Хз. Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат.

Хз. Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хз. Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат.
Құран Кәрімде: «Расында Аллаһ Тағала және періштелері пайғамбарға (с.а.с.) салауат айтады. Әй, мүминдер! Оған салауат және ықласпен сәлем айтыңдар» (Ахзаб сүресі-56 ).
Пайғамбар (с.а.с.) ның мәртебесін көтерген аяттардан бірі осы. Әрі Аллаһ Тағала әрі періштелердің Аллаһ елшісіне салауат айту және Хз. Пайғамбарымыздың Аллаһтың қасында орны ерекше екнін білдіруде.


Аллаһ Тағаланың пайғамбарға салауаты, оған рахмет етуі, атақ және дәрежесін көтеруі,- демек. Ал, періштелердің пайғамбарға салауат айтуы да, сол сияқты қадір-қасиетін біле отырып, үлкен мәртебелерге жету үшін Аллах Тағалаға биязы түрде жеткізуі,- демек.
Аллаһ Тағала бұл аят-кәримде өзінің және періштелердің Хз. Пайғамбарға салауат және сәлем айтқандарын ескерте отырып, біздерге де - оған, біз сияқты салауат және сәлем айтыңдар, ең жақсы түрде еске алыңдар,- деп бұйыруда. Бұдан кейін пайғамбарымызға қалай салауат айту керектігін хадистер бойынша айта кетеміз.
«Кім маған бір рет салауат және сәлем айтса, осы себеппен Аллаһ Тағала да оған он есе рақымшылық көрсетеді» (Мүслим, Әбу Дәуід, Тирмизи, Нсай).


Хз. Пайғамбарымыз (с.а.с.), бұл хадис-шәрифте өзіне салауат және сәлем айтуымызды қалауда. Турасын айтқанда, тақырыбымыздың басында айтып кеткен аят-кәримде көргеніміздей, оған (с.а.с.) салауат және сәлем айтуымызды Аллаһ Тағала әмір етуде.
Ислам ғалымдары салауат сөзіне, әр түрлі мағна берген. Ол былай болмақ, Аллаһтың салауат айтуы - оған рахмет етуі, сауаб беруі,- дейді. Періштелердің бір кісіге салауат айтуы болса, ол адамға истиғфар етуі, яғни күнәлардың кешіріліуін Аллаһтан өтіне сұрауы,- демек (Тирмизи). Тағы бір хадистерде, Хз. Пайғамбарымызға (с.а.с.) бір салауат айтқанға, Аллаһ Тағаланың он мәрте рахмет ететінін сүйіншісіне қоса, ол адамның он күнәсі кешірілетінін және рухани жағынан тағыда он есе көтерілетінін де баян еткен (Насай, сихф 55).


Асхабы Кирамнан болған Әбу Талха әл-Ансариден: Бір күні Хз. Пайғамбарымыз (с.а.с.) күлімсіреген бір керемет жүзімен асхабының жанына келді де Жәбірейіл (а.с.)ның өзіне мына сүйіншіні жеткізгенін айтады: «Мұхаммед! Үмбетіңнен бірі саған бір салауат айтқанда менің оның күнәларының кешірілуі үшін он мәрте истиғфар етуім, ол адамның да саған он сәлем айтқан жағдайда да менің оған он сәлем беруім сені қуандырмайды ма?»,- дегенін жеткізеді. (Насай, сихф 55).


Яғни, Хз. Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат және сәлем айту әрі Аллаһтың  әрі періштелердің дұға және истиғфарына ие болатындықтан, бұл мүмкіншілікті жақсылап бағалай білуіміз керек. Хадистен білгеніміздей, бірінші, Хз. Пайғамбарға салауат және сәлем айту, Аллаһтың рахметін және ризасына бөленетініне бір себеп. Екіншіден, осы себептен әр мүмкіншілікті пайдалана отырып, Хз. Пайғамбарымызға салауат және сәлем айтуымыз керек.
Ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен бір руаятта Хз. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні адамдардан ең жақын болғандары, маған ең көп салауат және сәлем айтқандарыңыз»,- деп бұйырады (Тирмизи, уитир 21).


Аллаһ Тағаланың елшісіне көп салауат және сәлем айтуымыз үшін оны қатты жақсы көруіміз керек. Сондай-ақ, өзімізге мәлім, бір адам өз сүйгенін аузынан тастамағаны сйяқты, әр мүмкіншілікте оны есіне алады. Хз. Пайғамбарымызды да еске алып, салауат айтуымыз үшін, оның бір жақсы жолы бар. Ол да, хз. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аты аталғанда, «Аллаһуммә салли ала Мұхаммед» немесе «Аллаһуммә салли ала Мұхаммәдин уа ала али Мұхаммад» болмаса былай «саллаллаһу алайһи уа сәлләм»,-деу керек.


Хз. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Ислам дініміздегі және Аллаһтың жанындағы орнын және ерекшелігін, өз дәрежесәнде түсіне алмайтындар: «Мен Аллаһты өте жақсы көремін және әр мүмкіншілікте оны есіме аламын. Хз. Пайғамбарды жеке еске алудың не керегі бар?»,- деп ойлайтындар да болуы мүмкін. Әрине, адамдардың сүйіп, жақсы көру керек болған нәрсесі күмәнсіз - Аллаһ Тағала. Оған айтылу керек болған махабат және құрметті бір басқаға айту немесе басқаға қиястау (салыстыру, теңестіру) мүмкін емес. Сондықтанда Аллаһ Тағала өзінің сүйікті елшісіне айтылатын сүйіспеншілік пен құрметтің ерекшелігін Құран Кәримде былай деп түсіндіреді: «Ей, Мұхаммед! Адамдарға былай де: Егер расында сендер Аллаһ Тағаланы жақсы көрсеңдер, маған мойынсұныңдар, Аллаһ Тағалада сендерді жақсы көрсін және күнәларыңызды кешірсін»,- деп бұйырады. (Әл-Имран сүресі, 31).
Аллаһ Тағала жанында осындай жоғары орынға ие болған Пайғамбарымызды (с.а.с.), әлбетте жақсы көруге, құрметке және әр мүмкіншілікте еске алуға лайықты.


Тақырыбымыздың басында өткен аят-кәримде айтып өткендей оған (с.а.с.) салауат және сәлем айтуымыз керектігін Аллаһ Тағала біздерге салауат және сәлем айтуымызды қалап отыр. Бұл жағдайға қарайтын болсақ Пайғамбарымызға (с.а.с.) салауат және сәлем айту парыз. Расында, «Қай кезде біз пайғамбарға салауат және сәлем айтсақ, оны орындаған болып саналады»,- деуіміз мүмкін. Ғалымдар: Бір мұсылман өмірінде ең аз  дегенде бір рет салауат айтуы парыз екенін қабыл еткен. Кейбір ғалымдар, сүйікті Аллаһ елшісінің атын әр кез еске алғанда, оны есіне алған кісі немесе сүйікті есімі аталғанда оны естіген әр бір мұсылман салауат және сәлем айту парыз екенін білдіреді. Кейбір ғалымдар да, бір жыйналыста бірнешерет айтылса да, оған (с.а.с.) бір рет салауат және сәлем айту жеткілікті екенін айтқан. Аты аталғанда салауат және сәлем айту, ең дұрысы сол болмақ. Өйткені, үлкен фақиһ ғалымы әрі мұхаддисші Таһауи де (321жыл-933жыл) осы көз қараста.


Атақты хадис ғалымы Ибн Хиббан бұл хадистің дәрежесін түсіндіргенде, Хз. Пайғамбарымызға (с.а.с.) ең көп салауат және сәлем айтқандардың, дәрежесі хадис танушы адамдардай болатынын, қиямет күнінде Хз. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) шапағатына бәрінен бұрын олардың, көп сауап жыйнайтынын білдіруде.


Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.с.) жанымызға келді. Біз оған: «Я, Алланың елшісі! Саған қалай сәлем беру керектігін үйрендік. Енді саған қалай салауат айтамыз, деп сұрадық»,- дейді. Ол да бізге былай деді: «Аллаһым! Хз. Ибраһимге және жанұясына салауат еткенің сияқты, Хз. Мұхаммедке және Хз. Мұхамедтің жанұясына салауат ет. Расында, Сен - барлық жағынан мақтауға лайықтысың және даңқың Ұлы. Аллаһым! Хз. Ибраһимге және жанұясына берекет бергенің сияқты, Хз. Мұхаммедке және жанұясына да берекет бер. Расында, Сен - барлық жағынан мақтауға лайықсың және даңқың Ұлы, деңдер»,- деді. (Бұхари, Дауіт, мүслим, Тирмизи, Насаи, Ибн Мажаһ)


Хз. Пайғамбарымыз (с.а.с.) намаздан кейін Аллаһқа мадақ, Пайғамбарға (с.а.с.) салауат және сәлем етпей дұға еткен бір адамды естіді. Содан кейін Хз. Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай деді: «Бұл адам асығыстық жасады,- деді. Одан кейін ол адамды жанына шақырды. Оған немесе басқалар үшін былай деді: «Сендерден біреулерің, дұға еткен кезде, алдымен Аллаһ Тағалаға мадақ және санә айтсын, одан кейін Хз. Пайғамбарға (с.а.с.) салауат және сәлем айтсын. Одан кейін де қалаған түрде дұға етсін»,- деп бұйырды.


Хадистен білгеніміздей, Қияметте Хз. Пайғамбарымызға (с.а.с.) ең жақын болғандар және шапағатына ең лайық болғандар, оған ең көп салауат және сәлем айтқандар. Мұсылмандар бұл құндылықты жоғалтып алмау үшін, әр уақытта салауат және сәлем айтуға тырысуымыз қажет. Тағыда айта кетер нәрсе, дұға еткенімізде Хз. Пайғамбарымыз түсіндіргендей істеуіміз керек. Дұға еткен кезде бірінші Аллаһқа мадақ айтумен бастау. Содан кейін Хз. Пайғамбарға салауат және сәлем айту. Одан кейін де қалаған дұғасын айта алады. Ең соңында да Аллаһқа мадақ айту керек. Мысалыға: Әми, уа-л хамду лилләһи Раббил аламин.
Бізде сүйікті бауырларымызға, хадисті және хадиске қатысты кітаптарды көп оқу керектігін және салауат-сәлем айту қажет екенін өсиет етеміз. Хз. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) махаббатына және шапағатына ие болатынына Аллаһ Тағаладан жалынып сұраймыз. Амин.


Акбар Оразбаев,
Талас аудандық Қаратау орталық мешітінің найб имамы.
                                                                                                                                 


Пайдаланған әдебиеттер:
Имам Науауидің «Рияду-с Салихин» атты кітабынан, түрікшеге аударғандар және ашықтағандар: Профессор доктор: М. Яшар Кандемір; Професор доктор: Исмайыл Лутфи Чакан; Доктор: Рашит Күчік.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: