Өмірдің жаңғырығы

Өмірдің жаңғырығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

     Бір кісі және баласы орманда серуендеп жүріп баласы шалынып құлап түседі. Ауырған жері жанына батқандықтан “Аххх!” деп айқайлап жібереді. Жандарындағы таудан “Аххх!” деген дауыс естігенінде бала таң қалады.

     Ешнәрсені түсінбеген бала “Сен кімсің?” деп айқайлайды. Алған жауабы тағы да сен кімсің? болып келеді.

     Бұл жауапқа ашуланып “Сен қорқақсың!..” деп айқайлайды. Таудан келген дауыс “Сен қорқақсың!” деп жауап береді.

     Бала әкесіне бұрылып сұрайды Әке не болып жатыр? Әкесі Балам тыңда және үйрен! деп тауға қарап Мен саған қайран қалдым! деп айқайлайды. Қайтқан жауап тағы да “Мен саған қайран қалдым!” деп келеді.

     Әкесі қайтадан айқайлайды, “Сен өте әдемісің!..” Жауап тағы “Сен өте әдемісің” болып келеді. Бала қатты таң қалады, бірақ әлі не болғанын түсінбейді.

     Әкесі оған түсіндіріп береді. Адамдар бұны жаңғырық деп атайды, бірақ негізінде бұл өмір. Өмір әрқашан сенің бергендеріңді өзіңе қайтарады. Өмір – жасаған мәмілеміздің айнасы. Өзіңді жақсы көргізгің келсе, алдымен өзің жақсы көр! Саған жақсы мәміледе болуын қаласаң, өзің басқалармен жақсы қарым-қатынаста бол! Адамдардан құрмет көргің келсе, адамдарды құрметте! Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы болуды үйрен!

     Бұл қағида өмірдің барлық кезеңі үшін бірдей. Өмір кездейсоқтық нәрсе емес, жасаған әрекеттеріміздің айнадан кері шағылысуы.

 

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: