Хикаялар!

Хикаялар!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мансапқұмарлықты атаққұмарлықпен, және махабатқа ............шатастыруға мүлдем болмайды. Біріншісі - басқа адамдар алдында ұят нәрселермен тіпті керек болса ақымақтық іс әркекттермен де елден еркешеленуге деген құштарлық, екіншісі -жасаған жақсылық істеріңмен елдің мақтауына ілігeге деген құштарлық, үшіншісі: - жұрттың махаббатына, сүйіспеншілігіне бөлену құштарлығы. Мұның біріншісіне жақсы билеу арқылы қол жеткізуге болады. Екіншісі - қоғамда қайырымды, ақылды болып жүру, үшіншісі-адамдардың махаббатын танытуды көру. Біріншісі-ақымақтық, екіншісі жақсырақ, үшіншісі адам үшін солай болуы тиіс заңды заңды нәрсе. (21)

Уакиғқа Абу Суфиян ас-Саури Муджаһидтан пайғамбарға с.ғ.с бір кісі келіп: «Иа расул Алла, мен Алла разылығы үшін садақа беремін және мен туралы ел - жұрт жақсы айтса екен деймін»,- депті. Кейін «Каһф» сүресінің (Кім Раббысымен жүздескісі келсе салихалы іс қылсын да, құлшылығында еш ширек қоспасын) деген 110 аятты жауап ретінде айтқанын естігенін айтады.

Бірде «мухлис (ықыласты) деген кім» - деп сұрағанда, мухлис деген сол адам бойындағы жаман қасиетін қалай жасырса, істеген жақсылығын да солай жасыратын адам»,- деген екен.
«Ықыластағы мақсат не?» - деген сауалға, «адамдардан мақтау естуге құштар болмау»,- деп жауап беріпті.
Зун Нунға: « Алланың таңдаулы құлы екеніңді қалай сезуге болады»- деп сауал қойыпты. Зун Нун: «төрт нәрсеңмен білуге болады: бос уақытыңда дем алмасаң, аз болса да берсең, кішіреюіңді әдет қылсаң, халықтың мақтауы мен жамандауына еш селт етпесең» - деп жауап беріпті.

Шақиқ ибн Ибраһим аз-Заһидтан бір кісі: «мені жұрт салих деп санайды, өзімнің салих құл екенімді қалай білуге болады?» - деген екен. Шақиқ: «ішіңдегі құпияңды салих құлға еш бүкпесіз ашып айтып, ол саған риза болса, онда өзіңнің де салих екеніңді біл, екінші, егер саған дүние ұсынылса, жүрегің оны қабыл алмаса, онда өзіңнің салих екеніңді біл, үшінші, егер өлім қаупі төнсе, сен соны қаласаң, салих екеніңді біл. Егер осы үшеуі де бойыңнан табылса, онда Алла Тағаладан ісіңе амалыңның бәрін жоятын рияның араласуынан сақтанып, дұға қыл!» - депті.

«Амалыңның толық болуына төрт нәрсе қажет - дейді Даналар, бірінші: істен бұрын білмек, екінші: іс басындағы ниет, үшінші: іс ортасындағы сабыр, төртінші: істі бітіруге деген ықылас».

Хадис
Абу Хурайра пайғамбар с.ғ.с туралы айтқанында: Мухаммед пайғамбар с.ғ.с «Ақыр заманда дүниені сүт сауып ішкендей жалмайтын, тілдері шекердей тәтті, бірақ жүректері қасқырдай қатты қауым шығады, Алла: «алданасыңдар ма, әлде батырсынасыңдар ма, мен оларға даналар мен хакимдерді тығырыққа тірейтін фитна жіберемін» - деп айтады»,- деген екен.

Шақиқ ибн Ибраһим аз-Заһид: «амалды зая кетірмейтін үш нәрсе бар; көп таңдана бермей істің Алладан болғанын білу, Алланың ризашылығына көбірек ұмтылып нәпсісін сындыру, істің жемісінен мақтан мен даңқ емес Алланың ризалығын күту. Осы үшеуі болса ісің жарасымды»,- депті.

Хамид әл-Лифаф: «Егер Алла бір кісінің жасаған жұмысы мен істеген ісін зая кетірем десе, оған ілім беріп, сосын іліміне сай әрекет еткізбейді, Салиқалы кісілерді оған жолдас етсе де, олардың жүрегінде ұшқын тапқан шындық шырағын көріп, ұғатын түсінік бермейді. Құрғақ құлшылығына есігін ашса да, оған ықыласты нәсіп етпейді.

Ауф ибн Абдаллах: «қайырлы істің иелері бір-біріне «кім ақиретіне амал етсе, Алла оның дүниедегі ісіне өзі жәрдемші болады, кім өзі мен Алла арасындағы қатынасын түзей алса, Алла оның өзімен және адамдар арасындағы қатынасын түзейді, кім ішін түзесе, Алла оның сыртын түзейді»,- деп бір-біріне хат жазысады»,- дейді.


Хадис- и шәриф:
«Намаз мейірімді Алланың тағаланың ризалығына жеткізеді. Перизат періштелердің сүйіспеншілігіне дәнекер болады. Намаз Алланың әмірі, пайғамбарлар сүннеті, мағрифат нұры, иманның негізі. Нұрлы намаз дұғалардың қабыл болуына себепші. Амалдар қабылданып, несібе-ризығына береке келтіреді. Намаз денені рахатқа бөлейді, дұшпандарға қарсы қару. Шайтанды қашырады және періште мен момын арасындағы шапағатшы, қабірде шырақ, көрде төсек. Мүңкір мен Нәңкірдің сұрағына жауап, қияметке дейін жолдас, қияметте намаз оқитындардың үстінде көлеңке, бастарында тәж, үстеріне киім, алдында жүретін жарық нұр. Адамдар арасында керілген бір перде, Раббы алдында мүміндердің құжаты, мизанда ауырлық, сиратта өткел, жаннаттың кілті. Өйткені намаз тәспіх, тахмит, тағзым, құран оқу және дұға ғибаттардың барлығын қамтиды. Уақытында оқылған намаз абзал амалдардың барлығын қамтиды».

Бес түрлі қараңғылық бар және бұларға қарсы бес түрлі жарық бар.
1. Дүние махаббаты бір қараңғылық, ал жарығы тақуалық.
2. Күнә бір қараңғылық, ал жарығы тәуба ету.
3. Қабір бір қараңғылық, ал жарығы «Лә иләһә иллә Алла, Мұхаммәду Расуль Алла» зікірінде үнемі болу.
4. Ахирет бір қараңғылық, ал жарығы салих амалдар (ізгі істер).
5. Сират көпірі бір қараңғылық, ал жарығы нық әрі күшті иман.
Осы жарықтардың ішіне кіре алған кісі мәңгі бақытты.

«Намазды қалай ләззат алып оқуға болады?»,- деп сұрапты. 1) Адал тамақ 2) Дәрет аларда ғафыл болмау; 3) Алғашқы тәкбірді аларда өзінің Алла алдында тұрғанын білу; 4) Намаздан кейін де Алласын мүлде ұмытпау (2,32 бақара сүресі, 32 аят).

Шақиқ-и Балқи былай деген екен: «бес нәрсені іздеп едік бес нәрсені таптық: ризықтың берекетін таң намазынан, қабірдің жарығын тәжжахут намазынан, Мүңкір мен Нәңкірдің сұрақтарының жауабын құран-кәрім оқудан, сират көпірінен оңай өтуді ораза тұту мен садақа беруден, аршынның көлеңкесін ел көрмейтін жерде жалғыз Алланы зікір етуден таптым».

 

«Мен мінез құлықты толықтау үшін жіберілдім»,- деген екен пайғамбар С.Ғ.С.
Хадис-и шәриф:
Сендер он екі мүшелеріңнің саулығы үшін садақа бересіңдер, әр бір тасбі бір садақа, әр бір мадақтау, әр бір тәхлил, әр бір тәкбір бір садақа, жақсылыққа бұйыру бір садақа, жамандықтан тыю бір садақа. Ал екі рәкғат таң намазын (духа) оқу осы садақа болған істердің бәрін қамтиды.

 

 

Пайғамбарымыз с.ғ.с Әбу Заррға «- Алыс сапарға шығатын болсаң дайындық жасар ма едің?»,- деп сұрады.
«- Иә, Алланың елшісі»,- деді.
«-Ал, ахирет күніне деген сапар қалай болады? Мені тыңда,махшар алаңы.нда пайдасы тиетін нәрселер айтайын ба?»,- деп сұрайды пайғамбарымыз.
«-Мархабат, иә Алланың елшісі, әке - шешем жолыңызға құрбан болсын»,- деді Әбу Зарр. Сонда пайғамбарымыз с.ғ.с «Қайта тірілу күні үшін күйіп тұрған ыстықта бір күн ораза тұт, қабірдегі жалғыздық үшін түн ортасында екі бас намаз оқы, қиямет күні болатын үлкен оқиғалар үшін бір рет қажылыққа бар және мұқтажға садақа бер, сөз сөйлегенде дұрысын айт және былапыт сөйлеуден тіліңді тый!»

Адамның жүрегін күйрететін төрт нәрседен сақ болыңдар:
1. Ақымақтармен сөз таластыру.
2. Жеңіл күнәлардың шамадан тыс көп болуы.
3. Бөтен әйелдермен үнемі қоян - қолтық араласу.
4. Көңілі соқыр, көкірегі тар адамдармен ұзақ мерзім бірге жүру.

Уаһһаб ибн Мунаббиһ «Адамдардың арасында жүргенде шайтанды лағнеттейсің, ал жалғыз қалғанда шайтанға мойныңды иіп, онымен дос боласың»,- дейді екен.

Хадис-и шариф
« Кімде - кім осы дүниеде діни білімін тереңдетіп, дүниеқоыңыздықтан арылып, тақуалығын арттырмаса, ол адам күннен - күнге Алладан алыстаған үстіне алыстай береді».

Сүр үрлену кезінде үш кезең болады: 1) күллі дүние үсіп, қатып қалады, 2) барлық нәрсе жойылады да тау - тас, төбе деген нәрсе қалмай, жер шары теп - тегіс болады, 3) «Тұрыңдар!» - деген Алладан бұйрық келіп, барлық тіршілік қайта түрегеледі.

Пайғамбарымыз с.ғ.с таң намазынан кейін сахабаларынан қандай түс көргендерін сұрайтын. Түс көргендері айтатын да, пайғамбарымыз с.ғ.с жорып отыратын . Бір күні Алланың расулы былай деді: «мен түс көрдім, түсімде екі кісі келіп, мені алып кетті де жаннат, тозақты және тозақтағы адамдарға істелетін түрлі азаптарды көрсетіп түсіндірді. Олардың біреуі басы таспен езіліп, азапталған адам еді, тастың қатты тиетіні соншалық тас секіріп түседі. Тас қайта алынып, қайта ұрылатын. Осылайша азап жалғаса беретін. Пайғамбарымыз с.ғ.с «- бұл не қылған адам?»,- деп сұрады, олар: «- бұл адам Құран кәрімді оқуды үйренгенімен кейін оны оқымай тастап кеткен және фарыз болған намазды оқымай ұйықтап жататын адам»,- деді.

Әулие Маулана Руми былай дейді: «Иман деген не? - деп ақылымнан сұрадым. Ақылым жүрегімнің құлағына еңкейіп « Иман әдептен тұрады»,- деп сыбырлады. Олай болса әдепсіз адам Алладан сый - құрмет көрмей өмірден мақұрым өтеді».

Соңғы кезде әлемдегі рухани құлдырауға қатты қайғырған Пәкістандық данышпан әулие Иқбал р. у . ғ. Былай деп зарлайды: «Қандай өкініш! Енді ғашықтық тебірену мен рухани шаттық қалған жок. Мұсылмандардың тамырларындағы қасиетті қан да құрыды. Мешіттерде оқылып жатқан намаздарға қараңдаршы. Қатарлар қисық, сәжделер құлықсыз, көңіл тынышсыз . Шабыт беретін иләһи толқын жоғалған».
«Әй, махаббат! Әй көңіліміздің терең мағынасы! Ей біз еккен тұқым! Ей біз орған өнім! Осы ахуалға бір қара; құрамы топырақ болған адамдар енді ескірді. Қазір біздің болашағымыздан басқа бөгде бір ұрпақ пайда болды!»

Мұсылманның кәпір сияқты, кәпірдің мұсылман сияқты өмір сүруі қоғамның дамуына игі ықпал етпейді. Өмірдің мәнін ашпайды. Сондықтан, Алла құзырында негізгі пайда тек қана бақыттылық ғасырындағы тебірену мен Алламен қауышыу арманы мен «Қалби Салим» (мінсіз таза жүрек ) күйінде мұсылман болып өмір сүру ғана пайда береді.

Бір күні мұсылмандар қаласында жұма намазы өтіп жатады. Имам минбарда тұрып қабірдегі жағдай туралы айтып жатады. Жиналған жамағат ішінде Хазірет шейх Шибли р.у.ғ. де бар еді. Уағызшы сөздің соңына қарай Алла тағала қабірде жатқан құлына қоятын сұрақтары туралы айта бастайды. «Біліміңді қалай пайдаландың? Мал-мүлкіңді қайда жұмсадың? Өміріңді қалай өткіздің? Ғибадаттарың түгел ме? Харам мен адалға бейқам қарамадың ба?»,-деп әңгімесін ұзақ айтты. Егжей-тегжейлі айтылғанымен мәселенің негізіне жетпегендіктен Шибли р.у.ғ. уағызшыға қарап «Тақсыр, кешіріңіз, сұрақтардың бәрі дұрыс, тек ең маңыздысын ұмыттыңыз. Алла тағала «Ей, құлым! Мен сенімен үнемі бірге едім, сен сонда кіммен едің?»,-деп сұрайды»-дейді.

«Хикая»
Ұлы әулие Хазірет Жүнейһ Бағдади бір топ адамның құмартқан түрде, жанталасып бір жаққа қарай жүгіргенін көреді де олардан сұрайды: «Қызығып, жан,таласып қайда бара жатырсыңдар?». Олар: «Пәлен жерге бір ғалым келген екен! Алла Тағаланың бар және бір екендігін мың бір дәлелмен түсіндіріп жатыр екен! Соның дәлелдері мен түсініктемелерін тыңдауға кетіп бара жатырмыз. Қаласаң сен де кел»,-дейді. Хазірет Жүнейһ те оларға күлімдеп: «-Көретін көздер, еститін құлақтар және сезетін жүректер үшін әлемде Аллаға деген сансыз куәлік белгілері, дәлелдері бар. Алла Тағаланың тіке өзі туралы қаншама куәлігі бар. Ей, жамағат! Осы халде де шүбәсі болған кісінің жолы болсын, барсын! Біздің көңілімізде күмәннің титтейі де жоқ».

Көкте қара және ақ тесіктер бар.
Алла Тағала ғылым жаңа ашқан бұл тесіктерге Құран-кәрімде ант етуде: «Жоқ!Жұлдыздардың орындарына ант етемін, білсеңдер бұл сөзсіз өте үлкен ант». Уақиға
75-76.

Ғылымда жақында ғана ашылған осы ақиқат қандай бір айбынды салтанат алдында екенімізді көрсетеді. Жұлдыздар туған жерді ақ тесік, өліп яғни, жоғалып кеткен жерді қара тесік деп атайды. Ақ тесіктерден кішкене бір нәрсе шығып, лезде кеңейіп, өз көлемінен триллиондаған есе артық үлкейіп, дәу бір жұлдыздар шоғырын пайда болдырады. Және дүниемізден бірталай есе үлкен қаншама дәу жұлдыздар уақыты келгенде қара тесіктердің ішіне кіріп өліп жатады.

Альберт Эйнштейннің мына баяндамасы да шындықтың бір көрінісі: «Әлемнің жаратушысы зар (игра в кости) ойнамайды. Жаратқандарынан ешбір нәрсе есепсіз және кездейсоқтықпен болмаған. Біз бұл дүниенің деңгейіне әрі үйлесімдігіне қайранбыз, әрине, аңғарғанымыздай ...Табиғатты зерттеген әркім дінді құрметтейді деп айта алам. Өйткен,і табиғатты зерттеген әркім жаңа бір нәрсені тапқан ғалым адам сияқты Алланың құдіретін ортаға (жарыққа) шығарған. Сондықтан, терең иманға ие болмаған нағыз білім адамы бар деп ойламаймын. Бұл жағдай былай баяндалса болады: дінсіз білімге сену мүмкін емес. Білімсіз дін соқыр, ал дінсіз білім ақсақ».

Әлемдегі бүкіл жаратылғандар: күн, көгал, шымдауыт, ағаштар, Алланы зікір ету халінде. Қатарымен ұшқан құстар, тұрған тау-тастар қалай болғаны біздерге беймәлім зікірмен Хаққа құлшылық етеді. Өсімдіктердің ғибадаты қиям (тік тұру) халінде, жансыз деп саналғандар да жерге жабысқан түрде яғни, сәжде күйінде. Аспандағылардың жағдайы да осылай. Періштелердің бір бөлігі қиямда, бір бөлігі зікір етуде. Алла Тағала мүміндерге миғраж ретінде сыйлаған намаз ғибадаты, осы ғибадаттардың барлығын қамтиды. Сондықтан шынайы намаз оқығандар жердегі және көктегібүкіл мақұлиқат істеп жатқан ғибадаттардың барлығын қамтитын бір ғибадат жасап, есепсіз сыйлар мен терең көріністерге жетеді.

Хадис-и Шәриф:
Алла расулы С.Ғ.С. сахабаларына: «Назар аударыңдар, менің сендер үшін тажалдан да көп қорыққан нәрсенің не болғанын айтайын ба?»- деп сұрады. Сахабалары: «-Мархабат, уа Расул Аллаһ»,- деді. Сонда Хазірет Пайғамбар С.Ғ.С. былай деді: «Мен қорыққан осы нәрсе, жасырын түрде Аллаға серік қосу. Мысалы, намазға тұрған адамды алайық. Бұл адам басқа адамдардың өзіне қарап тұрғанын сезгендіктен намазын асықпай тәртібімен оқиды».

Хадис-и Шәриф:
«Сендерге екі нәрсе қалдырамын. Бұларды мықты ұстасаңдар адаспайсыңдар.
Бірі Алланың кітабі Құран, екіншісі Пайғамбарының сүннеті...»


Хадис-и Шәриф:
Хұд соғысында киген сауытынан кім болғаны белгісіз бір кісі Пайғамбар С.Ғ.С.-ның алдынан шығып,-«Уа, Расул Аллаһ! Дереу соғысқа қатысып, одан кейін барып мұсылман болайын ба, немесе дереу мұсылман болып содан кейін соғысқа кірейін бе?»,-деп сұрайды. Аллаһ Расулы С.Ғ.С.: «Алдымен мұсылман бол, содан кейін соғыс!»,- деп бұйырады. Сауыт киген сол батыр толқыған көңілімен куәлік сөзін айтып, бірден соғысқа араласты. Көңілінде бүршік жарған таза иманнан қуат алған батыр табандылықпен шайқасаекды Ол ақыры шейіт болды. Оның шейіттік шербетін ішкенін көрген Пайғамбарымыз күлімсіреді де, кәлимә шәһәдәт сұлтандығына жеткен бұл сахабасы туралы: «Аз істеді, көп тапты!...»-деді.

Хадис-и Шариф:
«Дүниені діннен артық ұстаған бір кісі «Ләә иләәһә Иллалла » деген сайын Алла Тағала: «Сен осы сөздеріңде шынайы емессің!»,-дейді.

 


Хадис-и Шәриф:
«Аршыда Алланың нұрдан жасаған бағанасы бар. Құл: «.............» дегенде осы бағана қозғала бастайды. Алла Тағала оған: «Тыныштал!»-деп бұйырады. Бағана : «Кәлимә-и тәһидті айтқан құлың әлі ғафу етілмеді, қалай тынышталамын?»,-дейді.
Ұлылық иесі Алла: «Сөзсіз оны кешірдім»,-дейді де, бағана тынышталады.

Хадис-и Шәриф:
«.............» қауымы қабірлерінде әрі махшар күнінде мүшкілдік көріп алаңдамайды. Мен «................» қауымының бастарындағы шаңды сілкілеп, қабірлерінен тұрғандарын көріп және «Бізден қайғыны алып тастаған Аллаға хамд (мадақ) болсын»,-деп айтып жатқандарын естіп тұрған сияқтымын. 35:34 - арабша -.

Хадис-и Шәриф:
«.............» сөзі Алла алдында өте бағалы, қымбат сөз. Алла алдындағы орыны өте ұлы. Кімде-кім нақ ықыласпен және бәріліп оны айтса Алла соны жәннатқа кіргізеді. Кім оны сенбей жәй ауызбен ғана айтатын болса жаны, малы қорғалады. Бірақ ертең Алламен қауышқанда есебі де көріледі.

Хадис-и Шәриф:
«Арттарыңнан келгендерді сүйіншілеңдер! Сүйіншілеңдер! Кімде-кім жан-тәнімен шын беріліп «............» десе жәннатқа барады».
«..............» деген кісінің жүрегі тек Алланың нұрымен толғанға дейін көңілін тәңірлерден яғни өзін ғапылдыққа апаратын жақсы не жаман бейімшілдіктерден алыстауы қажет. Сонда ғана әлемдегі иләһи тәртіп, сырлар, хикмет және құдірет ағыстарын жүрек сезе бастайды. Раббысының ұлылығын және өзінің бір еш (ем) екендігін түсінеді.

Хадис- и шариф.
« Зікірдің ең абзалы "Лә иләһә илла Аллаһ" ал, дұғалардың ең абзалы "Әлхамду лилләһ"- деп айту».
« Алла сөзсіз қиямер күнінде бір адамды ортаға шығарады, содан кейін әркімнің көз алдында көз көре алмайтындай үлкендікте тоқсан тоғыз іс қағазы ашылады да, Алла сол құлынан былай сұрайды: «- Осылардан сен қабылдамайтын бір нәрсе бар ма? Жазушы және қорғаушы періштелерім саған хақсыздық жасады ма?»
«- Жоқ, иә Раббым!».
Алла Тағала: «- Алдымызда сенің сауабың бар. Бүгін саған ешқандай зұлымдық жасалынбайды, ақың желінбейді»,- дейді және оған ішінде «әшһәду ән лә иләһә илла Алла уә әшһәду әннә Мухаммадан адуһу уа рас улуһу» деген жазуы бар бір қағаз беріледі де «- Қанекей, мизанға дайындал!» - дейді.
«- Иә Раббым! Осындай көп қағаздардың қасында бұл қағаз неге жарайды?»,-деп айтады. Бірақ оған: «- Сенің бүгін ақың желінбейді» -делінеді. Тараздың бір жағына амал дәптері, екінші жағына куәлік сөзі жазылған қағазы қойылады. Әлгі қағаз кітаптардан ауыр тартады. Өйткені Алланың есімін ешбір нәрсе ауыр тарта алмайды.

Кәлима Тәуһидтің жүректен орын табуы үшін мына бес ережені орындау қажет.
1. Жүректің Құдаймен бірге болуы.
2. Пайғамбарға көңілдегі махаббаттың көбеюі, мұның нәтижесі: сүюге тұратын нәрселерді сүю, жек көруге тұратын нәрселерді жек көру.
3. Тақуа, дана кісілерді жақсы көріп, олрадың ғибадаттары мен іс әрекеттерін үлгі етіп, өз өміріне орналастыру.
4. Жаратушыдан сұрап, жаратылғандарға қамқорлықпен, мейірімділікпен мәміле жасау.
5. Алла Тағала құлдарына, әсіресе «Рахман» және «Рахим» есімдерін, яғни, шексіз кешірімді болуды үгіттеу.

Хикаялар:

Хазіретті Пайғамбар Мұхаммад С.Ғ.С. -нің мінез-құлқын өзіне қалыптастырмаған бір кісі түсінде әлемнің мырзасын көреді. Әлемнің мырзасы оған қарамайды, мүлдем ілтипат көрсетпейді. Ол мұңайып: «Я, Алланың елшісі, Сіз маған ренжідіңіз бе?»,-дейді.
- Жоқ!
- Олай болса, менімен неге сөйлеспейсіз?
- Мен сені танымаймын ғой.
- Бұл қалай, мен сіздің үмметіңіздің біреуімін ғой? Ғалымдар сізді өз үмметінің кез-келгенін анасының баласын танығандай таниды деп уағыздаушы еді ғой.
- Дұрыс! Бірақ, мен сенен көркем мінез-құлық көре алмадым, әрі маған ешқашан салауат айтқан емессің. Мен үмметімнің әрбіреуін, менің мінез-құлқымды қаншалықты бойына сіңірсе сол мөлшерде танитынымды біл.
Ұйқысынан ауыр оянған әлгі мүмін тәубә етеді де пайғамбарымыздың көркем мінез-құлқын өз бойында қалыптастырып, көбірек салауат айта бастайды. Біраз уақыт өткен соң түсінде пайғамбарымыз С.Ғ.С.-ды қайта көреді. Бұл жолы пайғамбарымыз С.Ғ.С. оған қарап,- «Енді сені танып отырмын, саған шапағат ететін боламын»,-деп тіл қатады.
Бір күні пайғамбарымыз С.Ғ.С. құтпада «Кім де кім «Лә иләһә иллалланы» шынайы түрде айтып, шым-шытырық нәрселерді қоспаса сол құлға жәннат уәжіп болады»,- деді. Сонда Әли Р.А.Т.Ғ. «Я, Расуль Алла, шым-шытырық нәрселерді қоспау деген не?»,- деп сұрады. Бұған Алланың елшісі «Дүниеге деген махаббат, оған қызығып артынан еру»,-деді.

Алланың досы Мәуләнәй Руми былай дейді,- «Алланың жаратқан құлы тағдыр мен қазаға толық мойын ұсынса, оның алатын сыйы Алланың ризашылы болмақ. Ал, Алла ризалығын тапқан кезде тағдыр мен қаза халуа тәрізді тәтті болып, жүздері жұмсарып, күлімдейді».

Хадис- и шариф.
Тек екі кісіге ғана қызығып қарауға болады:
1. Алла дәулет беріп, сол дәулетін дін жолында жұмсау дәрежесіне жеткен кісі
2. Алла білім беріп, сол білімін жүзеге асырып, өзгелерді үйреткен кісі

Хадис- и шариф.
Әр таң атып келе жатқан мезгілде екі періште жерге түседі, бұлардың біреуі:
- Я, Алла, мал-мүлкін Хақ жолында жұмсағанға берген малыңның жаңасын хәм берекелісін бере гөр!,- деп дұға етеді.
Екіншісі:
- Я, Алла, сараңдық жасап, мал-мүлкін жеке басына жұмсағанның байлық-берекесін қашыра гөр!,-деп дұға етеді.

Бір күні бір қайыршы Хазіреті Али Р.Ғ.Т.Ғ.-ден қайыр сұрап келеді. Хазіреті Али Р.Ғ.Т.Ғ. ұлдары Хасан мен Хусейнге: «Шешелеріңе барып үйдегі алты дирхемді алып келіңдер!»,-дейді. Баладары барып алты дирхемді алып келеді. Хазіреті Али Р.Ғ.Т.Ғ. оны әлгі қайыршыларға береді. Алайда сол күні Хазіреті Фатима сол ақшаға ұн алғалы отыр еді. Басқа ақша жоқ болатын.
Али Р.Ғ.Т.Ғ. үйіне келе жатқанда қасына түйесін сататын бір адам кезігіп, ақшасын кейін бересің деп, 140 дирхемге келісіп, түйесін есік алдына байлап кетеді. Арада көп уақыт өтпей бір адам сол түйені 200 дирхемге сұрап келіп, ақшасын қолма - қол төлеп, сатып алады. Хазіреті Али Р.Ғ.Т.Ғ. түйенің бұрынғы иесіне қарызын төлеп, қалған 60 дирхемді Фатимаға беріп, былай дейді: «Бұл Алланың: «Әркім бір жақсылық істесе, сол жақсылығының он есе қайтарымы бар»,- (Әнғам: 160) деп айтып Хазіреті Пайғамбар С.Ғ.С. арқылы бізге берген уәдесі. Біз сол алты-ақ дирхем бердік. Алла оны он есе артығымен берді!».

Қожа Ахмет Яссауй Р.У.Ғ.-тің айтуынша діннің қанат жайып, көгеруі үшін мына төрт шарт орындалуы тиіс:
1. Мекен (кеңістік)
2. Заман (уақыт)
3. Ихуан (бауырмалдық)
4. Рабти Сұлтан (мемлекет басшысына адал берілу)

1. Салихтардың ойы бөлінбеуі үшін, зікірмен, құлшылықпен айналысу үшін (кеңістік) ең алдымен ыңғайлы мекен, отан болуы керек.
2. Шәкірттер арасында және мемлекетте жұмыссыздық, соғыс т.б. келеңсіз оқиғалар болмауы керек.
3. Барлық жамағат, яғни, жүректері тек ізгілікке ұмтылған достары, діни серіктері болуы керек.
4. Мемлекет басшысына (Президентке) берік, адал, шын бағынулары керек.

Хадис- и шариф.
Құл ауырған кезде Алла Тағала оған екі періште жібереді де «Барып қараңдар, құлым қандай көңіл-күйде және не айтып жатыр, соны тыңдаңдар!»,-деп бұйырады. Егер ауырған құлы періштелер келген сәтте Алланы зікір етіп, таспих айтып жатса, осыны көріп, біліп тұрған Аллаға куә болып жеткереді. Алла Тағала «Егер құлымның жанын осы ауырудан алатын болсам, онда оны сөзсіз жәннатқа кіргізуім керек, ал, егер осы ауыруына шипа берсем, онда бүкіл қылмыс-күнәларын кешіп, денсаулығын бұрынғыдан да мықты етіп жасап беруім керек»,-деп айтады.

Хикая:
Араларында салиқалы бір адамы болған араб тайпасы бар еді. Күллі ауыл сол кісінің үгіт насихатын тыңдап, ақыл кеңесін алып отыратын. Бір күні түн ортасында ауылдың бүкіл итттері қырылып қалады. Ауыл адамдары жиылып, дана кісіге барып, бұл істің мән-жайын сұрайды. Дана ойланып отырып, тәуекелді түрде «Олардың өлімі біз үшін қайырлы болуы мүмкін!» ,-деп жауап береді. Келесі күні түнде ауылдың бүкіл әтештері қырылып қалады. Ауыл тұрғындары әлгі кісіге тағы да келеді. Дана бұрынғыша «Олардың өлімі бізді бір бәледен құтқаруы мүмкін»,- деп жауап береді. Адамдар былай деп сұрайды «Тақсыр, иттер қарауылымыз, ал, әтештер азаншыларымыз сияқты еді. Бұлардың өлуінен біз үшін қандай қайыр болуы мүмкін?».
Дана «Бүкіл сырды және құпияларды білетін тек жаратушы Жан Алла, әлбетте, Ол Алла осы оқиғаның ішіне біздің ақылымыз жетпейтін үлкен бір ақиқат кіргізіп қойған»,-дейді. Келесі күні түнде ауылда бірде-бір үйдің оты жанбай қалады. Бәрі «Бір бәле келіп қалды ма?»,-деп қорқа бастады. Ертеңіне таң атқанда жұмбақ оқиғалардың ақиқаты мәлім болды. Сол түні жан-жаққа жау шауып, барлық ауылды тонап кеткен екен. Қарақшылар осы ауылдың жанына дейін келіп, не иттің үргенін, не әтештің шақырғанын ести алмай және бірде-бір оттың жарығын көрмей, қасындағы ауылды байқамай, өтіп кеткен екен. Осылайша, әлгі дана-әулиенің шарапатынан ел-жұрты аман қалған екен.

Әбу Әли Жүзжани былай деп айтқан: «Керемет іздеме, сенің нәпсің кереметке құмар, ал, Жаратушы Иең сенен туралықты талап етеді».

Дамолла Ақмырза ишан айтады: «Әулиенің кереметіне сену иманымыздың бір бұтағы».

Кімде-кім дана-әулие кісінің қоғамдағы қызметі мен діндегі еткен еңбегіне қарамай одан керемет көрсетуін талап етсе ондай адамның жүрегіне ешқашан иман ұяламайды.

Халиф Омар Р.А.Т.Ғ. былай деп дұға қылады екен: «Ей, Жаратушы Хақ, егер менің атымды сормаңдай пенделеріңнің қатарында етіп жазған болсаң, онда оны өзіңнің кеңшілігіңмен, мейірім-шапағатыңмен бақытты, сүйікті пенделеріңнің тізіміне, дәптеріне көшіре гөр».

Фикх Әкбар кітабының шархында (түсіндірмесінде) былай жазады: «Имам Әбу Жүсіптен мынадай рауаят келтірілген «Біз имам Әбу Ханифаның алдында отырғанбыз, бір топ жамағат екі кісіні ұстап алып келді. Олар:
- мына екеуінің біреуі Құранды «махлуқ» дейді, ал, екіншісі оған қарсы дау айтып жатыр.
- Екеуіне де ұйып намаз оқымаңдар - деді Имам.
«Алғашқысы мақұл, оған ұю дұрыс емес, ал, екнішісіне неге ұйюға
болмайды?».-деп сұрады жамағат.
- Олар дінде таласып, дау туғызып жатыр, біздің дінімізде дау туғызып, сөз таластыру бидғат (жаңадан енген нәрсе) болып табылады- деп жауап берді Имам.

Пайғамбарлар мен мүміндердің және кәпірлердің ақыл-саналары ешқашан тең болмайды. Пайғамбарларда болатын ақыл-сана кәпірлерде болмайды деп ұғу керек. Кімде-кім «Барлық адам баласының ақыл-саналары бірдей. Кәпір мен мұсылманның ақыл-санасы тең»,-десе ол бидғатшы.
1. Табиғи сана: бұл ақыл барлық адамда бірдей. Кәпірлер де өздерін жаратқан бір иенің барлығын біледі.
2. Кәсіби сана: кімде-кім ғұламалар мен данышпан кісілердің мәжілістерінде көп отырса, олардың әңгімесін көп тыңдаса және осы істеріне қаншалықты мән берсе соншалықты ақылы да арта түседі.
3. Сыйлыққа біткен ақыл: кәпірлер бұл ақылдан үлессіз, олар Ұлы Құдіретті мойындамай несібесіз қалады. Ал, мұсылмандар мен Пайғамбарларға бұл ақыл тең беріледі. Егер бұлай болмаса, Алла Тағала Құранда Пайғамбарлары мен қарапайым мұсылмандарға бірдей сөйлемес еді.
4. Пайғамбарлық ақыл: бұл ақылды жай мұсылмандарға нәсіп етпеген, өйткені, ол Пайғамбарларға ғана тән нәрсе.
5. Құрметке біткен ақыл: бұл мүбәрәк, күллі Пайғамбарлардың тәжі, екі дүниенің сардары, Алланың хабибісі Мұхаммед С.Ғ.С.-ға Жаббар Иеміз құрметпен берген ақыл.

Ибн Мүнаббих айтқан: «Мен тоқсан бір кітап оқыдым, бәрінде де егер бүкіл адам баласының ақыл, ой-санасы жиналса екінші жақтан Мұхаммед С.Ғ.С.-ға берілген ақыл қойылса, өзге мақұлықтардың ақылы ол кісіге біткен ақылдың алдында сахараның құмдарының ішіндегі бір түйір құмдай болар еді-ау!»
.
Хақ Тағала ақылды мың етіп жаратып, оның бір бөлігін жалпы жұмыр бас пенделеріне өз қалауынша үлестіріп берген, ал, қалған 999-ын өз ұлы хикметімен (даналығымен) Мұхаммед С.Ғ.С.-ға сыйлады.

Хадис- и шариф.
Бір кісі Пайғамбарымыз С.Ғ.С.-нан. «Біреуге садақа беру- бардың шаруасы, жоқ несін береді?»,-деп сұрапты. Пайғамбарымыз: «Малмен көмек бер, оған шамсаң келмесе көмектесіп, шаруасын жасасаң да садақа, оған шамаң жетпесе ақыл кеңесіңмен көмек бер, ал оны да жасай алмасаң біреуге жамандық етпе, сол да сені садақа бергендей сауапқа жаздыратын амал»,-депті.

Кейде кәсіп ету парыз болады. Кәсіпті ауыстыруға рұқсат бар, ал оны керек етпеу бидғат. Кім кәсіпке жат болса онда ол «қирами» болып шығады. Ал ризықты кәсіппен келді деп түсінсе, ол діннен шығады. Кәсіп сенім мен тәуекелден төмен тұруы қажет. Кәсіп ризыққа ештеңе қоспайды, кәсіп етпеген адамға ризық келмейді де. Себебі Хақ Тағала күнәһарлардың қылмыстары үшін ризығын бермей қойып жатқан жоқ, сондай-ақ мүмін пендеге игі іс қылды деп несібесін молайтып та жатқан жоқ.

Кімде-кім Алла Тағаланы сүйемін десе, төрт жолман растауы мүмкін:
1. Жаратушының хақысында кемшілікке жол бермеу.
2. Жаратушының тиымдарына кемшілік жасамау.
3. Жаратушының барлық үкімдеріне разы болуы.
4. Хақ Тағаланың барлық халықтарға Жаббар Иенің рахметін сұрап, дұғада жүру.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: