ صَالِحًا تَرْضَاهُ وَأَدْخِلْنِي بِرَحْمَتِكَ فِي عِبَادِكَ الصَّالِحِينَ﴾

«Және ол (Сүлеймен): «Уа, Раббым! Маған және әке-шешеме берген нығметіңе шүкір етуіме және Өзің разы болатын ізгі істер істеуіме итермелеп, рахымың арқылы ізгі құлдарыңның арасына кіргізе гөр», – деді» (Нәміл, 19).

Ал Әнес ибн Мәлик (р.а.) бірде Алла елшісінің (ﷺ) қасында отырған кезінде бір адам намаз оқып, «Я, Аллаһ! Барлық мадақтың Сенікі екендігі арқылы сұраймын! Сенен өзге құдай жоқ! Уа, Сый беруші! Уа, көктер мен жерді ғажайып жаратушы! Уа, ұлылық пен шексіз жомарттықтың Иесі! Уа, Мәңгі Тірі! Мәңгі Өздігінен Тұрушы!» деп дұға қылады. Сонда Пайғамбар (ﷺ): «Мынау Аллаға дұға қылса жауап беретін, қажет сұраса беретін ең ұлы есімі арқылы дұға қылды», – деген. (Әбу Дәуіт 2/80, Ибн Мәже 2/1268, Термези 5/550 Ахмад 3/120, Нәсәи 3/52).

عَنْ مِحْجَنِ بْنِ الأَدْرَعَ رضي الله عنه أَنَّهُ قَالَ: »دَخَلَ رَسُول اللهِ صلى الله عليه وسلم المَسْجِدَ إذَا رَجُلٌ قَدْ قَضَى صَلاَتَهُ وَهُوَ يَتَشَهَّدُ، فَقَالَ: »اللهُمَّ إنِّي أَسْأَلُكَ يَا أَللهُ بِأَنَّكَ الوَاحِدُ الأَحَدُ الصَّمَدُ الذِي لَمْ يَلِدْ وَلَمْ يُولَدْ وَلَمْ يَكُنْ لَهُ كُفُواً أَحَدٌ أَنْ تَغْفِرَ لِي ذُنُوبِي إنَّكَ أَنْتَ الغَفُورُ الرَّحِيمُ«، فَقَالَ رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم: »قَدْ غُفِرَ لَهُ« ثَلاَثاً«.رَوَاهُ النَّسَائِي فِي السَّهو، (1224).

Михжан ибн Әдрағтан жеткен хадисте Алла елшісі (ﷺ) бірде мешітке кіргенде бір кісі намазының отырысында «Я, Алла! Сенің Алла, Бір әрі Жалғыз, тумаған әрі туылмаған, Мұңсыз және теңдессің жоқ екендігің арқылы сұраймын, менің күнәларымды кешіре гөр! Шынында, Сен Аса кешірімшіл әрі өте рахымдысың!» деп дұға қылып жатқанын көріп: «Оның күнәсы кешірілді. Оның күнәсы кешірілді. Оның күнәсы кешірілді», – деп үш рет айтқан. (Ахмад 4/338, Нәсәи 3/52, Әбу Дәуіт сахихы 1/185).

عَنْ أَبِي بَكْرٍ t أَنَّهُ قَالَ لِلنَّبِيِّ صلى الله عليه وسلم: »عَلِّمْنِي دُعَاءً أَدْعُو بِهِ فِي صَلاَتِي«، قَالَ: »قُلِ اللهمَّ إِنِّي ظَلَمْتُ نَفْسِي ظُلْمًا كَثِيرًا وَلاَ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلاَّ أَنْتَ  فَاغْفِرْ لِي مَغْفِرَةً مِنْ عِنْدِكَ وَارْحَمْنِي إِنَّكَ أَنْتَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ«. رَوَاهُ البُخَارِيُّ فِي كِتَابِ الدَّعَوَاتِ، (799).

Әбубәкір (р.а.) Пайғамбар (ﷺ): «Намазды айтатын дұға үйретіңіз», – деп сұрағанда ол (ﷺ): «Уа, Алла! Шындығында мен өз-өзіме көп зұлымдық қылдым, ал күнәні Өзіңнен басқа ешкім де кешіре алмайды. Мені Өзі жаныңда жарылқаумен жарылқап, рахым қыл. Расында Сен Аса кешірімдісің әрі Ерекше рахымдысың» деп айт», – деген (Бұхари әд-Дағауат кітабында № 799 риуаят еткен). 

عَنْ عَلِيٍّ رضي الله عنه أَنَّ النَّبِيَّ صلى الله عليه وسلم إِذَا قَامَ إِلَى الصَّلاةِ قَالَ: »اللهُمَّ أَنْتَ المَلِكُ لاَ إِلَهَ إِلاَّ أَنْتَ، أَنْتَ رَبِّي وَأَنَا عَبْدُكَ ظَلَمْتُ نفسي وَاعْتَرَفْتُ بِذَنْبِي فَاغْفِرْ لي ذُنُوبِي جَمِيعًا إِنَّهُ لاَ يَغْفِرُ الذُّنُوبَ إِلاَّ أَنْتَ.. الحديث«. رَوَاهُ مُسْلِمٌ فِي صَلاةِ المُسَافِريِنَ، (771).

Әлиден (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (ﷺ) намазға тұрғанда: «Уа, Алла! Сен Патшасың, Сенен басқа құдай жоқ, Сен менің Раббымсың, мен Сенің құлыңмын, өз-өзіме зұлымдық қылдым, күнәмді мойындадым. Менің барлық күнәларымды кеше гөр. Расында күнәларды сенен өзге ешкім де кешіре алмайды..», – деп айтатын болған. (Мүслім әл-Мусәфирин кітабында № 771 риуаят еткен).

عَنْ أبي هريرة رضي الله عنه أن النبي صلى الله عليه وسلم كان إذا آوى إلى فراشه قال: » اللهمَّ رَبَّ السَّمَوَاتِ وَرَبَّ الأَرْضِ وَرَبَّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ ، رَبَّنَا وَرَبَّ كُلِّ شيء  فَالِقَ الْحَبِّ وَالنَّوَى ، وَمُنْزِلَ التَّوْرَاةِ وَالإِنْجِيلِ وَالْفُرْقَانِ ، أَعُوذُ بِكَ مِنْ شَرِّ كُلِّ شيء أَنْتَ آخِذٌ بِنَاصِيَتِهِ ، اللهمَّ أَنْتَ الأَوَّلُ فَلَيْسَ قَبْلَكَ شيء ، وَأَنْتَ الآخِرُ فَلَيْسَ بَعْدَكَ شيء وَأَنْتَ الظَّاهِرُ فَلَيْسَ فَوْقَكَ شيء وَأَنْتَ الْبَاطِنُ فَلَيْسَ دُونَكَ شيء ، اقْضِ عَنَّا الدَّيْنَ وَاغْنِنَا مِنَ الْفَقْرِ«رَوَاهُ  مسلم في الذكر والدعاء والتوبة،  (2713) . 

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (ﷺ) төсегіне жатарда: «Уа, Алла! Аспандардың Иесі! Жердің Иесі! Ұлы аршының Иесі! Раббымыз! Барлық нәрселердің Иесі! Дәнек пен өзекті жарушы! Тәуратты, Інжілды һәм Фұрқанды(Құранды) түсіруші! Өзің кекілінен суырып тартып алатын барлық жамандықтардан Өзіңмен сақтанамын! Уа, Алла! Сен – Біріншісің, Сенен бұрын ештеңе болған емес! Сен – Соңғысың, Сенен кейін ештеңе жоқ! Сен – Жоғарысың, Сенен жоғары ештеңе жоқ! Сен – Төменсің сенен төмен ештеңе де жоқ! Бізді қарыздан арылтып, кедейліктен құтқар!» – дейтін болған. (Мүслім әз-Зикр кітабында № 2713 риуаят еткен).

عَنْ ابن عباس رضي الله عنه قال: »كَانَ النَّبِيُّ صلى الله عليه وسلم يَدْعُو عِنْدَ الكَرْبِ : لاَ إِلَهَ إِلاَّ الله العَظِيمُ الحَلِيمُ ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ الله رَبُّ السَّمَوَاتِ وَالأَرْضِ ، رَبُّ العَرْشِ العَظِيمِ«. رَوَاهُ البخاري في كتاب الدعوات، (5985) .

Ибн Аббастың (р.а.) жеткізуінше Пайғамбар (ﷺ) уайым-қайғы кезінде: «Ұлы әрі Ұстамды Алладан басқа құдай жоқ, көктер мен жердің Иесі, ұлы аршының Иесі Алладан басқа құдай жоқ», – дейтін болған. Бұхари әд-Дағауат кітабында № 5985 риуаят еткен.

عَنْ علي رضي الله عنه قال: قال رسول الله صلى الله عليه وسلم : »أَلاَ أُعَلِّمُكَ كَلِمَاتٍ إِذَا قُلتَهُنَّ غَفَرَ الله لَكَ وَإِنْ كُنْتَ مَغْفُورًا لَكَ«، قَالَ: »قُل: لاَ إِلَهَ إِلاَّ الله العَلِي العَظِيمُ ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ الله الحَلِيمُ الكَرِيمُ، لاَ إِلَهَ إِلاَّ الله ، سُبْحَانَ الله ربِّ السَّماوات السَّبْع وربِّ العَرشِ العَظِيمِ، الحَمْدُ للهِ رَبِّ العَالَمِينَ«. رَوَاهُ الترمذي في الدعوات (3504).

Әли (р.а.) таратқан риуаятта Алланың елшісі (ﷺ): «Мен саған егер оларды айтсаң тіпті бұрын күнәң кешірілген болса да Алла күнәларыңды тағы да кешіретін сөздерді үйретейін бе? Асқақ әрі Ұлы Алладан басқа құдай жоқ, Ұстамды һәм Жомарт Алладан басқа құдай жоқ, Алладан басқа құдай жоқ, жеті көктің Иесі, ұлы аршының Иесі Алла пәк. Мадақ әлемдердің иесі Аллаға тән» деп айт», – деген. Термези әд-Дағауат кітабында № 3504 риуаят еткен.

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رضي الله عنه قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صلى الله عليه وسلم: »دَعْوَةُ ذِي النُّونِ، إِذْ دَعَا وَهُوَ فِي بَطْنِ الْحُوتِ: »لَا إِلَهَ إِلَّا أَنْتَ سُبْحَانَكَ إِنِّي كُنْتُ مِنَ الظَّالِمِينَ« فَإِنَّهُ لَمْ يَدْعُ بِهَا رَجُلٌ مُسْلِمٌ فِي شَيْءٍ قَطُّ إِلَّا اسْتَجَابَ اللَّهُ لَهُ«. رَوَاهُ الترمذي 5/529، وأحمد 1/170.

Сағыдтан (р.а.) риуаят етілген хадисте Алланың елшісі (ﷺ): «Қайсыбір мұсылман балық иесінің (Жүніс пайғамбардың) «Сенен өзге құдай жоқ, Сен пәксің, шынында мен залымдардан болдым» деген дұғасымен қайсыбір ісінде  дұға қылса Алла қабыл етеді», – деген. (Термези 5/529, Ахмад 1/170).

fatua.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: