Сұлулық жеткілікті ме?

Сұлулық жеткілікті ме?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Франция императоры 3-ші Наполеон өз заманасында дүниенің ең әдемі әйелі саналған Теба графинясы Мария Евгениямен үйленуге шешім қабылдағанын жариялағанында көпшіліктің таңданысымен наразылығын туғызды. Тәжірибелі кісілер бұл шешімінің дұрыс еместігін айтты.

Ал Наполеон айтылған сөздерге құлақ аспады және бұл шешімін жүзеге асырды. Екеуі де бірін-бірі қатты жақсы көретін. Екеуі де танымал, әдемі, үлкен байлыққа ие еді. Бірақ, бірнәрсе жетіспейтін. Әйелі өте сұлу болғанымен өте жаман мінезді еді. Евгенияның ханшайым болуы да, махаббаттарының күші де, тақтың құдыреті де бұл отбасының құлдырауының алдын ала алмады. Евгения Наполеон үшін нағыз бас ауруына айналды. Күмәндар ішінде арпалысқан Евгения, Наполеонның ең босамайтын кезінде жанына баратын, ең маңызды кездесулерін үзетін, айқайлап, шу шығаратын. Ойына келгенін істейтін, әпкесінің жанына қашатын, күйеуінен шағымданып жылайтын, соңында Наполеонға қайтып келіп айыптауларын жаудыратын.

Алып салтанаттың, зәулім сарайдың иесі болған Наполеон, бір сәт ойларын жинақтау үшін бір бөлме табудан қалды. Әйелінің теңдессіз сұлулығы енді оның қорқынышты түсіне айналды. Бұрын оның жүзіне қарағанында рахаттанатын Наполеон енді оны көрмеген сәттерінде рахаттанатын болды.

Жаман мінездің улы әсері және әйел айқайы патшаны да үйінен қашырды. 20 жыл ажырасу істерімен айналысқан танымал адвокат былай дейді: «Ер адамдардың өз үйіне ерте барудан қашып, қаңғырып кетулерінің ең маңызды себебінің үйдегі әйелдерінің ызыңы болуы екендігіне куә болым. Көп әйелдер өз отбасыларының мазарын осылай қазады...»

Жар таңдағанда отбасылық өміріңізді бақытты қылу және үйіңізді тозақ азабына айналдырмау үшін, барлық нәрседен бұрын әйелде жақсы мінез іздеу керек. Сүйікті пайғамбарымыз 1400 жыл бұрын отбасы бақытының формуласын былай деп білдірген:

«Әйел байлығы үшін, сұлулығы үшін немесе діні үшін алынады. Сіз діндар болғанын, жақсы мінезді болғанын алыңыз! Байлығы үшін алған, байлығына қауыша алмайды. Тек сұлулығы үшін алғандар да сұлулығынан мақрұм қалады.»

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: